афиша

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына Пікір

Өнер саласындағы дәстүрлі музыка аясындағы білім алушы жастарға көнеден жеткен асыл мұраларымызды жанжақты тереңінен тануға әр жылдардағы Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдаулары бүгінгі таңда үлкен мүмкіндіктер тудырып отыр. Олар: «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы», «Мәдениетті қолдау», «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» жобалары. Біз білім алатын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы ұстаздарымыздың зерттеу еңбектерінің арқасында өз өлкеміздің ән-күй мұрасы аясында қалмай біліміміз толықты. Осы шараларға жалғасқан Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Рухани жаңғыру жолдауының жалғасы, біз жаскүйшілер Ұлы күйшілердің орындаушылық және шығармашылық өнерінің хронологиялық жүйесі жасалып, олар туралы энциклопедияда бір орталықтанатынына сенімдіміз. Тағы бір маңызды тіні белгілі орындаушылардың үн-бейне таспаларының сандық жүйеге енетінене қуаныштымыз және өзімізде нәтижелі іске ат салысамыз. Себебі алдыңғы буынның ыждағатты еңбегімен Қазақ күйінің ЮНЕСКО халықаралық бірлестігі палатасының материалдық емес құндылықтар қорына тіркелуі, ағымдағы жылы Құрманғазы бабамыздың 200 жылдығының осындай әлемдік деңгейде атап өтілуі біз үшін үлгі, алға жетелейді, зор міндеттер жүктейді. Көне мұралардың бүгінгі күнге жалғасуы, болашағының мәңгі екенін танытады, өйткені «күй» еш елде жоқ ұлтымызға ғана тән асыл мұра, халқымыздың болмысы, тарихы, шежіресі, ұраны. Ұлт болашағы өнерлі жастардың да биіктерге жеткізер жарқын жолы. Және де Елбасымыздың 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы ел болашағына қатты алаңдаушылықтан туған өзекті қадам деп ойлаймын. Себебі болашақта ел тізгінін ұстайтын мамандар қазіргі жастардан, яғни біздерден шығады. Бұл жағдай бізге көп мүмкіндіктер беретініне күмән жоқ.




Тұңғыш Елбасы Қоры стипендиясының иегері,

Құрманғазы атындағы ҚҰК

Халық музыкасы факультетінің 4-ші курс студенті

Әбдуахап Сымбат Изатуллақызы.

вернуться в альбомы