афиша

Музыкатану

«6D040100 – МУЗЫКАТАНУ»

мамандығы бойынша PhD докторантура тапсырушыларына арналған емтихан талаптары

 

Бағалау баламасы:

Ғылыми-педагогикалық докторантураға шетел тілі бойынша тестілеу 100-балдық жүйеде бағаланады. Өту үшін кемінде 50 балл алу керек.

         Мамандық бойынша шығармашылық емтихан 50-баллдық жүйеде бағаланады.

«Өте жақсы» баға:

Талапкер музыкалық-аналитикалық ой-өрісін, теориялық білімінің кеңдігін көрсетуі абзал. Жазбаша жұмысында кәсіби-практикалық дағдыларын, музыкалық есту қабілетінің жоғары деңгейін көрсете білуі керек.

«Жақсы» баға:

Талапкердің білімі нақты, тақырыпты логикалық тұрғыда айқын, нанымды жеткізе алады, жазбаша жұмысы өзінің кәсіби деңгейінде (ережелерді қолдана білу, шығармашылық идея, жобаның нақты жүзеге асуы). Дегенмен, музыка тарихы мен теориясың сұрақтары бойынша түсінігі аз, музыкатану бойынша кілттік үрдістерін толыққанды білмеуі, өз ойын тұжырымдай алмауы, ойлау қабілеті жүйелі емес.

«Қанағаттанарлық» баға:

Жобаны талдап жіктеу дағдылары нашар; материал жүйелілігінің логикалық тұрғыдан қарағанда жеткіліксіз болуы; музыка тарихы мен теориясы бойынша білімнің төмен болуы;

«Қанағаттанарлықсыз» баға:

Шығармаларды, процестерді талдап жіктеу дағдыларының мүлдем болмауы; тақырыпты логикалық тұрғыда айқын, нанымды жеткізбеуі. Музыкалық және теориялық пәндердің тәжірибелік құрылымындағы дағдыларының болмауы.

 

         Реферат қорғаудағы ең жоғары баға – 50 балл.

«Өте жақсы» баға:

Талапкер өзекті мәселелерді ұсына білу керек, өзінің жан-жақты білімдарлығын, аналитикалық ой-өрісін, ғылыми аппаратқа ие болу, мәселені шешу жолдарын таба білу.

«Жақсы» баға:

Талапкер мақсаты мен міндетін жақсы тұжырымдайды, ғылыми-зерттеудің негізгі ережелерін логикалық тұрғыда жеткізе біледі. Бірақ, қарастырылатын сұрақтың теориялық, тарихи және әдіснамалық мәселелері бойынша білім деңгейінің жеткіліксіз болуы.

«Қанағаттанарлық» баға:

Зерттеу мәселелерінің түпкі түсінігінің төмен болуы, ғылыми тілдің жазба дағдыларын қолдануының аздығы, жұмыстың өзектілігін дәлелдей алмауы.

«Қанағаттанарлықсыз» баға:

Зерттеудің практикалық маңыздылығының болмауы, көлемі аз (10-нан кем бет), ғылыми тілді қолданудың аздығы, тақырыбы мамандықтың бейініне сәйкес келмеуі.

 

І. АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ТЕСТІЛЕУ

                    

ІІ. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

 

Емтиханға ағылшын тілі тестілеуінен өту баллын жинаған талапкер жіберіледі.

Емтихан билет бойынша ауызша жауаптар мен жазбаша жұмыстан тұрады.

Ауызша емтихан үш сұрақтан тұрады: тарихи пәндер бойынша (шетел музыка тарихы, қазіргі заман музыка тарихы, қазақ музыка тарихы); теориялық пәндер бойынша (музыка теориясы, гармония, полифония, музыкалық шығармаларды талдау), әдебиет бойынша.

 

 

Музыка тарихы бойынша сұрақтар:

1.     Эволюциялық музыкатану заманауи ғылымның өзекті бағыты ретінде.

2.     Музыкалық археология және оның көне музыка тарихындағы рөлі.

3.     Ноталық жазбаның антикалық жүйесі: клинопистік хурриттік, әріптік герктік, қытайлық.

4.     Пифагор және оның музыкалық-теориялық жүйесі.

5.     Боэций және оның музыкалық-теориялық жүйесі.

6.     Григорян ән айту жүйесі және ХХ-ХХІ ғғ. ерте христиандық дауыс жүйесінің қайта құру тәжірибесі.

7.     XIII-XVғғ. Еуропа музыкасындағы ауызша және жазбаша кәсібилік.

8.     Ренессанс және Барокко – XVI-XVII ғғ. композициялық ой мен жанрлық жүйенің трансформациясы.

