афиша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ «МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

ЕРЕЖЕ

Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» және «Жастар жылы» бағдарламасы аясында «5В010600 – Музыкалық білім» мамандығы бойынша студенттер арасындағы XI-шы Республикалық пәндік ҚР БҒМ олимпиадасы «Хор сыныбы және хормен жұмыс жасау практикумы» пәні бойынша өтеді

 

Өткізу мерзімі: 10-12 сәуір 2019 ж.

 

Өткізу орны: Алматы қаласы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Музыкалық білім және психология» кафедрасы

 

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, Елбасы – ҚР Тұңғыш Президентінің қоры, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, «Музыкалық білім және психология» кафедрасы

 

Мақсаты: кәсіби біліктілікті дамыту, болашақ музыка пәні мұғалімдерін оқу-танымдық, музыкалық-ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік қызметтерін ынталандыру, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, сондай-ақ музыкалық білім берудегі ұлттық педагогиканың үздік дәстүрлерін сақтау, жастарды патриоттық тәрбиелеу және Қазақстан Республикасының мәдени мұрасына деген қызығушылығын қалыптастыру.

Міндеттер: Қазақстан Республикасындағы музыкалық білімді дамыту және жетілдіру, болашақ мамандарды шығармашылық қызметінде ынталандыру.

 

Жоба жетекшісі, ұйымдастыру комитетінің төрағасы - Калиакбарова Ляйля Токеновна, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкалық білім және психология» кафедрасының меңгерушісі, МАНПО академигі, педагогика ғылымдарының кандидаты (PhD), МВА, профессор, ЖОО Үздік оқытушы (2006, 2012 жж.), Музыкалық білім саласындағы озық қызметі үшін Еуроодақтың екі алтын медальдардың иегері (2013 және 2015 жж., Бельгия, Брюссель), ҚР БҒМ Тұңғыш Республикалық «Үздік кітап» конкурсының Лауреаты.

 

«Олимпиадаға» қатысуға өтініштеріңізді dariya.shabdenova@mail.ruе-mail-не 2019 жылдың 6 наурызына дейін (қоса алғанда) жіберулеріңізді сұраймыз, координаторы: Шабденова Дария Рахималиевна – 87077044074, жұмыс тел., 8 (727) 2724837

 

Қатысу шарттары

 

«5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша студенттер арасындағы ХI-шы Республикалық ҚР БҒМ олимпиадасы 2 - кі кезеңде өткізіледі:

ЖОО –ішілік – I кезең ҚР білім беру орындары негізінде өткізіледі;

Республикалық – II кезең Құрманғазы атынд. ҚҰК негізінде өткізіледі.

            
Құрманғазы атындағы ҚҰКсы, Қазақстандағы музыкалық білім берудің көшбасшысы, ҚР БҒМ 2017, 2018 ж республикалық олимпиадаларының лауреаты, сондай-ақ 2019 жылғы республикалық олимпиаданың ұйымдастырушысы, Олимпиаданың мазмұнын жетілдіру мақсатында, елеулі үрдістерді қолдау аясында, ҚР БҒМ, ҚР СММ

Елбасы – ҚР Тұңғыш Президентінің қоры, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы, «Жастар жылы» және «Музыкалық білім және психология» кафедрасының авторлық концепциясының Қазақстандағы заманауи музыкалық білім мен мәдени саясатты дамыту мақсатында Қазақстанда өткізілген жарыстардың бұрынғы бекітілген ережелеріне тиісті түзетулер енгізу құқығы бар.
Республикалық конкурс қазылар алқасы құрамын (төраға және әділ-қазылар мүшелерін) Құрманғазы атынд. ҚҰК ұйымдастыру комитетімен алдын ала анықталады. Қазылар алқасы құрамына Қазақстан Республикасының музыкалық білім саласының мамандары, жетекші педагог-музыканттары кіреді.
Республикалық ҚР БҒМ олимпиадасы талаптарына сәйкес қатысушы жеке құжаттарын (Портфолио) e-mail: dariya.shabdenova@mail.ru- ға жібереді.

