info@conservatoire.kz

КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ШЫҒЫСТЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМЫ ӨТТІ

КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ШЫҒЫСТЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМЫ ӨТТІ 2019 жылдың 17 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" бағдарламасы аясында консерваторияның студенттік театрының қатысуымен КСРО Халық артисі Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шығыстың бұлбұлы» атты театрландырылған қойылымы өтті. Іс-шара әйгілі әншінің 19-сәуір күнгі туған күніне орай ұйымдастырылды.

Сахналық қойылым Күләш Байсейітованың мектеп оқып жүрген кезінен бастап, Қазақтың тұңғыш драма театрына қабылданып, КСРО халық артисі атағын алып, жетістікке жету үшін өмірі мен өнердегі қиындықтары туралы көрсетеді. Қазақтың әйгілі әншісі қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі Күләш Байсейітованың рөлін консерваторияның 1 курс студенті Уәли Меруерт сомдады. Қойылым соңында көрермендер орнынан тұрып жас әртистердің шеберлігіне алғыс білдіріп, қошемет көрсетті.

Айта кетейік, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дебют» студенттік театры 2019 жылдың 25-26 ақпан күндері Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Жастар жылы мен Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына орай «Бабалар жолы – халқының мұрасы, ұрпаққа аманаты!» атты Республикалық студенттік театрлар фестивалінде «Тар заманда тарихты түгендеген Ермахан Бекмаханов» спектаклімен І орынды және «Үздік қойылым» номинациясын еншілеген болатын.









вернуться в альбомы