афиша

Дәстүрлі музыка өнері

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ 

Білім беру бағдарламасы: 6D040400 – Дәстүрлі музыка өнері 

Мамандандырылуы: Халық аспаптары (Баян, аккордеон, прима қобыз, қыл қобыз)


Бағалау баламасы: 


Ғылыми-педагогикалық докторантураға шетел тілі бойынша тестілеу 100-балдық жүйеде бағаланады. Өту үшін кемінде 50 балл алу керек. 


         Мамандық бойынша шығармашылық емтихан 50-баллдық жүйеде бағаланады. 


«Өте жақсы» баға: 


Талапкер өзінің жарқын музыкалық, орындаушылық қабілетінің жоғары деңгейін, музыкалық стильді сезінуін, орындаушылық үндесуінің мәдениетін көрсете білу керек.
Емтиханның ауызша түрінде талапкер музыкалық, теориялық білімінің, аналитикалық ой-өрісінің кеңдігін көрсетуі абзал. 


«Жақсы» баға: 


Талапкер авторлық мәтінді стилистикалық тұрғыда нақты орындайды. Бірақ, техникалық мүмкіншілігін көрсете алмайды. Орындаушылығының сапасы мен әртүрлілігінде айырмашылығы жоқ.
Емтиханның ауызша түрінде талапкердің білімі нақты, тақырыпты логикалық тұрғыда айқын, нанымды жеткізе біледі. Дегенмен, музыка тарихы мен теория сұрақтары бойынша түсінігі аз, музыкатанудың кілттік үрдістерін толыққанды білмеуі, өз ойын тұжырымдай алмауы, ойлау қабілеті жүйелі емес. 


«Қанағаттанарлық» баға: 


Орындайтын шығармалардың стилистикасы мен мазмұнына түсінігі аздау, музыканың бейнелеуші құралдарын (интонация, есту қабілеті, фразировка, ритм) жеткіліксіз пайладануы.
Емтиханның ауызша түрінде шығармаларды, процестерді талдап жіктеу дағдылары нашар; материал жүйелілігінің логикалық тұрғыдан қарағанда жеткіліксіз болуы; музыка тарихы мен теориясы және әдістемелік мәселелер бойынша білімнің төмен болуы; 


«Қанағаттанарлықсыз» баға: 


Ритмикалық еркін, техникалық және көркемдік дыбыс тазалығын нашар қолдануы; бағдарлама деңгейінің емтихан талаптарына сәйкес келмеуі.
Емтиханның ауызша түрінде талдап жіктеу дағдылары нашар; материал жүйелілігінің логикалық тұрғыдан қарағанда жеткіліксіз болуы. 


Реферат қорғаудағы ең жоғары баға – 50 балл. 


«Өте жақсы» баға: 


Талапкер өзекті мәселелерді ұсына білу керек, өзінің жан-жақты білімдарлығын, аналитикалық ой-өрісін, ғылыми аппаратқа ие болу, мәселені шешу жолдарын таба білу. 


«Жақсы» баға: 


Талапкер мақсаты мен міндетін жақсы тұжырымдайды, ғылыми-зерттеудің негізгі ережелерін логикалық тұрғыда жеткізе біледі. Бірақ, қарастырылатын сұрақтың теориялық, тарихи және әдіснамалық мәселелері бойынша білім деңгейінің жеткіліксіз болуы. 


«Қанағаттанарлық» баға: 


Зерттеу мәселелерінің түпкі түсінігінің төмен болуы, ғылыми тілдің жазба дағдыларын қолдануының аздығы, жұмыстың өзектілігін дәлелдей алмауы. 


«Қанағаттанарлықсыз» баға: 


Зерттеудің практикалық маңыздылығының болмауы, көлемі аз (10-нан кем бет), ғылыми тілді қолданудың аздығы, тақырыбы мамандықтың бейініне сәйкес келмеуі. 


  І. АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ТЕСТІЛЕУ 


  ІІ. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН 


Емтиханға ағылшын тілі тестілеуінен өту баллын жинаған талапкер жіберіледі.
Емтиханда 50-60 минуттан аспайтын еркін концерттік бағдарлама ұсынылады. Концерттік бағдарлама әртүрлі стильдер мен кезеңдерді қамту керек, оның ішінде Қазақстан композиторының шығармасы міндетті.

АУЫЗША ЕМТИХАН 

 
Билет екі сұрақтан құрылған: музыка тарихы мен теориясы және мамандықтан.
  Музыка тарихы мен теориясы бойынша сұрақтар:
1.     Музыкадағы жанр категориясы.
2.     Полифониялық қатаң хаттың жалпы сипаттамасы.
3.     Музыкалық тілдің элементтері. Әуен. Гармония. Метр және ырғақ. Фактура.
4.     Музыкалық құрылымның классификациясы: негізгі түрлері.
5.     Бағдарламалықтың түрлері, бағдарламалық шығармалардың жанрлары мен құрылымы.
6.     ХХ ғасы музыкасындағы полифония құрылымы.
7.     Фактура, оның түрлері мен функциялары.
8.     Ұлттық композиторлық мектептер.
9.     Драматургияның эстетикалық принциптері мен заңдары, Вена классикалық мектебінің музыкалық тілі.
10.   XIX-XX ғ. тоғысындағы орыс музыка мәдениеті.
11.    XX-XXI ғғ. шетел музыка мәдениетінің даму көрінісі. Негізгі көркемдік ағымдары мен бағыттары.
12.    Қазақ музыкалық мәдениетіндегі концерттік жанр эволюциясы.
13.    Қазақ халқы ән жанрының даму тарихы (ХІХ ғ.).
14.    ХХ-XXI ғғ. көпшілік музыка мәдениеті.
15.    П.Чайковский мен Н.Римского-Корсаковтың опералық шығармашылығы.
16.    Абай Құнанбаевтың музыкалық мұрасы, оның музыкалық-поэтикалық реформасы.
17.    Қазақ музыкалық фольклорының жанрлық жүйесі.
18.    Қазақстан музыкалық мәдениетінің дамуындағы А.Жұбановтың шығармашылық қызметі.
19.    Қазақтың әдет-ғұрып фольклоры.
20.    С.Мұхамеджанов шығармашылығындағы ұлттық дәстүр.
21.    Әл-Фарабидің музыка туралы трактаты.
22.    Қазақ операсының жанр эволюциясындағы дамуы.
23.    Қазақтың дәстүрлі аспаптық музыкасы. Мектептер мен дәстүрлер.
24.    ХХ ғасыр композиторлары шығармашылығындағы қазақ симфониялық музыкасы 

