Оқу үдерісі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқу үдерісін 14 кафедраның басын құрап тұрған 4 факультет қамтамасыз етеді. 14 кафедраның екеуі ортақ болып есептеледі: музыкалық-педагогикалық инновациялық технологиялар және әлеметтік-гуманитарлық пәндер.


Күндізгі оқу формасы, оқу мерзімі – 4 жыл.


Құрманғазы атындағы ҚҰК-сы мемлекеттік лицензияға сәйкес келесі бөлімде көрсетілген мамандықтар және деңгейлер бойынша мамандар даярлайды.


Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның оқу үдерісі Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінің ҚР БҒМ-нің үлгілік шарттарына сәйкес ұйымдастырылған. Консерваторияның оқу үдерісі оқу орнынң Ғылыми кеңесі бекіткен академиялық күнтізбе бойынша ұйымдастырылған. Сабақтар бекітілген кестесі бойынша жүргізіледі және оны оқу-әдістемелік басқармасы мен деканаттар қадағалайды.