афиша

Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының үшінші күні

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатқан XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының 5В040200 - «Аспаптық орындаушылық» мамандығы «Жалпы фортепиано» номинациясы бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ - Шекербек Айым

II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - Қабдуалиев Даулет, Пазыл Карина

III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН Казиева Мәншүк, Шемуратова Александра, Төлеубаева Анэль

«Жалпы фортепиано» номинациясы бойынша қазылар алқасына Құрманғазы атындағы ҚҰК-сы, «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі, доцент, Мәдениет саласының үздігі Айгүл Мұстафаева төрағалық етті.







Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!!

 

Айта кетейік, өнер мен білім додасы консерватория қабырғасында 18-сәуірге дейін жалғасады.