афиша

Вокалдық өнер

«Вокалдық өнер» мамандығы бойынша» Қазақ КСР Халық әртісі М. Мұсабаевты еске алуға арналған ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың

ЕРЕЖЕСІ

 

Өткізу күні: 15-17 сәуір 2019 жыл

Өтетін орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Вокалдық өнер» кафедрасы

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.

Мақсаты: болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін дамыту, студенттердің оқу-танымдық жүйесін және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру, неғұрлым ерекше талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, сондай-ақ Отандық музыкалық мәдениет пен орындаушылық өнердің үздік дәстүрлерін сақтау және Қазақстан Республикасының музыкалық-педагогикалық мектептерінің алдағы ынтымақтастығы.

Олимпиада шарттары: олимпиада лауреаттары, халықаралық конкурстардың лауреаттары және 1 курс студенттері олимпиадаға қатыспайды. Барлық шығармалар түпнұсқа тілінде, операдан ариялар түпнұсқалық үндестілігімен орындалады. Көне ариялар, романстар мен халық әндері транспортта орындалуы мүмкін. Көлік, іссапар, тұрғын үй шығындары жіберуші тараптың есебінен жүргізіледі.

     

Қазақ КСР Халық әртісі М. Мұсабаевты еске алуға арналған олимпиада қатысушылары

 

       ЖОО арасындағы Республикалық олимпиадаға келесі музыкалық мекемелердің студенттері қатыса алады:

     •   Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Алматы қаласы;

·         Қазақ ұлттық өнер университеті, Астана қаласы;

·         Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қаласы;

·         5В040500 шифры бар «Вокалдық өнер» мамандығы бар басқа да ЖОО.

                                    

   

Бағдарлама

«Опералық ән» номинациясы

Бірінші тур 

1. Оратория, месса, опералардан ария (16-18 ғғ.)

2. М. Мұсабаев қатысқан (тізім көрсетілген) Қазақстанның компизоторларының операсынан кез келген дауысқа ария немесе ариозо

(сопрано, меццо сопрано, тенор, баритон, бас)

3. Батыс Еуропа композиторларының романсы .

                                                 

Екінші тур

1. Орыс немесе Батыс еуропа композиторларының операларынан ария.

2. Орыс композиторларының (П. И. Чайковский немесе Г. Свиридов)

     романсы

3. Қазақстан композиторларының (А.Жұбанов, М.Төлебаев, Л.Хамиди,        Н.Тілендиев, Е.Брусиловский, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев, К.Мусин,                 К. Қожамьяров, С.Мұхаммеджанов және тағы басқалары ) романсы

4. Халық әні

    

Қазақстан композиторлары операларының тізімі:

                       

1.     Е. Брусиловский «Ер Тарғын»

2.     Е. Брусиловский, М. Төлебаев «Амангелді»

3.     А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай»

4.     К. Қожамьяров «Назугум»

5.     Е.Рахмадиев «Алпамыс»

6.     Е. Рахмадиев «Қамар Сұлу»

7.     М.Төлебаев «Біржан Сара»

8.     Ғ. Жұбанова «Двадцать восемь»

   

«Концерттік-камералық ән» номинациясы

Бірінші тур

 

1. Оратория, месса, опералардан ария (16-18 ғғ.)

2. Орыс композиторларының романсы (П. И. Чайковский немесе                           Г. Свиридов)

3. Қазақстандық композиторларының ән-шығармалары (Н.Тілендиев, Ш. Қалдаяқов, композитор К. Дүйсекеев, А. Молдагаинов,         А. Есбаев, Е. Хасанғалиев, І. Жақанов, т. б.)

 

Екінші тур

1. Шетелдік, орыс, қазақстандық композиторлар циклі немесе бір опуспен біріктірілген романстар қатары.

2. Қазақтың халық әні.

    

Бағалау критерийлері:

 

Негізгі вокалдық-техникалық дағдыларды (дыбысталу күші, тембр, интонация тазалығы) және орындаушылық шеберлікті (музыкалық, стиль сезімі, кантилена – әуенді әндете, жүйелі айту) меңгеруі.

 

Олимпиадаға қатысу үшін құжаттар жиынтығы:

 

1.     Жеке куәліктің көшірмесі (екі жағынан)

2.     Оқу орнынан анықтама

3.     Өмірбаян

4.     Электрондық түрдегі фотосурет

5.     Орындалатын бағдарлама нақты көрсетілген толтырылған өтінім парағы (міндетті түрде Microsoft Word форматында)

 

 

Барлық қатысушыларда өзімен бірге Халық банкінің карточкалары болуы тиіс!!!

 

Құжаттарды 2019 жылғы 20 наурызға дейін (қоса алғанда) e-mail-ге жіберу қажет: vocalsofa@mail.ru

 

Үйлестіруші: Благодарная Софияна Хакимовна – кафедра оқытушысы

Байланыс телефоны: 8-777-351-82-88


Өтініш толтыру