афиша

ҚР жоғары оқу орындары арасындағы Республикалық студенттік Олимпиадасының "Фортепиано " номинациясын өткізуге арналған ЕРЕЖЕ

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «ҚР БҒМ XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы» Аспаптық орындаушылық факультеті Фортепиано мамандығы бойынша ЖОО студенттері арасында өткізеді ҚҰК-ның 75 жылдығына арналған.

Өткізу мерзімі: 9 сәуір 2019 ж.

Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (фортепиано кафедрасы), ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен.

Өткізу орны: Құрманғазы атындағы ҚҰК.

Мақсаты: болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін дамыту, студенттердің оқу-танымдық жүйесін және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, сондай-ақ отандық музыкалық мәдениет пен орындаушылық өнердің үздік дәстүрлерін сақтау және Қазақстан Республикасының музыкалық-педагогикалық мектептерінің ары қарай ынтымақтастығы.

Міндеттері: Қазақстан Республикасында музыкалық білім беруді жетілдіру және дамыту, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің шығармашылық қызметін ынталандыру.

Олимпиадаға қатысушылар:

ҚҰК-ның 75 жылдығына арналған ЖОО студенттері арасында Аспаптық орындаушылық бойынша (фортепиано) ҚР БҒМ XI Республикалық студенттік олимпиадада музыкалық мекемелердің студенттері қатыса алады.:

·   Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы -1-4 курстар

·   Қазақ ұлттық өнер университеті – 1-4 курстар

·   Қазақстан Республикасының музыкалық факультеттерінің «Аспаптық орындаушылық (фортепиано)» мамандығы бойынша оқитын студенттері – 1-4 курс

Қатысу шарттары: республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары олимпиадаға қатыспайды. Тұру, көлік және іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Олимпиаданы өткізу ережесі:

·  Концерттік қойылым. Қатысушының таңдауы бойынша жеке бағдарламаны орындау (20 минуттан артық емес).

·  Тестілеу: орындаушылық өнер тарихы, фортепианолық оқытудың әдістемесі мен тәжірибесі, Қазақстанның фортепианолық өнері бойынша тестер.

Олимпиада шарттары: қатысу үшін өтінімдер 2019 жылдың 24 наурызына дейін (қоса алғанда) электрондық пошта арқылы жіберіледі – kafedra_piano@mail.ru.

Студенттік байқау жеңімпаздары Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен және консерватория грамоталарымен марапатталады.

Олимпиада туралы ақпарат (өткізу тәртібі, өтінім үлгісі) қосымшада.

Барлық сұрақтарды телефоны бойынша анықтауға болады +77011894791 (Ирина Гавриленко, үйлестіруші). 

 

Орындар мен дипломдар

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар республикалық олимпиада лауреаттары атақтарына ие болады және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

 

  • I орын – лауреат дипломы.
  • II орын – екі лауреат дипломы.
  • III орын – үш лауреат дипломы.

 

Қазылар алқасы барлық жүлделі орындарға дипломдар беруге, үздік орындағаны үшін дипломдар беруге құқылы.

Әділқазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды. 

 

 

 

Қосымша 1

 

Олимпиаданы өткізу тәртібі

 

7, 8 сәуір (жексенбі, дүйсенбі) – қатысушылардың келуі

 

8 сәуір (дүйсенбі)

14.00 - қатысушыларды тіркеу және жеребе тастау (ауд. № 205 «Б» корпусы»)

15.00-18.00 - Үлкен концерт залында акустикалық дайындық

 

9 сәуір (сейсенбі)

10.00 - конкурстық қойылымдар (консерваторияның Үлкен залы)

14.00 - тестілеу өткізу (консерваторияның аудиториясы)

17.00 - нәтижелерді жариялау (ауд. № 205 «Б» корпусы)

19.00 - олимпиаданы өткізу аясында фортепиано кафедрасының жас педагогтарының Концерті (консерваторияның Үлкен залы)

 

 Олимпиаданы ұйымдастырушылар олимпиаданы өткізу кестесін түзету құқығын өзіне қалдырады


Өтініш толтыру