афиша

Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының тоғызыншы күні

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатқан XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының «Аспаптық орындаушылық» мамандығы «фортепиано» номинациясы бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ - Балтабай Саиддин

II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - Малюхов Никита, Умурзаков Олжас

III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН - Кенесова Гаухар, Тойшыбекова Анель, Абдрахман Гульдана марапатталды.

«Фортепиано» номинациясы бойынша қазылар алқасына – Құрманғазы атындағы ҚҰК-сы, «Фортепиано» кафедрасының меңгерушісі, профессор Ибраева Венера төрағалық етті.








Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!!

 

Айта кетейік, өнер мен білім додасы консерватория қабырғасында 18-сәуірге дейін жалғасады.