            «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша студенттер арасындағы ХI-шы Республикалық ҚР БҒМ - 2019 олимпиадасы екі номинациядан: «Музыка пәні мұғалімінің хормейстерлік дайындығы» және «Музыкалық ағартушылық: интеграциялық тәсілдер» (Құрманғазы атындағы ҚҰК авторлық номинация)
 

«Музыка пәні мұғалімінің хормейстерлік дайындығы» номинациясының қатысушылары - тек ҚР ЖОО – ң «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша 1-4 –курс студенттері (2 студенттен артық емес) е-mail: dariya.shabdenova@mail.ru - ге портфолиосының электрондық түрін жіберуі керек және мынандай ретте папка түрінде рәсімделген портфолиосын (келген сәтінде) Құрманғазы атынд. ҚҰК ұйымдастыру комитетіне «А» корпусы №004 каб. 

«Музыкалық білім және психология» кафедрасына өткізеді: 

-          Өтініш ( Өтініш формасы – Қосымша 1);

-         Олимпиадаға қатысуға жіберілгендігі жөнінде ректордың қолы қойылған хат;

-          ЖОО-ішілік - Олимпиада қатысушыларын іріктеу жөнінде немесе Республикалық пәндік олимпиадаға 2019 жіберілгендігі жөнінде Ғылыми кеңестің хаттамасының көшірмесін.

-          Жеке куәлік;

-          Транскрипт (2017/2018 оқу жылына), сынақ кітапшасы (көшірме), студенттік билет мөрлермен;

-          3х4 сурет 2 дана;

-          Түйіндеме (жетістіктері туралы мәліметтер болуы керек).

-          GPA растайтын анықтама

 


ЕСКЕРТУ: қатысушылардың орындау тәртібі құжаттарының жіберілуі ретімен анықталады.
 

«Музыкалық ағартушылық: интеграциялық тәсілдер» номинациясының қатысушылары «Музыка пәні мұғалімінің ағартушылықпен орындаушылығының пәнаралық интеграциясы» міндетті тақырыбы аясында – 2-4 курс студенттері (2 студенттен артық емес)   қатыса алады. е-mail: dariya.shabdenova@mail.ru - ге Портфолиосының электрондық түрін жіберуі керек және мынандай ретте папка түрінде рәсімделген портфолиосын (келген сәтінде) Құрманғазы атынд. ҚҰК ұйымдастыру комитетіне «А» корпусы №004 каб. «Музыкалық білім және психология» кафедрасына өткізеді:

 

-          Өтінім ( Өтінім формасы – Қосымша 2);

-         Олимпиадаға қатысуға жіберілгендігі жөнінде ректордың қолы қойылған хат;

-          ЖОО-ішілік - Олимпиада қатысушыларын іріктеу жөнінде немесе Республикалық пәндік олимпиадаға жіберілгендігі жөнінде Ғылыми кеңестің хаттамасы;

-          Жеке куәлік,

-          Транскрипт (2017/2018 оқу жылына) немесе сынақ кітапшасы (көшірме), мөрлермен студенттік билет;

-          3х4 сурет 2дана;

-          «Музыка пәні мұғалімінің ағартушылықпен орындаушылығының пәнаралық интеграциясы» міндетті тақырыбы аясында жасалған баяндама-презентацияларын 2019 жылдың 6 наурызына дейін электронды пошта арқылы жіберу, ал басып шығарылған қағаз түрін келген сәтінде өткізеді. Жұмыс тілдері – Қазақша, қатысушының таңдауымен –орысша;

-          Сөз сөйлеу уақыты 20 минуттан артық емес;

-          Түйіндеме (жетістіктері туралы мәліметтер болуы керек).

-          GPA растайтын анықтама

 

ЕСКЕРТУ: қатысушылардың орындау тәртібі құжаттарды беру ретінде анықталады.

Көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған (6 наурызды қосқанда) электронды түрдегі өтінімдер, портфолиолар, баяндамалар және презентациялар қарастырылмайды.

 

Олимпиада қатысушыларының жол, орналасу, тамақтану шығындарын жіберуші ЖОО өз қаражатынан өтейді.

Ескерту: бұл номинацияға қатысушылар «Музыка пәні мұғалімінің ағартушылықпен орындаушылығының пәнаралық интеграциясы» тақырыбы аясындағы презентациялары мен баяндамаларын, орындайтын шығармасының нотасының электронды түрін алдын ала 2019 жылдың 6 наурызына дейін жіберуі керек, ал басылып шыққан түрін келген сәтінде папкаға салып өткізеді. Жұмыс тілдері – қатысушының таңдауымен қазақ, орыс. Міндетті түрде өзіңізбен бірге флешкаға жүктелген материалыңыз болсын!

 

Номинацияның өткізілу кестесі

«Музыка пәні мұғалімінің хормейстерлік дайындығы»

 

 

7,9 сәуір – акустикалық дайындық А.Жұбанов атындағы кіші залда

 

10 сәуір (сәрсенбі) 

I - ші ТУР

 

9.00 – 10.00 – олимпиадаға қатысушыларды тіркеу (А.Жұбанов атынд. Кіші зал. А корпусы);

10.00 –11.00 – олимпиаданың ашылуы (А.Жұбанов атынд. Кіші зал);

11.00 – 13.00 – 1-ші тур бағдарламасының конкурстық тыңдалымы: қатысушы студенттік хорымен өзінің сүйемелдеуімен мектеп әнімен жұмыс жасайды (А.Жұбанов атынд. Кіші зал);

13.00 –14.30 – түскі асқа үзіліс.

 II - ші ТУР

 14.30 – 16.00 – 2-ші тур бағдарламасының конкурстық тыңдалымы: Құрманғазы атындағы ҚҰК – ның студенттік хорымен дирижерлеу, концерттік орындау (мектеп әндері, сүйемелдеуімен А.Жұбанов атынд. Кіші залда);

16.00 – 18.00 – қазылар алқасы отырысы.

 

11 сәуір (сәрсенбі)

II - ші ТУРдың жалғасы

 

10.00 – 11.00 - музыкалық викторина (корпус Б ауд.214);

11.00 – 12.00 - тестілеу (корпус Б ауд.214);

12.00 – 13.00 - қазылар алқасының отырысы;

13.00 – 14.30 - түскі асқа үзіліс;

 

12 сәуір (жұма)

 

11.00 – Олимпиада нәтижелерін жариялау және екі номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау (А.Жұбанов атынд. Кіші зал);

 

 

Номинацияның өткізілу кестесі

«Музыкалық ағартушылық: интеграциялық тәсілдер»

 

9 сәуір –– презентациямен, акустикалық дайындық; (Б корпусы ауд.214);

 

10 сәуір (сәрсенбі)

 

9.00 – 10.00 – олимпиадаға қатысушыларды тіркеу (А.Жұбанов атынд. Кіші зал. А корпусы);

10.00 –11.00 – олимпиаданың ашылуы (А.Жұбанов атынд. Кіші зал);

11.00 – 13.00 – қатысушылар дайындығы (Б корпусы ауд.214)

13.00 –14.30 – түскі асқа үзіліс.

