афиша

Заманауи музыка орталығы

Қазақстандағы заманауи музыка Орталығы 2013 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының негізінде құрылды.

Ол кезде ЗМО-ның басшысы композитор Ақтоты Раимқұлова болды. Үш жылдан соң, яғни 2016 жылы орталықты композитор Санжар Бәйтереков басқарды.


Заманауи музыка орталығының қызметі келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:


1. Заманауи музыканың«Игеру» атты алғашқы және жалғыз ансамблінің Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі концерттері

2. «Наурыз-21» жаңа музыка фестивалі

3. Композиторлармен, суретшілермен және режиссерлермен шығармашылық кездесулер

4. Жас композиторлар клубы

5.Заманауи композиторлардың операларын, балеттерін қарау, талдау

6. Заманауи композиторлар мен орындаушылардың шеберлік -кластары

Соңғы жылдардағы ең жарқын оқиғалардың ішінен атап өтуге болатындары :

- орыс композиторы,ММК профессоры Игорь В.Тарнопольскийдің (2017 жылдың наурыз айында ) келуі;

- ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, Құрманғазы атындағы ҚҰК оқытушысы, композитор Владимир Стригоцкий-Пактың 70-жылдық мерейтойына шығармашылық кездесу.

- Х. Лахенманның «Девочка со спичками» операсын қарау және талдау.


2018 жылдың сәуір айында Алматыда VII Халықаралық жаңа музыкалық фестиваль өтті.

«Наурыз-21» фестивальінің қонақтары әлемге әйгілі композиторлар Тристан Мюрай мен Клаус Ланг, сырнайшы Марио Кароли, ансамбльдер «Nikel» және «Игеру».

Фестиваль аясында,   концерттер мен шеберлік -кластардан басқа, музыкатанушылар Татьяна Яковлева және Раушан Джуманиязова дәрістер оқыды.

Заманауи музыка орталығының қызметін БАҚ- белсенді түрде жарақтандырады.