афиша

Ректор

ЖҮДЕБАЕВ АРМАН ӘДІЛХАНҰЛЫ

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ

ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ: + 7 (727) 261 76 40

Ректорға жазыңыздар


Сұрақтар - жауаптар
  • Жолмырза Бақнұр
    3 сәуір 2019

    Сұрақ:

    Мен консерваторияның арт-менеджмент мамандығының 4 курс студентімін. 
    Оқуымды аяқтаған соң магистратурада жалғастырсам деймін, бірақ өкінішке 
    орай бірнеше жылдар бойы консерваторияда магистратура ашылмай тұр. Қашан 
    ашылады?

    Жауап:

    Жаңа 2019-2020 оқу жылында консерватория «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде магистрлер дайындауға жоспар жасау үстінде. Осы мәселе бойынша анағұрлым толық әрі нақты мәліметті аталған мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру лицензиясына қосымша алу жұмыстарын аяқтағаннан кейін, 2019 жылғы мамыр айының екінші жартысында ала аласыздар.

  • Мурзагулова Гульназ
    14 наурыз 2019

    Сұрақ:

    Дайындалу үшін кабинеттер жетіспеуіне байланысты, сабағымыз нашарлап, оқу үлгерімімізге әсер етіп жатыр. Осы мәселені қолға алуыңызды сұраймын.

    Жауап:

    Құрметті студенттер! «А» корпусының үшінші этажында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, осындай проблемалар туындап отыр. Болашақта жөндеу жұмыстары бітсе, бұл проблемалар шешімін табады.

  • Арқашев Жандос
    11 наурыз 2019

    Сұрақ:

    Ақылы бөлімінен мемлекеттік грантқа ауысу талаптары қандай?

    Жауап:

    Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру грантын беру төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
    - ақылы негізде білім алушылар деканатқа университет Басқармасы төрағасының атына білім беру гранты бойынша әрі қарай оқытуға өтініш, барлық оқу кезеңінің транскрипті мен жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін береді;
    - деканаттар қысқы және жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша офис-тіркеушіге студенттердің білім беру грантына ие болу куәлігі, оқудан шығарылған немесе қайтадан оқу курсына қалғанын ұсынады. Сондай-ақ, конкурстық негізде бар бос орындарға үміткер ақылы түрде білім алып жатқан студенттердің құжатын ұсынады: университет Басқармасы төрағасының атына өтініш, жеке басының куәлігі мен әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттар (жетім, мүгедек (ата-аналары мүгедек), көп балалы, толық емес және аз қамтылған отбасы студенттері үшін) көшірмесі, факультет кеңесі шешімінің көшірмесі;
    - офис-тіркеуші бос білім беру грантын ауыстыру конкурсына қатысқан студенттердің барлық оқу кезеңіне оқу үлгерімінің орташа балы көрсетілген транскриптін жасайды. Студенттердің транскриптіне офис-тіркеуші, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры мен Консерваторияның ректоры қол қояды;
    - офис-тіркеуші оқу үдерісінде босаған білім беру грантына ие болуға үміткерлердің толық құжат бумасын соңғы шешім шығару үшін университеттің ғылыми кеңесіне ұсынады;
    - офис-тіркеуші ағымдағы жылдың 15 қаңтары мен 5 тамызына дейін оқу үдерісінде босаған бос білім беру грантын алуға қатысатын үміткерлер құжаттарын университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бірге ҚР БҒМ жібереді.