афиша

«5В010300-Музыкалық білім берудегі педагогика және психология» мамандығы бойынша 

 IV – ші Республикалық кіші пәндік олимпиаданың    

ЕРЕЖЕСІ 


Өтілу мерзімі: 1-2 сәуір, 2019 ж.

Өтілу орны: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы

Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасы

Мақсаты:

-  Болашақ мамандардың кәсіптік қабілеттерін дамыту;

-  Білім алушыларды оку-танымдық іс-әрекетке ынталандыру;

-  Талантты және дарынды оқушыларды таңдау мен қолдау.

Қатысу шарты: Республикалық кіші пәндік олимпиаданың бекітілген талаптарына сәйкес мына құжаттарды жіберуі қажет (e-mail kafedra.ppmo@mail.ru – құжат көшірмесі, түп нұсқасын өзімен бірге әкелу)

-  Өтінім (жүктеу);

-  бірінші кезеңнің қорытындысы директордың қолымен расталған оқу орнының педагогикалық кеңесі хаттамасының көшірмесі негізінде Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне өту туралы жолдама хаты;

-  Жеке куәлік көшірмесі (екі жағы);

-  Оқу орнынан анықтама;

-  Өмірбаян;

-  3*4 сурет (электрондық нұсқасы);

-  Өзін-өзі таныстыру тақырыбы көрсетілген өтініш парақшасы. (MicrosoftWord үлгісінде).

        2019 жылдың 28 наурыздан кеш түскен өтінім мен қатысушылар тізімі қарастырылмайды.

Басқа қалалық қатысушылардың жол жүру, тұру мен ауқаттану шығынын қатысушының іссапарға жіберген оқу мекемесі қамтамасыз етеді.

Олимпиада орыс және қазақ тілінде өтіледі.

 

Өткізу кезеңдері:

1-ші кезең: (іріктеу) оқу орнының базасында жүргізіледі.

2-ші кезең: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының базасында жүзеге асырылады.

 

Олимпиаданың II -ші кезеңінің өтілу тәртібі

1. Өзін-өзі таныстыру

2.  Педагогикалық жағдаяттарды және психологиялық мәселелерді шешу

 

Өзін-өзі таныстыру

Өзін-өзі таныстыруға арналған тақырыптар:

-  «Мен кіммін?»

-  «Мен көшбасшымын»

-   «Мен тұлғамын»

-   «Мен және менің музыкалық педагогика және психология саласына деген қызығушылығым»

-   «Бұл мен»

-   «Визиттік карточка»

 

Өзін-өзі таныстыруға қойылатын талаптар:

-   Өз мақсаттарына айқын жету үшін аудиторияға әсер ету қабылеттілігі ;

-   Көпшілік алдында аудиториянын зейінін өзіне аудара білу қабылеті мен өзіндік харизманың болуы;

-  Өзінің жетістіктерін, мақсат міндеттерін, мүмкіндіктерін, имиджін және болашақта өзінің даму перспективасын айқындай алу қыбылеті;

-  Автордың дәлелді позициясының болуы;

-  Өзін-өзі таныстыруы слайд көрсетілімімен қамтамасыз етілуі;

-  Өзіні-өзі таныстыру ұзақтығы 7-10 минуттан аспауы тиіс.

 

2.  Проблемалық жағдаяттарды және психологиялық мәселелерді шешу: студент тапсырмаларды орындау барысында педагогика және психология пәндерінен теориялық білімдерін көрсету керек.

 

Олимпиада қатысушыларын бағалау критерийлері:

Өзін-өзі таныстыру: Өзін-өзі таныстыру мазмұнының таңдалған тақырыпқа сәйкестігі; жетекші идеясының ашылуы; өмірлік басымдықтары; мысалға келтірген ойдың дәлелділігі; логикалық реттілік пен дәйектілігі, презентация дизайны мен шығармашылық негізде ұсынылуы, материалдың сауаттылығы, әртістік шеберлік, берілген уақыт шеңберін сақтау, сырт келбетінің әсемдігі.

 

Педагогикалық жағдаяттарды және психологиялық мәселелерді шешу іскерлігі:

Әр кезең 50-балдық жүйемен бағаланады.

 

Олимпиада қатысушылары:

Республикалық олимпиадаға келесі оқу орындары білім алушылары қатыса алады:

1. Қазақстан Республикасының музыкалық колледж студенттері;

2. Музыкалық мамандықтар бойынша оқып жатқан өнер колледждерінің студенттері;

3. Музыкалық мамандандырылған өнер мектептері мен музыкалық мектептердің түлектері;

4. Дарынды балаларға арналған арнайы музыкалық орта мектептерінің бітіруші түлектері.

5. Музыкалық білімі бар жалпы білім беру мектеп оқушылары мен педагогикалық колледж студенттері

       Орын алған олимпиада қатысушылары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкалық білім берудегі педагогика және психология» мамандығына түсуге жеңілдікке ие болады.

 

Координаторлар: Темірғалиева Айдана, Салжан Лина

Байланыс телефондары: +7 (727) 272 85 28, +7 771 451 31 33

e-mail: kafedra.ppmo@mail.ru


Өтініш толтыру