афиша

Темірбек Ахметовтың туғанына 100 жыл толуына орай 2019 жылғы ҚР БҒМ-нің ХІ Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға қатысуға арналған ЕРЕЖЕ

5В040400» – «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы

«Домбыра», «Фольклорлық аспаптар» номинациялары бойынша

 

Өтетін уақыты: 1, 2 сәуір 2019 жыл

 

Өткізілу орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

 

Ұйымдастырушылар: ҚР білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы».

 

Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жарияланған «Жастар жылы» аясында, Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласындағы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасында аталған міндеттерге сәйкес:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын іске асыру;
  • Жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми ізденістер мен зерттеулер;
  • Бұқаралық – ақпарат құралдарымен атқаратын жұмыстарына жағдай жасап, жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау;
  • Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл- өріс салаластығына тәрбиелеу;
  • Республика ЖОО студенттері арасында достық қарым-қатынастың орнауына, игілікті бастамаларды қолдауымен қатар, өзара бәсекелестік тудыруға ықпал ету.

 

Қатысу шарттары:

2019 жылғы 10 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық Студенттік Олимпиада Ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын e-mail арқылы, түпнұсқасын өздерімен бірге алып келу қажет):

Ø Өтінім (Қосымша 1);

Ø ЖОО ішілік іріктеу кезеңінен өткен Олимпиада қатысушылары туралы хат немесе Республикалық студенттік Олимпиадаға жолдама (ЖОО-ның Ғылыми кеңес хаттамасынан үзінді көшірмесі).

Ø Жеке куәліктің көшірмесі.

 

Олимпиада талаптары:

·   Қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші   жақтан;

·   Бұрын өткен Республикалық Студенттік Олимпиада лауреаттары (1 орын) қатыса алмайды;

·   ЖОО- нан қатысушылар санынан шектеу қойылмайды;

·  Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып (жеребе олимпиада басталатын күні 09-00 анықталады), байқау соңына дейін сақталады;

·  Тыңдау жариялық түрде өтеді.

  

Олимпиаданың қазылар алқасы құрамы ҚР-ның көрнекті өнер қайраткерлері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарынан құралады.

Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындар мен сыйлықтарды қорытындылай бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.

Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.

 

ӨТКІЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ:

 

1    кезең (жоғары оқу орны ішілік, іріктеу) оқу орындары базасында жүргізіледі.

2 кезең (жоғары оқу орны аралық) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы базасында жүргізіледі.

 

Олимпиаданың ІІ кезеңінің (жоғары оқу орындары арасында) жүргізу тәртібі:

1. Орындаушылық конкурсы.

2. Тестілеу.

 

Орындаушылық конкурсы: бойынша жеке бағдарламаны орындау (15 минут).

 

«Домбыра»

1.      Шетел композиторларының күрделі көлемдегі бір шығармасы (соната, концерт, фантазия, рапсодия)

2.      Дәулеткерей «Жігер» (міндетті түрде)

3.      Жантөре «Шалқыма» (міндетті түрде)

4.      Т.Ахметов «Жетім бала» (міндетті түрде)

5.      Әшімтай «Қоңырқаз»(міндетті түрде)

 

«Фольклорлық аспаптар»

 

1.Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма

2. Халық немесе халық композиторларының бір күйі

3. Өзінің қалауы бойынша бір күй немесе бір шығарма (басқа халық аспаптары мен сүйемелдеу рұқсат етіледі)

 

Тестілеу: Темірбек Ахметовтың өмірі мен шығармашылығына, қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, мамандық пәніне қатысты 20 сұрақтан құралады.

 

Олимпиадаға қатысушылар:

·   Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

·   Қазақ ұлттық өнер университеті

·   Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

·   Республикадағы ЖОО-ның музыка факультеттері

 

Өткен жылғы Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың І дәрежелі сыйлық лауреаттарының қатысуға құқығы жоқ

 Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2019 жылдың 10 наурызына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

 Координаторлар:

«Домбыра» аспабы бойынша – Алина Әсел Қайратқызы +7 702 333 50 85, asel.alina84@mail.ru 

«Фольклорлық аспаптары» бойынша – Актоты Дуйсебаева +7  778 119 59 14 aktoty_adai@mail.ru  

  

ҚР БжҒМ-нің ХІ Республикалық пәндік студенттік олимпиада

«6В02104» – «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы

«Домбыра», «Фольклорлық аспаптар», «Халық әні»   номинациялары бойынша

ХІ Республикалық  Пәндік Олимпиада

КЕСТЕСІ

 

«6В02104 – Дәстүрлі музыка өнері»

Номинациялар: «Домбыра», «Фольклорлық аспаптар», «Халық әні»


Күні

Уақыты

Іс-шара атауы

Өткізілетін орны

 

 

 

 

1 сәуір

09.00-10.00

Қатысушыларды тіркеу/ жеребе өткізу

Кіші зал

10.00-12.00

Олимпиаданың ашылуы 

Кіші зал

12.00-19.00

Конкурсты  тыңдау (домбыра)

Шопен залы

12.00-16.00

Конкурсты тыңдау (фольклорлық аспаптар)

Опера класы 109

13.00-14.00

Түскі үзіліс

 

14.00-18.00

Конкурсты тыңдау (Халық әні)

Кіші зал

18.00-19.00

Тестілеу (домбыра)

213 ауд. «Б» корпусы

16.00-17.00

Тестілеу (фольклорлық аспаптар)

211 ауд. «Б» корпусы

17.00-18.00

Тестілеу(Халық әні)

214 ауд. «Б» корпусы

















Координатор:

Домбыра Алина Асель Қайратқызы +7 702 333 50 85, asel.alina84@mail.ru

Кобыз-прима, Баян, аккордеон  Джунусова Балжан Бекеновна  +7 70188 77 655, olimpiada_kb@mail.ru

Халық әні, жыршылар Қарабалина Эльза Жеңіскызы+7 701 362 30 35, elza.8181@mail.ru

Өтініш толтыру