9.     Иоганн Себастьян Бах және оның XVIII-XXI ғғ. музыкасындағы мұрасы.

10.   Мангейм мектебі мен Вена классицизмінің тарихи сабақтастығы.

11.   Романтизм дәуірі музыкасындағы ұлттық бастаманың рөлі. Ұлттық композиторлық мектептер.

12.   ХХ ғасыр І жартысындағы музыкадағы модернизм: тарихи алғышарттары, көркемдік ағымдар, негізгі көрсеткіштер.

13.  Жаңа Вена мектебі: тарих, композициялық принциптер, ХХ ғасыр музыкасындағы мәні.

14.  Репрессиялық өнер: ХХ ғасыр І жартысындағы тоталитаризм және оның Ресей, Гармания, Италия, Япония және т.т. елдеріндегі салдары.

15.  Жаңа музыканың Дармштад курсының тарихы мен мәні.

16.   ХХ ғасырдың екінші жартысы музыкасындағы аспаптық театр феномені.

17.  Джон Кейдж, оның әріптестері мен ХХ-ХХІ ғасыр музыкасы композиторларының мұрасы.

18.   ХХ ғасыр екінші жартысындағы отандық этномузыкатанушылар біліктілігіндегі қазақтың ғұрыптық фольклоры (Б.Ерзакович, А.Құнанбаева, А.Мұхамбетова, С.Елеманова);

19.   ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасыр бірінші жартысындағы қазақтың халықтық-кәсіби ән өнері: дәстүр тұрақтылығы мен трансформация.

20.   Батыс Қазақстан күйлеріндегі дәстүрлі композициялық терминология концепті және олардың Орталық Азия аспаптық музыкасымен байланысы.

21.   Қазақтың музыкалық-речитативті дәстүрі: негізі мәселелері мен зерттеу әдістері.

22.  ХХ ғасыр бірінші жартысындағы опералық өнердің даму мен ұлттық музыкалық мәдениет контесктіндегі бірінші қазақ операсы.

23. 1940-1990 жж. Қазақстан композиторларының симфониялық музыкасындағы қазақ күйлерін пайдалану жолдарының ерекшеліктері.

24.  Қазақстан композиторлары камералық-аспаптық музыкасының негізгі даму кезеңдері.

25.  Қазақ ұлттық аспаптарының негізгі зерттеу кезеңдері. Б.Сарыбаев шығармашылығының мәні.

 

Музыка теориясы бойынша сұрақтар:

 

1.     Полифонияның негізгі кезеңдерінің тарихи дамуы.

2.     Қайта өрлеу дәуірінің полифониясы.

3.     Барокко дәуірінің полифониясы.

4.     И.С.Бах пен Г.Ф.Гендель фугаларының құрылымы.

5.     Бетховен шығармашылығындағы фуга симфонизациясы.

6.     Батыс Еуропа романтиктерінің полифониясы.

7.     ХХ ғасыр композиторлары музыкасындағы полифония (Шостакович, Хиндемит, Стравинский).

8.     Қазақстан композиторлары шығармашылығындағы полифония.

9.     Ладтық жүйе – негізгі категориялары мен түсініктері.

10.                       Ортақ ладтық жүйенің функционалдық құрылымы.

11.                       Диатоника мен хроматика. Теориялық концепциялары.

12.                       Классикаға дейінгі және заманауи музыкадағы модальдік гармония (негізгі принциптері мен ерекшеліктері).

13.                       Политональдік және полимодальдік – типологиясы мен классификациясы.

14.                       Романтикалық гармония.

15.                       ХІХ ғасыр орыс музыкасындағы гармония.

16.                       ХХ ғасыр музыкасындағы хроматикалық тональдік (құрылымдық-функционалдық ұйымдастыру принциптері).

17.                       Орыс композиторлары шығармашылығындағы симметриялық ладтар (Глинка, Лядов, Римский-Корсаков, Скрябин, Стравинский).

18.                       Жаңавеналық мектептің атональдігі мен додекафониясы.

19.                       Музыкалық стиль мен стильдік талдау.

20.                       Музыкадағы көркемдік білдірудің құралдары.

21.                       Құрлымдағы бөлімдердің мазмұны мен функция түрлері.

22.                       Музыкалық материал дамуының әмбебап қағидалары.

23.                       Аспаптық музыкадағы ән құрылымы.

24.                       Рондо құрлымы мен рондальдік құрылым: генезисі, типологиясы, тарихи трансформациясы.

25.                       Сонаталық форманың генезисі мен эволюциясы.

