афиша

«Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалі мәресіне жетті.

2018 жылдың 13-14 қараша күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалі өтті. 13-қараша күні сағат 10.00-де фестивальдің ашылу салтанаты болып, мереке шымылдығын консерватория ректоры Арман Жүдебаев ашып берді.

DSC_0990.jpg

«Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойыныңЮНЕСКО-ның 2018-2019 жылдардағы атаулы күндер күнтізбесіне енгізілуіұлы баба мұрасының құндылығын әлем жұртшылығының мойындап, жоғары бағалағандығының белгісі екені аян. Біз үшін ол үлкен мәртебе. Осындай үлкен шараның аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан «Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалінің мәні, жастарға берерікөп деп санаймын.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің бастамасымен биыл елімізде алғаш рет қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны, қазақтың күй өнерін жалпыұлттық деңгейде насихаттау және мәдени ұлттық бірлікті одан әрі нығайту мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 12 маусымындағы №699 Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып бекітіліп, аталған мейрам республикамыздағы мерекелік күндердің тізбесіне енгізілген болатын. Бұл да біз үшін әрине өте қуантарлық жайт.

Бабалардан қалған мол рухани мұрамыздың бір парасы, ән-күйлеріміз бен жыр-термелерімізді көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Сол қастерлі мұраны жоғары кәсіби деңгейде, уақыт талабына сай насихаттай білуіміз өте өзекті міндет.Қазіргі ақпараттық заманда жастарымыздың әртүрлі мәдениет ықпалында кетпей өз ұлттық мәдениетімізді, тәрбиеміздібойына сіңіруі үшін мұндай іс-шараларды көптеп ұйымдастыру маңызды.

Өнер мерекесі құтты болсын!» - деп басшы сөзін түйіндеді.

 Фестивальдің бірінші күніндегі дәстүрлі музыка кешіне Алмас Алматов, Сержан Шәкірат, Едіге Нәбиев, Қатимолла Бердіғалиев, Айтжан Тоқтаған сияқты аға буын орындаушылар қатысты. Өнер майталмандарына ықыласпен қошемет көрсеткен көрерменге лық толы залда ән мен күй, жыр, термелер салтанат құрды.Фестивальдің екінші күнінде талай халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары Нұржан Жанпейісов, Еркін Шүкіман, Ақмарал Ерімбетова, Саян Ақмолда, Салтанат Құдайбергенова, Динара Нұрбаева, Ерлан Рысқали, Нүркен Әшіров, Абылай Тілепберген сияқты басқа да жас орындаушылар өз өнерлерін ортаға салып көрерменнің ризашылығына бөленді.Жастар кешегі ағалардан өнерді аманаттап алды.

DSC_0914.jpg
Сыр өңірінің жыршылық мектебінің осы замандағы бірегей өкілі, жырау Алмас АЛМАТОВ ағамыз фестиваль жайында Мынадай пікір білдірді:

         «Дәстүр 1000 жылдық мәдениет 100 жылдық тарихымыздың бізге жеткен алтын арқау тілі,  олай болса өнер халықтың шежіре баяны. Өнердің түрлі бүгінгі жанрлық бағыттары бойынша дамып отырған жағдайында жоғарғы оқу орындарында кәсіби білікті маман есебінде дайындап отырған консерваторияың бұл жұмысқа мұрындық болуы заңдылық деп ойлаймын.

         Өнер мұрагер ұрпақтары арқылы дәстүрлі сипатқа ие болады. Демек «аманат» деп отырғанымыз ол мұрагерлік. Аманат бұл атадан жеткен миллиондаған жол жыр мұрасы, жүздеген күй мұралары, бұл қала берді қазақ даласындағы батырлық эпостық жырлардың аманаты. Олай болса кез келген өнер өзінің мұрагер ұрпақтары арқылы ғана дәстүрлі күйге айналады дегеніміз сол. Аманат деген мұрагер ұрпақтың арқалаған жүгі, бұл болашаққа бастайтын жол «Рухани жаңғыру» ұлттық код деп жатқанымыздың барлығы осымен түйіседі. Әрбір күй, әрбір ән, әрбір жыр, толғау термелердің тарихы бұл ұлттың тарихы, халықтың тарихы. Сол дәуірдің философиялық ойлау зердесінен туындаған шығармашылық туынды деп қарау керек.»

 DSC_0902.jpg

Маңғыстау өңірі күйшілік мектебінің осы замандағы көрнекті өкілі, дәулескер күйші Сержан ШӘКІРАТ ағамыз:

Фестиваль ерекше фестиваль болып тұр. Құрманғазының күйлері ұрпақтан ұрпаққа таралып жетіп жатыр.Осындай шараны ұйымдастырып отырған консерватория басшысына рахмет.Ескерткіш өзгертеміз деді, Домбыра фантаны ашылады деп отыр екен, керемет дүние болады. Құрманғазының күйлері мәңгі жасай бергей.Ата-бабадан қалған салт-дәстүр бәрімізге аманат. Қазақтың көне домбырасы аманаттың ең бір құндыларының бірі. Жастар ата-бабамыздың аманатына лайық болу керек.  Жастарымызға сенеміз.