 

11 сәуір (бейсенбі) 

I - ші ТУР

 

10.00 – 11.00 – музыкалық викторина (корпус Б ауд.214);

11.00 – 12.00 – тестілеу (корпус Б ауд.214);

12.00 – 13.00 – қазылар алқасының отырысы;

13.00 –14.30 – түскі асқа үзіліс;

II - ші ТУР

14.30 – 17.00 – қатысушыларды тыңдау (корпус Б ауд.214);

17.00 – 18.00 – қазылар алқасының отырысы;

 

12 сәуір (жұма)

 

11.00 – Олимпиада нәтижелерін жариялау және екі номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау (А.Жұбанов атынд. Кіші зал);

 

Республикалық олимпиаданы нәтижелеу реті

1. Құрманғазы атындағы ҚҰК конкурстық қазылар алқасы «Музыка пәні мұғалімінің хормейстерлік дайындығы» номинациясы бойынша жүлдегерлерді марапаттауды мына ретте жүргізуді ұсынады:

1-орын үшін – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломымен (бір студенттен артық емес);

2-орын үшін - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломымен (екі студенттен артық емес);

3-орын үшін - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломымен (үш студенттен артық емес);


2. Құрманғазы атындағы ҚҰК конкурстық қазылар алқасы «Музыкалық ағартушылық: интеграциялық тәсілдер» номинациясы бойынша жүлдегерлерді марапаттауды мына ретте жүргізуді ұсынады:

1-орын үшін – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломымен (бір студенттен артық емес);

2-орын үшін - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломымен (екі студенттен артық емес);

3-орын үшін - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломымен (үш студенттен артық емес);

3. Құрманғазы атынд. ҚҰК –да Республикалық конкурстың әділ-қазыларының олимпиада жеңімпаздарын анықтаудағы шешімі барлық мүшелері қол қойған тисті хаттамасымен рәсімделеді;

4. Соңғы үш жылдағы (2016, 2017, 2018 жж.)   студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиадалардың I – жүлде лауреаттары осы олимпиадаға қатыса алмайды;

5. ҚР БҒМ «Музыкалық білім» мамандығы бойынша келесі XII-ші студенттер арасындағы пәндік олимпиада «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Музыка пәні мұғалімінің хормейстерлік дайындығы» номинациясында бірінші орын алған студенттің ЖОО негізінде өткізіледі.


6. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды;
7. XI-шы Республикалық пәндік ҚР БҒМ олимпиадасының ұйымдастырушылары Олимпиаданың кестесін түзетуге құқылы.

      

Қосымша 1.1

«Музыка пәні мұғалімінің хормейстерлік дайындығы»

номинациясы бойынша

БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

1.     Қатысушы:

  хорға сүйемелдеу орындаушылық қабілеті;
·       мектептегі ән репертуарын іс жүзінде игеруі;
·       көркемдік тапсырмаларды орындау қабілеті;
·       әннің динамикалық, ырғақты, көркемдік тұтастығын хорға жеткізу тәсілдері (I турдың мектеп әндерінің тізімі 1.2-қосымшада келтірілген);
·       хормен өзінің орындауында аспаптық сүйемелдеу арқылы ұжымдық жұмысының бірлігіне қол жеткізу;
·       еркін сүйемелдеу;
·       хормен жұмыс жасауда коммуникация және басқару дағдылары
 

2. Қатысушы Құрманғазы атынд. «Музыкалық білім» мамандығының студенттік хорымен мектептік әнді сүйемелдеушімен дирижерлейді (II турдың мектеп әндерінің тізімі Қосымша 1.3) (концерттік орындауы).

 

1.     Қатысушы:

концерт залында хормен дирижерлеу;
·        мектептегі әндерді мануалды дирижерлеу техникасының деңгейі;
·        көркемдік бейнені, артистизмді концерттік орындауда жеткізу қабілеті;
·        әннің динамикалық, ырғақты, көркемдік тұтастығының концерттік орындауы (2-турдың мектептік әндерінің тізімі қосымшада келтірілген 1.3);
·        хор партияларының және аспаптық сүйемелдеуі ұжымдық концерттік орындауда ансамбльдік бірлігіне қол жеткізу;
·        хормен концерттік орындауда ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылар.
Ескерту: Құрманғазы атындағы КНК сайтында 1-ші және 2-ші турға арналған әндердің тізімдері қосымша орналастырылады

 

Номинация бойынша бағалау критерийлері:

  

