афиша

Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатқан XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының алғашқы күні «6B02104 – Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша басталып, алғашқы жеңімпаздардың есімі белгілі болды.

 

«Фольклорлық аспаптар» номинациясы бойынша келесі студенттер марапатталды:

I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ ЖАЙЛАУҚЫЗЫ ГҮЛФАЙРУЗ

II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ УАТХАН ЖҰМАҒАЛИ, АЙТУАРОВА НҰРАЙ

III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН ИЕГЕРЛЕРІ ҚАБЫШЕВА ЖАНСАЯ, МАХШАРХАН ЛӘЙЛӘ, КЕНЖЕҒАЗИЕВА АЯУЛЫМ

«Фольклорлық аспаптар» номинациясы бойынша қазылар алқасына Құрманғазы атындағы ҚҰК-сы, «Халық музыкасы» факультеті, «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» - Далбағай Гүлфайрус Есімханқызы төрағалық етті.








«ДОМБЫРА» номинация бойынша келесі студенттер марапатталды:

I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ - ӘЛІМЖАНОВА ТҰРСЫНЗАДА

II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - БАЗАРБАЕВА НАЗЕРКЕ,ТҰРСЫНБЕК ІЛИЯС

III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - БАЛҒАБАЕВ ЕРСҰЛТАН,БЕКЕНОВА ӘНЕЛ,МИЯНОВА ЖАДЫРА 

«Домбыра» номинация бойынша қазылар алқасына Құрманғазы атындағы ҚҰК, «Халық музыкасы» факультеті, домбыра кафедрасының профессоры, ҚР еңбек сіңірген әртісі - Үлкенбаева Айгүл Нариманқызы төрағалық етті.









5В040400 – «ХАЛЫҚ ӘНІ» номинациясы бойынша келесі студенттер марапатталды. 

I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ - Ерсейіт Әлиев

II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - Айбек Қабыланбек және Есбол Қуанбек 

III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - Бек Нұриддин, Диана Көшербаева, Нұрәлі Есхат. Лауреат атанған жас талапкерлер өздерінің әншілік, жыршылық қырларын жақсы көрсете білді. 

«ХАЛЫҚ ӘНІ» номинациясы бойынша қазылар алқасына Құрманғазы атындағы ҚҰК-сы, «Халық әні» кафедрасының доценты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Исатаева Ардақ Бекмұратқызы төрағалық етті.






Айта кетейік, өнер мен білім додасы консерватория қабырғасында 18-сәуірге дейін жалғасады.