афиша

Қазақстан Республикасының мамандандырылған музыкалық мектептері мен музыкалық колледждер арасында Республикалық кіші олимпиада «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша Ішекті аспаптар номинациясы (скрипка, альт, виолончель, контрабас)

ЕРЕЖЕ

 

 

Өткізу мерзімі: 17 сәуір 2019 ж.

Өтетін орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші зал.

 

Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Ішекті аспаптар кафедрасы.

 

Олимпиаданың мақсаты: жас таланттарды қолдау, болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін дамыту.


Міндеттері: Қазақстан Республикасында Музыкалық білім беруді жетілдіру және дамыту, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің шығармашылық қызметін ынталандыру.

Олимпиадаға қатысушылар:

ҚР Музыкалық колледждері-3, 4 курс;

«Ішекті аспаптар» мамандығы бар басқа колледждер;

ҚР арнайы музыкалық мектеп-интернаттары-11, 12 сыныптар.

 

Қатысу шарттары: тұру, көлік және іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен.


Олимпиаданы өткізу ережесі:

Жеке бағдарламаны орындау-2 түрлі сипаттағы пьеса;

Музыка терминдері бойынша жазбаша тестілеу.

Номинация бойынша бағдарламалық талаптар

Ішекті аспаптар

 

Скрипка
1. Келесі композиторлардың пьесасы: Г.Венявский, А.Вьетан, П.Сарасате, Н.Паганини, Ф.Крейслер қатысушының таңдауы бойынша (10 минуттан артық емес) және т. б.

2. Қазақстандық композиторлардың пьесасы
Альт
1. Келесі композиторлардың пьесасы: Н.Римский-
Корсаков «Пляска скоморохов», «Полет шмеля», С.Цинцадзе
«Хоруми», Р.Шуман «Адажио и Аллегро», И.Бородин
«Пляска половецких девушек», К.М.Вебер «Анданте и 
венгерское рондо», Дж.Энеску «Концертная пьеса», И.Гумель
«Фантазия» қатысушының таңдауы бойынша (10 минуттан артық емес) және т. б.

2. Қазақстандық композиторлардың пьесасы.

Виолончель
1. Қатысушының таңдауы бойынша келесі пьеса: Д.Поппер «Танец эльфов», «Концертный полонез», П.Чайковский «Пеццо-каприччиозо», А.Шапорин «Скерцо» және басқалар (10 минуттан артық емес) және т. б.

2. Қазақстандық композиторлардың пьесасы.

Контрабас
1. Пьеса по выбору участника: Дж.Боттезини, Р.Глиэр, С.Кусевицкий және басқалар (10 минуттан артық емес) және т. б.

2. Қазақстандық композиторлардың пьесасы.

Олимпиада шарттары: қатысу үшін өтініштер (жүктеу) 2019 жылдың 27 наурызына дейін электрондық пошта арқылы жіберіледі. emreyeva@mail.ru

Студенттік байқау жеңімпаздары, сондай-ақ олардың ұстаздары Құрманғазы атындағы ҚҰК-нің грамоталармен және дипломдармен марапатталады.

 

Барлық өтініштер мен сұрақтар осы мекен-жай бойынша қабылданады:

Алматы қ., Абылай хан даңғылы 86, 050000, Құрманғазы атындағы ҚҰК, Аспапта орындаушылық факультеті.

Байланысшы: Эмреева Акмарал Ерулановна +77014788573

e-mail: emreyeva@mail.ru

 

8 (727) 2610669 – АОФ деканаты (Ерманов Жанат Рахметоллаұлы),

8 (727)2616364 – факс.