Серіктес ұжымдар

Халықаралық Консерватория Ассоциацияларында консерватория мүшелігіне қатты көңіл бөлінуі, 
өзара қарым-қатынасқа, тәжірибе алмасуға, студенттер мен оқытушыларға шеберлік сабақтарын 
өткізуге мүмкіндік алуға, музыкалық аспаптарды сатып алуға ұсыныстар және музыкалық аспаптарға 
арналған гранттар алуға ұсыныстар, сонымен қатар, студенттер мен мұғалімдерді алмасу тұрғысында 
мүмкіндіктердің жоғары болуымен тікелей байланысты. Оқытушыларға арналған тәжірибе, студенттерге 
мастер-кластар, байқауларға және фестивальдерге қатысу, білім гранттарына қол жеткізуге ықпал ету, 
көлік гранты және стипендия, музыкалық мұраны сақтау және насихаттау бойынша жобаларға қатысу 
мүмкіндігі және т.б. бюджеттік қаржыландырудың арқасында, сондай-ақ халықаралық орталықтармен 
және басқа да ұйымдармен ынтымақтастық барысында мүмкін болмақ.  
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының көрнекті қайраткерлері мен оқытушылары 
түрлі қауымдастықтардың мүшелері болып табылады:
 
*    Еуропалық консерваториялар мен жоғары музыкалық мектептер қауымдастығы (1998 ж.);
*    «Түркі халықтарының музыкасы» халықаралық ассоциациясы;
*    Дәстүрлі музыка бойынша халықаралық кеңес (ICTM);
*    Этномузыкология бойынша Еуропалық семинар (ESEM);
*    Психология және музыканы қабылдау жөніндегі Еуропалық кеңес (ESCOM);
Серіктес-халықаралық ұйымдар
Серіктес-шетелдік жоғары оқу орындары

Международные организации-партнеры
Зарубежные вузы-партнеры