афиша

Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының он екінші күні

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатқан XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында «Хорды дирижерлеу» номинациясы бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ – Урумбаев Медет

II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - Сәбитова Дана, Тохтарова Надима

III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН Жақсылық Қайрат, Шарип Аршат және Камалқызы Жанерке марапатталды.

«Хорды дирижерлеу» номинациясы бойынша қазылар алқасына Құрманғазы атындағы ҚҰК-сы, «Дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі, профессор Жаманбаев Базарғали Әжиұлы төрағалық етті.






Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!!


Айта кетейік, өнер мен білім додасы консерватория қабырғасында 18-сәуірге дейін жалғасады.