афиша

Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай және Жәнібек Кәрменовтің 70 жылдығына арналған 2019 жылғы ҚР БҒМ-нің ХI Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға қатысу үшін ЕРЕЖЕ

«5В040400 – «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы «Халық әні, жыршылар» номинациясы бойынша

 

Өтетін уақыты: 1 сәуір 2019 жыл

 

Өткізілу орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

 

Ұйымдастырушылар: ҚР білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы».

 

Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жарияланған «Жастар жылы» аясында, Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласындағы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасында аталған міндеттерге сәйкес:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын іске асыру;
  • Жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми ізденістер мен зерттеулер;
  • Бұқаралық – ақпарат құралдарымен атқаратын жұмыстарына жағдай жасап, жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау;
  • Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл- өріс салаластығына тәрбиелеу;
  • Республика ЖОО студенттері арасында достық қарым-қатынастың орнауына, игілікті бастамаларды қолдауымен қатар, өзара бәсекелестік тудыруға ықпал ету.

 

Қатысу шарттары:

2019 жылғы 10 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық Студенттік Олимпиада Ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын e-mail арқылы, түпнұсқасын өздерімен бірге алып келу қажет):

Ø Өтінім (Қосымша 1);

Ø ЖОО ішілік іріктеу кезеңінен өткен Олимпиада қатысушылары туралы хат немесе Республикалық студенттік Олимпиадаға жолдама (ЖОО-ның Ғылыми кеңес хаттамасынан үзінді көшірмесі).

Ø Жеке куәліктің көшірмесі.

 

Олимпиада талаптары:

·  Қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан;

·  Бұрын өткен Республикалық Студенттік Олимпиада лауреаттары (1 орын) қатыса алмайды;

·  ЖОО- нан қатысушылар санынан шектеу қойылмайды;

·  Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып, байқау соңына дейін сақталады;

·  Тыңдау жариялық түрде өтеді.

  

Олимпиаданың қазылар алқасы құрамы ҚР-ның көрнекті өнер қайраткерлері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарынан құралады.

Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындар мен сыйлықтарды қорытындылай бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.

Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.

 

ӨТКІЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ:

1        кезең (жоғары оқу орны ішілік, іріктеу) оқу орындары базасында жүргізіледі.

2        кезең (жоғары оқу орны аралық) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы базасында жүргізіледі.

 

Олимпиаданың ІІ кезеңінің (жоғары оқу орындары арасында) жүргізу тәртібі:

  1. Орындаушылық конкурсы.
  2. Тестілеу.

 

Орындаушылық конкурсы: бойынша жеке бағдарламаны орындау (15 минут).

 

«Халық әні» номинациясы бойынша

1)   Халық әні, 1 ән.

2)   Халық композиторынан, 2 ән.

3)   Қазіргі заман композиторларынан, 1 ән.

4)   Ғарифолла Құрманғалиевтің 1 әні (Батыс Қазақстан ән мектебі бойынша қатысатын үміткерлер үшін Ғ.Құрманғалиевтің «Әнші даусы» кітабындағы көп орындалмаған әндерінен бір әнді өз таңдауы бойынша орындауы керек).

5)   Жәнібек Кәрменовтің өз әндері мен Ж.Кәрменовке арналған әндер (Жетісу, Арқа аймақтарының ән мектебі бойынша қатысатын үміткерлер үшін төменде көрсетілген туындылардан бір ән міндетті түрде орындалуы шарт).

 

Жәнібек Кәрменовтің өз әндерінің тізімі:

1.      Толғау.

2.      Бабалар.

3.      Ағалар-ай.

4.      Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?!

 

                     Жәнібек Кәрменовке арналған әндер тізімі:

1.      Әнің қайда, Жәнібек (Тұрсынғазы Рахимов).

2.      Ақ бөкен (Тұрсынғазы Рахимов).

3.      Жәнібек (Кәкімбек Салықов).

 

«Жыршылар» номинациясы бойынша

1)   Өзінің жыршылық мектебінен бір терме.

2)   Өзінің жыршылық мектебінен бір толғау.

3)   Арнау.

4)   Мысал, хикая.

5)   Эпос, жырдан үзінді (10 минут).

 

Тестілеу: Ғ.Құрманғалиев пен Ж.Кәрменовтің өмірі мен шығармашылығына, қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, жыраулық поэзия, мамандық пәніне қатысты 20 сұрақтан құралады.

 

Олимпиадаға қатысушылар:

·  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.

·  Республикадағы ЖОО-ның музыка факультеттері.

·  Қазақ ұлттық өнер университеті.

·  Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.

 

Өткен жылғы Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың І дәрежелі сыйлық лауреаттарының қатысуға құқығы жоқ

 

Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2019 жылдың 10 наурызына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

 

Координатор: Қарабалина Эльза Жеңісқызы +7 701 362 30 35, elza.8181@mail.ru


Өтініш толтыру