DSC_0919.jpg

Батыс Қазақстан әншілік мектебінің өкілі, әнші-ұстазҚатимолла БЕРДІҒАЛИЕВағамыз:

Жалпы қазақ жерінде үлкен той болып жатыр. Ұлы бабамыз, күйшіміз Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы дүние жүзі, ЮНЕСКО бойынша аталып жатыр. Осы кісінің атындағы үлкен өнер шаңырағы консерваторияда осындай кештің өтіп жатқаны өте қуанышты. Бұл тойға аға буын, жас буын жалпы өнерде жүрген барлық өнерпаздардың басы қосылып жатыр. Ол бір және де үлкен өнер тойы болып, кешеден бері көрермендер өнерге, әнге, күйге сусындап қарық болып жатыр. Осындай шараны жасағаны үшін консерваторияның Арман бастаған басшыларына, оқытушыларына жалпы консерваторияның ұжымына өнер адамдарының атынан көп-көп рахмет айтамын. Өнер өнерге жалғассын, той тойға ұлассын!

Аманат жайлы.Қазақ халқы жалпы жазба мәдениетке кейін келген халық. Біз өнерімізді, әнімізді, күйімізді тарих-шежіремізді құймақұлақ арқылы ұрпақтан-ұрпаққа таратып келе жатқан халықпыз. Аманат жазуғада, нотаға да жалғасты. Ол өте жақсы болды. Енді ұрпақтан-ұрпаққа құймақұлақ арқылы да, нота арқылы да, жазу арқылы да таратып келе жатырмыз. Бірнеше ғасырдан бері ән-күйлеріміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатыр. Бұл фестивальда соның бір үлкен жалғасы. Бізден кейінгі ұрпақтарға жалғасып тұр. Кейінгі ұрпақтарға да жалғасуға Алла нәсіп еткей. Өнеріміз өрлесін.

«Жастар жылы» жайлы.Өмірді жалғастыратын жастар. Алдыңғы толқын ағалар, соңғы толқын інілер. Кезекпенен өлілер, баяғыдай көрінер – деп ұлы Абай айтқандай, заманды, дәстүрді барлығын жалғастырып келе жатқан сол жастар. Бір кезде жас та болдық. Қазір аға буын, ата болдық. Бізден кейінгі жастар өнерді алып өзіннен кейінгі буынға апармақ. Оларға сәттілік тілеймін. Жастар жылы болғаны өте жақсы болды, құптаймын. Жастарымыздың ойында жақсы бір елге қажетті елдің рухани қажетіне жарайтын ойлар болса, келесі жылы соны ортаға салып, біздің мәдениетіміз бен әдебиетімізді, өнерімізді биікке апарады деген ойдамын.

DSC_0925.jpg

Батыс Қазақстан Жайық өңірі күйшілік мектебінің өкілі, дәулескер күйші Едіге НӘБИЕВ ағамыз:

Фестиваль өткізіп отырған Құрманғазының ЮНЕСКО-ға кіріп 200 жылдығы тойланып отыр. Сол себепті биыл «домбыра» жылы деп президенттің өзі ұйғарым шығарды. Домбыраға, күйге деген ықыласымыз күшейіп жатыр.  Жақында Атырау қаласында өтті осындай бір үлкен кеш. Консерватория ұжымы өте бір құнды бағдарлама жасап өткізіп жатыр. Неге десеңіз?  Құрманғазы бабамыздың еңбегіне тұрарлықтай Құрманғазыдай дарын енді тумас деп ойлаймын. Құрекең дегендер европалық білім керек жоқ, европалық білім алған кісілерден он есе артық қой. Қарапайым адамның мынадай музыкамен, қазақтың домбырасыменөзінің өмірін, қазақтың өмірін осылай жазып беріпкетуі керемет. Домбыраның құндылығы деген, жаңағы айтқандай домбыра болмаса қазақ болама, болмайма, құдай білсін. Домбырамен барлық мұңымызды, күйменен, әнменен, жырменен жеткіземіз. 

Аманат жайлы.Аманат деген бізге жетіп, біздерден келер ұрпаққа тапсырып кететін дүние. Аманатты біздер орындауымыз керек. Қазіргі заманның жастар көбіне шетелге еліктеп, басқа елдің музыкасына еліктеп тәрбиелік жағынан ақсаңқырап келе жатыр деп айтқым келеді. Аманат біздің қазақ екенімізді сақтап, төл домбыра, музыкалық аспаптарымызды сақтап қалуымыз керек. Сонда біз қазақ боламыз. Болашақ ұрпағымыз жастарға, шәкірттеріме өзіміздің, еліміздің музыкалық аспаптарынан, салт-дәстүрімізден қашық болмаңыздар. Қазақ болсақ баяғы бабаларымыздың бағытынан айырылмайық деймін. Сонда  біз ел боламыз.

DSC_0977.jpg

IMG_9374.jpg

IMG_9346.jpg

IMG_9285.jpg

IMG_9337.jpg

IMG_9134.jpg

IMG_9413.jpg

NUR_4141.jpg

DSC_1006.jpg

DSC_1032.jpg 

вернуться в альбомы