  автордың мәтініне дәл сәйкес келу;
-         хормен жұмыс жасау әдісінің барлық сатыларының айқын көрінісі;
-         дирижер аппаратының орындаушылық техникалық деңгейі;
-         әннің музыкалық мазмұнын ашу, бейнелеу мазмұнын беру, динамикалық бояуын көрсету және орындаудың интонациялық мағынасын жеткізу;
-         әннің стилін түсіну;
-         хормен жұмыс барысында туындауы мүмкін қиындықтарды алдын-алу және оларды жеңу тәсілдерін қолдануы;
-         хормен жұмыс кезінде дирижердің бейнелеу ойларының көрінісі;
-         хор тобының мүшелерінің қызығушылығы;
-         сүйемелдеудің аспапта орындаушылық деңгейін көрсету
 

Орындау нәтижелері толық 100 – балдық жүйе бойынша бағаланады, оның ішінде:

хормен жұмыс – 50 балл

хорды дирижирлеу – 30 балл

музыкалық викторина – 10 балл

тестілеу – 10 балл

Орындарды тағайындау

1 орын 90-100 балл жинаған қатысушыларға тағайындалады;

2 орын 80-89 балл жинаған қатысушыларға тағайындалады;

3 орын 70-79 балл жинаған қатысушыларға тағайындалады.

 

 

Қосымша 2.1

 

БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

«Музыкалық ағартушылық: интеграциялық тәсілдері» номинациясы бойынша «Музыка пәні мұғалімінің ағартушылықпен орындаушылығының пәнаралық интеграциясы» міндетті тақырыбы аясында

 

Бұл номинацияға қатысушы еркін тақырыпта орта білім беру мектептеріндегі музыкалық ағартушылық, орындаушылық, интеграциялық формаларындағы білімдерін көрсетуі тиіс (қатысушының таңдауына қарай). Публикалық сөз сөйлеуге баяндама мен презентация кіреді.

 

Қатысушы:

·       
музыкалық аспапта жеке орындау (негізгі аспап);
·        жоғары аспаптық орындаушылық деңгейі, стилі, көркемдік бейнесі, шеберлігі;
·        композитор туралы, оның шығармашылық көрінісі, шығармашылық мұрасының маңыздылығы туралы қысқаша ақпарат беру;
·        шығарманың көркемдік мазмұнын ашу;
·        экспрессивті музыкалық құралдар кешенін (қарқыны, динамикасы, ритмі, құрылымы және т.б.) және олардың имиджін қалыптастырудағы рөлін анықтау;
·        жұмыстың музыкалық формасын, жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
·        өнердің басқа түрлерімен интегративті (пәнаралық) байланыстарды пайдалану;
·        мұғалімнің музыкалық-педагогикалық жұмысының білім беру әлеуетін ашу;
·        АКТ пайдалану
 

Номинация бойынша бағалау критерийлері:
  - музыкалық аспапта орындаушылық деңгейі;
- авторлық мәтінге нақты сүйену (қарқыны, ритмі, динамикасы және т.б.);
- орындаудың интонациялық мәнерлілігі, сөз тіркесі;
- дыбыс сапасы;
- педальды дұрыс пайдалану (меха);
- тұтастық формасын қамту;
- жұмыстың көркемдік мазмұнын түсіну және жеткізу;
- болашақ музыкалық мұғалімнің кәсіби біліктіліктерін көрсету (орындау, білім беру, шеберлік, коммуникативтік, педагогикалық, ақпараттық және т.б.);
- материалдарды ұсынудың өзектілігі мен жаңалығы;
- пәнаралық байланыстар;
- түрлі тәсілдерді, өзіндік шығармашылық мысалдарды келтіру;
- фото-бейне материалдарды, аудио жазбаларды және т.б. пайдалану;
- таңдалған тақырыптың оқушылардың музыкалық білім берудегі тәрбиелік маңызы;
- ережелерді сақтау;
- жеке қасиеттер: эмоционалдық, шеберлігі, сөйлеу мәдениеті және т.б.
  Қосымша 2.2

