афиша

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру факультеті Дирижерлеу кафедрасы «5В040500 – Дирижерлеу («Хормен дирижерлеу») мамандығы бойынша ортаңғы оқу орны студенттері мен Республикалық мамандандырылған ар

ЕРЕЖЕ

 

 

Өткізілу мерзімі: 10 - 12 сәуір 2019 ж.

 

Өткізілу орны: РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы»

 

Ұйымдастырушылар: РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы»

 

Мақсаты: ҚР-ның ортаңғы оқу орындары арасында өткізілетін Республикалық Кіші Олимпиада «ҚР-дағы жастар жылы» аясында болашақ мамандардың кәсібилілік қабілеттерін дамыту, студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеушілік қызметтерін ынталандыру, дарынды да талапты студенттерді таңдау мен қолдау, отандық мәдениет пен өнер дәстүрлерін сақтау, Қазақстан Республикасының музыкалық-педагогикалық мектептері арасындағы болашақтағы ынтымақтасықты орнату мақсаттарында ұйымдастырылады.

 

Қатысушылар: Ортаңғы оқу орны студенттері мен Республикалық мамандандырылған арнайы мектеп оқушылары

 

Қатысу талаптары: Республикалық кіші олимпиаданың ережелері талаптарына сәйкес қатысушы өтінімді 2019 жылдың 25 наурызына дейін samatova_samal@mail.ru поштасына жіберуі тиіс (өтінім Word форматында жазылуы керек)

  

2019 жылдың 25 наурыз күнінен кешіктірілген өтінімдер алдын ала жібермеген қатысушылар тізімі қарастырылмайды.

 

 ӨТКІЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ:

 

1-ші кезең (ЖОО ішінде іріктеу кезеңі) – ЖОО базасында өткізіледі.

2-ші кезең (ҚР ЖОО аралығында) – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының базасында өткізіледі.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ ІІ-ШІ КЕЗЕҢІН (ЖОО АРАЛЫҒЫНДА) ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:

 

Бірінші тур - a’cappella хор шығармасын ойнау

 

Екінші тур (a’cappella немесе фо-но суйемелдеуімен шығарма дирижерлеу )

 

!!! Курс бағдарламасына сәйкес келетін конкурс шығармаларын (a'cappella және сүйемелдеу) өз бетінше таңдауды ұсынамыз.

 

  

Іс-шараны өткізу ережелері:

 

·         Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып (жеребе олимпиада басталатын күні 09-00 анықталады), байқау соңына дейін сақталады;

·         Өтінімдер 2019 жыддың 25 наурызына дейін samatova_samal@mail.ru почтасына қабылданады.

·         Басқа қалалардан келген қатысушылардың тұрғылықты жер мен тамақтану бойынша шығындары қатысушыларды іссапарға жіберуші оқу орны есебінен өтеледі.

 

 

Координатор:

Жаулшақова Самал Саматқызы +7 707 257 95 92, samatova_samal@mail.ru


Өтініш толтыру