афиша

Қазақ халық аспаптар оркестрі

Қазақтың халық аспаптар оркестрі консерваторияның ең үздік ұжымдарының бірі әрі бірегейі. Өткен ғасырдың орта шенінен академиік А.Қ. Жұбанов ірге тасын қалаған бұл ұжым  Қазақтың  кәсіби орындаушылық дәстүрін бүгінгі таңда жалғастырып, дамытуда. Халықаралық «Жұбанов көктемі» атты фестивалінің бас жүлдесін иемденген оркестр Қазақ ұлттық консерваториясы, халық музыкасы факультетінің айнасы болып саналады. ҚР еңбек сіңірген қайраткер, профессор Айтқали Жайымов бірнеше жыл оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижеры болды. Одан кейін Құрманғазы атындағы ҚҰК түлегі Арман Жүдебаев оркестрге жетекшілік етті. 2013-2018 жылдар аралығында оркестрді талантты шәкірттердің бірі Абылай Тілепбергенов басқарды. Бүгінгі күні магистрант Бекболат Әбдіберік оркестрге дирижер етуде.

·         1957 жылы "Алтын медаль" лауреат атағын Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің бүкіл дүниежүзілік фестивалінде Фуат Мансуровтың басқаруымен  иеленді.

·         1951,1953 ж.ж. Берлин, Бухаресте өткен бейбітшілік және достық үшін ұйымдастырылған жастар фестивалі

·         1976 жылы Мәскеуде П.И. Чайковский атындағы консерваторияның үлкен залында көрермен қошеметіне бөленіп, М.Глинка мұражайында оркестрдің  (дирижерлары Ш.Қажғалиев, М.Әубәкіров) концерті өтті.  1983 жылы Латвия астанасы Рига қаласының үлкен концерт залында (дирижер Ж.Бегендиков) концертін өткізді.

·         2006 жылы – Астана, Павлодар, Қараганды қалаларына гастрольдік турне (дирижер Айтқали Жайымов)

·         2007 жылы – ХМФ ұстаздарының шеберлік класстары мен концерті. ҚХР Үрімжі қ. (дирижер Айтқали Жайымов, Арман Жүдебаев)

·         2008 год –Қазақстан қалаларына гастрольдік турне (дирижер Айтқали Жайымов, Арман Жүдебаев)

·         2009 год –Түркия мемлекетінің Карабюк, Стамбул, Анкара қалаларына гастрольдік сапар (дирижер Айтқали Жайымов, Арман Жүдебаев)

·         2012 год – Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының Үлкен залында және МГК П.И.Чайковский атындағы консерваториясында концерттер (концерты дирижер Айткали Жайымов, Арман Жудебаев)

·         2014 жылы –Құрманғазы атындағы ҚҰК 70 жылдығына орай Гала концерт. Алматы қ. Республика сарайы (дирижер Абылай Тлепбергенов)

·         2014 год- Құрманғазы атындағы ҚҰК 70 жылдығына орай Гала концерт. Астана қ. «Қазақстан» концерт залы  (дирижер Абылай Тлепбергенов)

·         2015 жылы-халықаралық «Piano competition» фестивалі, халықаралық фестивалі «от фольклора до джаза» Құрманғазы атындағы ҚҰК Үлкен залы (дирижер Абылай Тлепбергенов)

·         2016 жылы- ҚХР Шанхай қ.гастрольдік сапар (дирижер Абылай Тлепбергенов)

·         2017 жылы- Астана қ.халықаралық көрме ЭКСПО мәдени бағдарламасы бойынша Гала концерт (дирижер Абылай Тлепбергенов)