афиша

Жаппас Қаламбаевтың 110 жылдығына орай 2019 жылғы ҚР БҒМ-нің ХІ Республикалық кіші олимпиадаға қатысу үшін

ЕРЕЖЕ

«5В040400» – «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы

«Қыл қобыз», «Қобыз прима» , «Баян, аккордеон» номинациялары бойынша

 

Өтетін уақыты: 25 сәуір 2019 жыл

 

Өткізілу орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

 

Ұйымдастырушылар: ҚР білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы».

 

Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жарияланған «Жастар жылы» аясында, Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласындағы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасында аталған міндеттерге сәйкес:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын іске асыру;
  • Жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми ізденістер мен зерттеулер;
  • Бұқаралық – ақпарат құралдарымен атқаратын жұмыстарына жағдай жасап, жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау;
  • Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл- өріс салаластығына тәрбиелеу;
  • Республика ЖОО студенттері арасында достық қарым-қатынастың орнауына, игілікті бастамаларды қолдауымен қатар, өзара бәсекелестік тудыруға ықпал ету.

  

Қатысу шарттары:

2019 жылдың 15 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық кіші олимпиада ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын     e-mail арқылы, түпнұсқасын өздерімен бірге алып келу қажет):

 

Ø Өтінім (Қосымша 1);

Ø жеке куәліктің көшірмесі (міндетті түрде).

 

Олимпиада талаптары:

·   қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші  жақтан;

·   бұрын өткен Республикалық кіші олимпиада лауреаттары (1 орын)  қатыса алмайды;

·   Республикалық музыкалық орта оқу орындары студенттері мен арнайы  мамандандырылған дарынды балаларға арналған музыка мектептерінің оқушылары арасында қатысушылар санынан шектеу қойылмайды;

·   Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып, байқау соңына дейін сақталады;

·   Тыңдау жариялық түрде өтеді.

 

Олимпиаданың қазылар алқасы құрамы ҚР- ның көрнекті өнер қайраткерлері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарынан құралады.

Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындар мен сыйлықтарды қорытындылай бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.

Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы 

Орындаушылық конкурсы: бойынша жеке бағдарламаны орындау (15 минут). 

Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2019 жылдың 15 наурызына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады 

Координаторлар:

«Қобыз прима» аспабы бойынша –  Джунусова Балжан Бекенқызы  +7 701 887 76 55, Шұғай Айғаным Шұғайқызы +7 702 423 15 76  olimpiada_kb@mail.ru

 

«Баян, аккордеон» бойынша –   Джунусова Балжан Бекенқызы  +7 701 887 76 55,      Шұғай Айғаным Шұғайқызы  +7 702 423 15 76  olimpiada_kb@mail.ru

 

 

«Қыл қобыз»

1. А.Жұбанов "Көктем" (міндетті түрде)

2. Қорқыттың бір күйі таңдауы бойынша

3. Ықылас шыңырау (Дәулет Мықтыбаевтың) орындауындағы нұсқа міндетті түрде

 

«Қобыз прима»

 

1. Ә.Бестыбаев Романс (міндетті түрде)
2. Күрделі форма 

«Баян,аккордеон»

 

1. Күрделі форма

2. Қазақ күйлердің өңдеуі немесе Қазақстан композиторларының шығармасы

ХІ Республикалық пәндік студенттік олимпиада

«6В02104» – «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы

 «Домбыра», «Фольклорлық аспаптар», «Баян, аккордеон», «Қобыз-прима»,

«Қыл қобыз» номинациялары бойынша

ХІ Республикалық  Кіші Олимпиада

КЕСТЕСІ


Күні /Дата

Уақыты/

Время

Іс-шара атауы/ Мероприятие

Өткізілетін орны/

Место проведения

 «6В02104 – Дәстүрлі музыка өнері»

Номинациялар: «Баян, аккордеон», «Қобыз-прима», «Қыл қобыз» 

 

 

 

25 сәуір

09.00-10.00

Қатысушыларды тіркеу / Регистрация участников

Кіші зал корпус «А»

10.00-10.30

Олимпиаданың ашылуы  және жеребе өткізу / Открытие олимпиады и жеребьевка участников

Кіші зал корпус «А»

10.00-17.00

Конкурстық тыңдау (Баян, аккордеон) / Конкурсные выступления (Баян, аккордеон)

Шопен залы корпус «Б»

10.00-17.00

Конкурстық тыңдау ( Прима қобыз) / Конкурсные выступления (Прима кобыз)

Кіші зал корпус «А»

10.30-17.00

Конкурстық тыңдау (Қыл қобыз) / Конкурсные выступления               (Қыл қобыз)

Опералық класс 109 Б корп./

Оперный класс 109 корп. Б

13.00-14.00

Түскі үзіліс

 

14.00-17.00

ҚР мәдениет қайраткері З.Ізмұратованың  шеберлік класы

211 ауд. Б корпус

14.00-17.00

ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Е.Шүкіманов, А.Исатаевалардың шеберлік класстары

213 ауд. Б корпус

14.00-17.00

ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Ұ.Байбосынова мен   аға оқытушы Т.Құрманғалиевтердің  шеберлік кластары

214 ауд. Б корпус

14.00-17.00

ҚР мәдениет қайракерлері Г.Далбағай, Т.Мукушев, Н.Жақыпбековтардың  шеберлік кластары

212 ауд. Б корпус

17.00-18.00

Аға оқытушы А. Қарсақбаеваның шеберлік класы / Мастер-класс старшего преподавателя А. Қарсақбаевой

Опералық класс 109 Б корп./

Оперный класс 109 корп. Б

14.00-17.00

ҚР еңбек сіңірген қайраткері С.Тұрысбеков пен Ә.Желдібаевтардың шеберлік кластары

Конференц зал. Корпус «А» 103 ауд.

17.00-18.00

ҚР мәдениет қайраткері, профессор  Ш. Рауандинаның шеберлік класы/Мастер класс Деятеля культуры РК, профессора Ш.Рауандиной

Кіші  зал/Малый зал

17.00-18.00

ҚР мәдениет қайраткері, профессор  З. Смакованың шеберлік класы / Мастер класс Деятеля культуры  РК, профессора                     З. Смаковой

Камералық зал/Камерный зал

18.00-19.30

Республикалық Кіші Олимпиаданың жабылуы. Жеңімпаздарды марапаттау. Концерт.

Кіші зал корпус «А»







Координаторлар:

Домбыра  Алина Асель Қайратқызы +7 702 333 50 85, asel.alina84@mail.ru        

Кобыз-прима, Баян, аккордеон  Джунусова Балжан Бекеновна  +7 701 88 77 655, olimpiada_kb@mail.ru

Народное пение/ Халық әні, жыршылар Карабалина Эльза Женискызы+7 701 362 30 35, elza.8181@mail.ru

Өтініш толтыру