афиша

ҰБТ тапсыруға өтініш берушілерге құжаттар тізімі

Орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар ҰБТ-ға қатысу үшін желілік ЖОО-ға мынадай құжаттарды:

1) № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтінішті; (консерваторияда толтырылады)

2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосуретті;

3) орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатты (түпнұсқа);

Бұл ретте, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылғы бітірушілері білімі туралы құжаттың орнына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алған мамандығының (біліктілігінің) коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама береді.

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы  № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген   086-У нысандағы медициналық анықтаманы;

6) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.

7. Тестілеу өткізу ақысын төлегендігі туралы түбіртек (квитанция) 2242 теңге. Халық банкінің кез келген кассасында қабылданады.

* - тестілеу бағасы – 2242 теңге.


Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктері кассасынан төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК ҚР БҒМ

010011 Астана қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX     КБE 16

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Төлемнің атауы – "Кешенді тестілеу үшін" (2242 теңге).

Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы ғана төлем жасауға болады.


Ескерту: жеке куәлік төлеген кезде өзіңізбен бірге міндетті түрде болуы тиіс.

 

Анықтама