афиша

Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының екінші күні

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатқан XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының екінші күні мәресіне жетіп, жеңімпаздардың есімі белгілі болды. 5В040400 – «ҚОБЫЗ-ПРИМА» номинациясы бойынша келесі қатысушылар марапатталды:

I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ – Ихсанова Айғаным

II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - Бақтығалиева Наргиз, Тұрысбек Аяулым.

III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - Амантай Әсемгүл, Өтілова Айдана, Пазыл Ботагөз.

«ҚОБЫЗ-ПРИМА» номинациясы бойынша қазылар алқасына Құрманғазы атындағы ҚҰК-сы, «Қобыз» кафедрасының профессоры, ҚР халық артисі Молдакәрімова Галина Әбіл-Әкімқызы төрағалық етті.


 






5В040400 – «БАЯН, АККОРДЕОН» номинациясы бойынша келесі қатысушылар марапатталды:

I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ – Дәулетхан Мәди

II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ – Әбілқасымов Азамат, Көшеров Ерік

III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - Жаңбырбаев Азамат, Мағжанов Мирас, Демесін Ғали.

 

«БАЯН, АККОРДЕОН» номинациясы бойынша қазылар алқасына Құрманғазы атындағы ҚҰК-сы, «Қобыз» кафедрасының профессоры, ҚР еңбек сіңірген артисі Гайсин Анатолий Мубарянзянович төрағалық етті.








Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!!


Айта кетейік, өнер мен білім додасы консерватория қабырғасында 18-сәуірге дейін жалғасады.