Музыкалық викторинаға арналған шығармалардың үлгісі
  Қосымша 2.3
Сынақ сұрақтарының үлгісі
  Ескерту: музыкалық викторинаның үлгі шығармаларының екі тізімі және сынақ үлгі тапсырмаларының тізімдері: 1-ші турының «Музыкалық ағартушылық: интеграциялық тәсіл» номинациясы және 2-ші турының «Музыка пәні мұғалімінің хормейстерлік дайындығы» номинациялары бойынша қосымша Құрманғазы атындағы КНК сайтында жарияланады.
 Нәтижелері жалпы 100 балдық жүйе бойынша бағаланады, оның ішінде:
 шығарманы орындау - 40 балл
баяндама - презентация - 40 балл
музыкалық викторина -10 балл
тестілеу - 10 балл
 

 

Орындарды тағайындау

1 орын 90-100 балл жинаған қатысушыларға тағайындалады;

2 орын 80-89 балл жинаған қатысушыларға тағайындалады;

3 орын 70-79 балл жинаған қатысушыларға тағайындалады.

 

 

«Музыкалық білім және психология

кафедрасының меңгерушісі»                                                                                  Л.Калиакбарова

                    

 

I турдың мектеп әндерінің тізімі

IІ турдың мектеп әндерінің тізімі 

Сұрақтар үлгісі  


ХI Республикалық пәндік студенттік олимпиада - 2019

КЕСТЕСІ

Күні /Дата

Уақыты/ Время

Іс-шара/Мероприятие

Өту орны/ Место проведения

«5В010600-Музыкалық білім» мамандығы

«Музыка пәні мұғалімінің хормейстерлік дайындығы» атты номинациясы

«5В010600 – Музыкальное образование»/номинация

                      «Хормейстерская подготовка  учителя музыки»

10 сәуір/

10 апреля

09.00 – 9.30

Қатысушыларды тіркеу / Регистрация участников

А.Жубанов атындағы

Кіші зал/ Малый зал

им.А.Жубанова

09.30 - 10.15

Салтанатты ашылуы /Торжественное открытие

А.Жубанов атындағы Кіші зал/ Малый зал

им.А.Жубанова

10.15 - 13.00

Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкалық білім»  мамандығының  студенттік хормен (жұмыс жасауы)  1 тур тыңдалымы  / Прослушивание участников

1 тура «Работа со студенческим хором специальности  "Музыкальное образование" КНК им.Курмангазы

А.Жубанов атындағы Кіші зал/ Малый зал

им.А.Жубанова

14.00 – 16.00

Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкалық білім»  мамандығының  студенттік хормен (дирижерлау) концерттік орындаушылық) тыңдалымы 2 тур  / Прослушивание участников

2 тура «Концертное исполнение (дирижирование) студенческого хора "Музыкальное образование" КНК им.Курмангазы

А.Жубанов атындағы Кіші зал/ Малый зал

им.А.Жубанова

11 сәуір /

11 апреля

10.00-11.00

 

Қатысушыларын тестілеу / Тестирование

214 ауд.

 «Б» ғимараты/214 аудит.

корпус «Б»

11.00 - 12.00

 

Музыкалық викторина / Музыкальная викторина

214 ауд.

 «Б» ғимараты/214 аудит.

корпус «Б»

12 сәуір/

12 апреля

10.00 – 10.30

Салтанатты жабылуы /Торжественное закрытие

А.Жубанов атындағы Кіші зал/ Малый зал

им.А.Жубанова

 

10.30 – 12.00

Олимпиада қатысушыларын марапаттау /

Торжественное награждение призеров олимпиады

А.Жубанов атындағы Кіші зал/ Малый зал

им.А.Жубанова



Координатор/ Координатор: Шабденова Дария Рахималиевна +7 707 7044074, dariya.shabdenova@mail.ru

Өтініш толтыру