афиша

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына «Эразмус+» Еуропалық бағдарламасы аясында Испанияның Виго қаласындағы консерваторияның директоры Эстебан Вальварде Корралес және Хосе Льюис Фернандес Родригез келді.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына «Эразмус+» Еуропалық Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Испанияның Виго қаласындағы консерваторияның директоры Эстебан Вальварде Корралес және Хосе Льюис Фернандес Родригез келді. Қонақтарымыз консерваторияның оқу жүйесімен танысып, студенттерге шеберлік - сыныптарын өткізді. Виго консерваториясының сонымен қатар консерватория ректоры Арман Жүдебаевпен кездесіп, Испаниядағы консерватория мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ынтымақтасты нығайту мәселелері туралы талқылады.