25.    Қазақстан композиторлары музыкасындағы камералық-аспаптық шығармашылық. 


  Мамандандырылу бойынша сұрақтар: 


1.       ХХ ғасырдың көрнекті орындаушылары (таңдаған мамандық бойынша).
2.       Таңдаған мамандық бойынша басты зерттеулер мен еңбектер.
3.       Түркітілдес халықтарының туыстас аспаптары (таңдаған мамандық бойынша).
4.       Дәстүрлі музыканы үйрету әдістері (таңдаған мамандық бойынша).
5.       Қазақ музыкалық фольклоры: өткені мен бүгіні (таңдаған мамандық бойынша).
6.       ХХ ғасырдың композиторлық техникалары мен орындаушылық шеберлік (таңдаған мамандық бойынша).
7.       Орындаушылықтың камералық-ансамбльдік құрылымы (таңдаған мамандық бойынша).
8.       Кәсіби дағдыларды шыңдау жұмыстарының ерекшеліктері (таңдаған мамандық бойынша).
9.       Артикуляциялық-қағыстық мәдениеттің қалыптасуы мен даму мәселелері (таңдаған мамандық бойынша).
10. Орындаушылық өнердегі суырып салма қасиеті (таңдаған мамандық бойынша).
11. Жоғары білім берудегі музыкалық-педагогикалық үдерістің ерекшелігі (таңдаған мамандық бойынша).
12. Орта кәсіби білім берудегі музыкалық-педагогикалық үдерістің ерекшелігі (таңдаған мамандық бойынша).
13. Бастауыш білім берудегі музыкалық-педагогикалық үдерістің ерекшелігі (таңдаған мамандық бойынша).
14. Орындаушының музыкалық шығармамен жұмыс жасау түрлері.
15. Музыкалық шығармамен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдері.
16. Еліміздің негізгі орындаушылық ұжымдары мен мәдени орындарына шолу.
17. Интерпретация – көркемдік ойлаудың феномені ретінде.
18. Шығарма интерпретациясының қалыптасуындағы жеке аспекттер.
19. Орындаушылық өнер тарихындағы интерпретация (таңдаған мамандық бойынша).
20. Қазақстанның көрнекті орындаушылары.
21. Қазақстанның орындаушылық мектептері (таңдаған мамандық бойынша).
22. Қазақстанның заманауи музыкатануы.
23. Орындаушылық репертуардағы Қазақстан композиторларының шығармалары (таңдаған мамандық бойынша).
24. Музыкалық аспаптар классификациясы. Аспаптың құрлымы мен дыбыс шығару ерекшеліктері (таңдаған мамандық бойынша).
25. Жоғары білім беру жүйесіндегі орындаушының кәсіби құзіреттілігі. 


  ІІІ. РЕФЕРАТ ҚОРҒАУ 


  Ұсынылатын рефератқа қойылатын талаптар: 


1.       Реферат тақырыбы мен мазмұны мамандық бейініне сәйкес болуы керек;
2.       Реферат қазақ немесе орыс тілдерінде орындалады;
3.       Рефератта көрсетілуі тиіс ақпарат:
      - ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізудің негіздемесі, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы;
      - зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттерінің тұжырымы;
      - соңғы жарияланымдар мен зерттеулердің талдауы, мәселенің шешілмеген бөлігі;
    - зерттеудің қорытынды нәтижесі, практикалық маңыздылығы.
4.       Рефератқа шығу деректері көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі қоса берілуі керек (атауы, жарық көрген жері мен жылы, жалпы көлемі);
5.       Рефераттың сілтемелік материалы ғылыми жұмыс нормаларына сәйкес рәсімделеді (сілтеменің әдебиет көзі мен бет нөмірі міндетті түрде көрсетілуі керек);
6.       Сілтемелік материал реферат мәтіні көлемінің 20% аспауы керек;
7.       Ноталық мысалдар (егер де болса) рефератқа қосымша ретінде тіркеліп, рефераттың негізгі мәтінінің беттемесіне қосылмайды;
8.       Реферат көлемі 15 беттен кем болмауы керек;
9.       Мәтін интервалы – 1, шеттері: сол жағы – 30 мм., оң жағы – 10 мм,, жоғарғы және төменгі – 20 мм. сақтап жазылуы керек. Беттеу араб сандарымен қойылып, номерлеу әрбір параққа қойылады. Бет нөмері парақтың төменгі оң жағына қойылады (бірінші беттен басқа).  
Рефератты қорғау кезінде зерттеу тақырыбына байланысты музыка теориясы, тарихы, музыкалық фольклор және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.