афиша

«АРТ-МЕНЕДЖМЕНТ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ХІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЕРЕЖЕЛЕРІ

Өткізілу мерзімі: 2019 жылдың 08-09 сәуір күндері

Өткізілу орны: РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы»

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы».

Мақсаты: ҚР-ның жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін Студенттік Олимпиада «ҚР-дағы жастар жылы» аясында болашақ мамандардың кәсібилілік қабілеттерін дамыту, студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеушілік қызметтерін ынталандыру, дарынды да талапты студенттерді таңдау мен қолдау, отандық мәдениет пен өнер дәстүрлерін сақтау, Қазақстан Республикасының музыкалық-педагогикалық мектептері арасындағы болашақтағы ынтымақтасықты орнату мақсаттарында ұйымдастырылады.

Қатысу талаптары: Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың ережелері талаптарына сәйкес қатысушы келесі құжаттарды жіберуі тиіс (e-mail арқылы сканерленген құжаттарды жіберу қажет; құжаттардың түпнұсқаларын өзімен бірге алып келуі тиіс):

·         Өтінім;

·         Олимпиаданың бірінші кезеңі қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне студентті жіберу туралы ЖОО-ның Ғылыми кеңесі хаттамасынан үзінді;

·         Жеке куәлік көшірмесі (екі жақтан);

·         3*4 фото (электронды нұсқасы);

·         Жобаның нақты тақырыбы көрсетілген толтырылған өтінім парағы (міндетті түрде Microsoft Word форматында).

2019 жылдың 10 наурыз күнінен кешіктірілген өтінімдер немесе құжаттарды алдын ала жібермеген қатысушылар тізімі қарастырылмайды.

Басқа қалалардан келген қатысушылардың тұрғылықты жер мен тамақтану бойынша шығындары қатысушыларды іссапарға жіберуші ЖОО есебінен өтеледі.

 

 

ӨТКІЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ:

1-ші кезең (ЖОО ішінде іріктеу кезеңі) – ЖОО базасында өткізіледі.

2-ші кезең (ҚР ЖОО аралығында) – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының базасында өткізіледі.

 

Олимпиаданың ІІ-ші кезеңін (ЖОО аралығында) өткізу тәртібі:

1.    Өнер саласындағы жобаның презентациясы;

2.    Пікірталастық клуб.

 

 

 Өнер саласындағы жобаның презентациясы.

Жобаның болжалды тақырыптары:

-     Өнер саласында жобаларды ұйымдастыру (концерттер, фестивальдер, байқаулар, көрмелер, вернисаждар, т.б.).

-     Өнер топтары немесе орындаушыны таныстыру жобасы.

-     Шығармашылық ұжымның немесе орындаушының гастрольдік турын ұйымдастыру.

-     Арт-индустрия саласындағы ерікті тақырып.

 

Жоба презентациясының талаптары:

-     Жоба студенттердің бизнес-жоспарлармен, жобалық дереккөздермен жұмыс істеу қабілетін және автордың шығармашылық іс-шараларды жобалау бойынша көзқарасын көрсетуі тиіс. Жобаны дайындау кезінде Қазақстанның мәдениет және кәсіпкерлік салаларындағы болып жатқан өзгерістерді ескеру қажет (жобаның формасы қоса тіркелген);

-     Жобаның презентациясы Microsoft Office Power Point бағдарламасында жасалуы тиіс;

-     Презентация ұзақтығы 7-10 минуттан аспауы тиіс.

 

Олимпиада қатысушыларын бағалау критерийлері:

Жоба презентациясы (жалпы бағаның 70%):

1.    Тақырыптың арт-бизнес мәселелеріне сәйкестігі.

2.    Презентацияның негізгі ойларын айқындау (мазмұны және әлеуетті демеушілердің қызығушылығының артуы).

3.    Жоба материалының, презентацияның бірегейлігі.

4.    Жобаның дәлелді зерттеулермен және оңтайлы есептермен негізделуі.

5.    Менеджмент модельдерінің оңтайлы пайдаланылуы (минимум бір модель).

6.    Презентацияның дизайны.

7.    Материалды баяндаудың сауаттылығы, сөйлеу стилі.

 

 

 Пікірталастық клуб.

Пікірталастық клубта студент арт-менеджердің когнитивті, функционалды, жекелік, этикалық құзыреттіліктерін көрсетуі тиіс.

Жалпы баға – 100 балл.

 

Олимпиада қатысушылары:

Республикалық олимпиадаға төмендегі музыкалық мекемелердің “Арт-менеджмент” мамандығының 1-4 курс студенттері қатыса алады:

1.    Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Алматы қ.)

2.    Қазақ ұлттық өнер академиясы (Астана қ.)

3.    Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы қ.)

4.    Қазақ ұлттық хореография академиясы (Астана қ.)

5.    Қзақстан Республикасы ЖОО-ның музыкалық факультеттері.

 

Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың өткен жылдардағы І орын лауреаттары олимпиадаға қатыса алмайды.

 

Жүлделі орын алған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағына ие болады және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі атынан Қазақстан Республикасы білім министрінің қолтаңбасы қойылған І, ІІ, ІІІ деңгейлі дипломдармен марапатталады.

 

Әділқазылар алқасының қорытынды шешімі қайта қарастырылмайды.


ХІ Республикалық пәндік студенттік олимпиада - 2019

КЕСТЕСІ


Күні /Дата

Уақыты/ Время

Іс-шара/Мероприятие

Өту орны/ Место проведения

Мамандық / Специальность «5В042300 – Арт-менеджмент»

8 сәуір/

8 апреля

 

9.30-10.00

 

Қатысушыларды тіркеу/

Регистрация участников

Аудитория 216,

корпус «Б»

10.00-10.30

 

Олимпиадаға қатысушыларды қарсы алу және жеребе өткізу/ Приветствие участников олимпиады и жеребьевка

10.30-13.00

 

Жобаларды таныстыру/

Презентация проектов

13.00-14.00

Түскі ас / Обед

 

14.00-18.00

Жобаларды таныстыру (жалғасы) /

Презентация проектов (продолжение)

Аудитория 216,

корпус «Б»

9 сәуір/

9 апреля

 

10.00-13.00

 

Дискуссиялық клуб / Дискуссионный клуб

Аудитория 216,

корпус «Б»

13.00-14.00

Түскі ас / Обед

 

14.00-15.00

Олимпиада қатысушыларын марапаттау /Награждение участников Олимпиады

Аудитория 216,

корпус «Б»


Координатор: Нурмолдаев Серик Токтасынович 

Контактные телефоны: +7 705 802 20 58 

e-mail: serik_composer@mail.ru

 

Өтініш толтыру

Жоба