 

Әдебиет бойынша сұрақтар:

1.     Ерзакович Б.Г. Песенная культура казахского народа. А.,1966

2.     Аманов Б., Мухамбетова А. Казахская традиционная музыка и ХХ век. А., 2001

3.     Кунанбаева А. "Жанровые дубли" как универсалия традиционной культуры // Искусство устной традиции. Историческая морфология: Сб. статей, посвященный 60-летию И.И.Земцовского- СПб., 2002.-С.55-62

4.     Халыкзаде Ф. Музыкальные аспекты изучения «Китаби- деде-Коркуд» //Қорқыт және ұлы дала сазы.-А.,2011.-С.14-22

5.     Сарыбаев Б. Казахские музыкальные инструменты. А.,1978

6.     Утегалиева С. Звуковой мир музыки тюркских народов. М.,2013

7.     Джумакова У.Р. Творчество композиторов Казахстана 1920-1980-х годов. Проблемы истории, смысла и ценности. Астана,2003
8.     Музыкальные инструменты и инструментальная музыка. В 2- томах. М.Л.;1987
9.     Работы казахстанских музыковедов по проблемам традиционной инструментальной музыки.

10.   Очерки по истории казахской музыки. А.,1962

11.   Творчество Арнольда Шёнберга в книгах С. С. Павлишин и Н. О. Власовой.

12.   Гармония в музыке ХХ века в книгах Л. С. Дьячковой, Н. С. Гуляницкой и Ю. Н. Холопова.

13.   Музыкально-теоретические системы в трудах Ю. Н. Холопова.

14.  Когоутек Ц. Техника композиции в музыке ХХ века.

15.  Форма в музыке XX века в трудах Т. С. Кюрегян, Г. В. Григорьевой и В. Н. Холоповой.

16.  Композиционные принципы П. Хиндемита в трудах Н. Бать и И. Тер-Оганезовой.

17.  История русской музыки и творческие портреты русско-советских композиторов в трудах В. Н. Холоповой.

18. Симакова Н. Контрапункт строгого стиля и фуга.– М., 2007.

19. Труды А. С. Соколова по музыкальной композиции XX века.

20. Формообразование фуги в работах А. Чугаева, А. Должанского, К. Южак.

21.  История полифонии Ю. К. Евдокимовой.

22.  История инструментальных форм В.В. Протопопова.

23.  История зарубежной музыки. XXвек. Ред. Н. Гаврилова.

24.  Музыкально-историческое наследие В. Дж. Конен.

25. Концепция музыкального профессионализма в трудах Н. Г. Шахназаровой.

 

ЖАЗБАША ЖҰМЫС:

- шығарманың толық талдауы (партитура мен клавирдің)

 

Жазу уақыты – 5 академиялық сағат.

 

ІІІ. РЕФЕРАТ ҚОРҒАУ

 

Ұсынылатын рефератқа қойылатын талаптар:

1. Реферат тақырыбы мен мазмұны мамандық бейініне сәйкес болуы керек;

2. РЕФЕРАТ қазақ немесе орыс тілдерінде орындалады;

3. Рефератта көрсетілуі тиіс ақпарат:

-       ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізудің негіздемесі, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы;

-       зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттерінің тұжырымы;

-       соңғы жарияланымдар мен зерттеулердің талдауы, мәселенің шешілмеген бөлігі;

-       зерттеудің қорытынды нәтижесі, практикалық маңыздылығы.

4. Рефератқа шығу деректері көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    қоса берілуі керек (атауы, жарық көрген жері мен жылы, жалпы көлемі);

5. Рефераттың сілтемелік материалы ғылыми жұмыс нормаларына сәйкес

    рәсімделеді (сілтеменің әдебиет көзі мен бет нөмірі міндетті түрде

    көрсетілуі керек);

6. Сілтемелік материал реферат мәтіні көлемінің 20% аспауы керек;

7. Ноталық мысалдар (егер де болса) рефератқа қосымша ретінде тіркеліп,

    рефераттың негізгі мәтінінің беттемесіне қосылмайды;

8. Реферат көлемі 15 беттен кем болмауы керек;

9. Мәтін интервалы – 1, шеттері: сол жағы – 30 мм., оң жағы – 10 мм,,

    жоғарғы және төменгі – 20 мм. сақтап жазылуы керек. Беттеу араб

    сандарымен қойылып, номерлеу әрбір параққа қойылады. Бет нөмері

    парақтың төменгі оң жағына қойылады (бірінші беттен басқа).

Рефератты қорғау кезінде зерттеу тақырыбына байланысты музыка теориясы, тарихы, музыкалық фольклор және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.