афиша

Консерватория студенттері Алматы метросы жолаушыларына 8-наурыз мерекесіне орай көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Алматы қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық офисімен бірлесіп метро жолаушыларының әйелдер қауымын көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз күнімен құттықтады. 
Жас орындаушы-студенттер Метро жолаушыларына ерекше мерекелік, қуанышты көңіл-күй сыйлап, олардың назарына әсем әуендерін ұсынды. «Мәскеу» бекетінен «Райымбек батыр» бекетіне дейін жанды музыка шырқалып, ұлттық аспаптарда атақты күйлер мен танымал лирикалық шығармалар орындалды.
Әйелдер мерекесі қарсаңында қуаныш сыйлаған жас дарынды орындаушыларды смартфондарына суретке түсіріп, тамашалаған жолаушылар тыңдаған әуендерінен үлкен әсер алып, жағымды сезімдерге бөленді.


вернуться в альбомы