ДАЯРЛЫҚ КУРСЫ

5В040300 - «Вокалдық өнер» кафедрасының

дайындық курсына түсуші талапкерлердің ережесі сонау, «Ән салу» кафедрасының негізін қалаушылардың көптеген жылдардағы еңбектерінің нәтижесінде қалыптасқан.


Негізгі талаптар:

1. Талапкер міндетті түрде кафедра меңгерушісі мен қабылдау комиссиясының мүшелеріне келіп тыңдалып, қажетті кеңес алып, емтиханға  жолдама алуы тиіс.

2. Кеңес берудің негізгі мақсаты – талапкердің вокалдық және музыкалық орындаушылық қабілетін анықтау; (дауысқа арналған жаттығулар беру немесе орындалатын шығармалар тыңдау арқылы); музыкалық есту қабілетін  барын анықтау. Дауыстың негізгі ерекшеліктерін, кемшіліктерін (дыбыс пен сөздің дұрыс еркін әндетілмеуі) анықтау.


1-ші дайындық курсына түсуші талапкер:

1. Дауыс материалы жақсы болуы керек

2. Дауыс диапазоны жеткілікті болуы тиіс

3. Әншілік дауыс бояуы әдемі болуы керек

4. Сырт келбеті сымбатты, физикалық тұрғыдан дамыған, сұңғақ бойлы , сахнаға лайықты қасиеттер болғаны дұрыс;

5. Кем дегенде бастапқы музыкалық білімі (ноталық сауаты, музыкалық теориялық  негіз болу керек)

6. Әртістік орындаушылық қабілеті (шығарманың мазмұнын актерлік шеберліктің элементтерімен ұштастыра  білу)

 

Экзаменнің талабы:

1.  Романс немесе кез келген халық әні

2-ші дайындық  курсына түсуші  талапкер:

1. Талапкердің арнайы музыкалық білімі болуы керек;

2. Өте жақсы дауыс материалының иесі болуы тиіс

3. Дауыс диапазоны жеткілікті болуы тиіс

4. Әншілік дауыс бояуы әдемі болуы керек

5. Сырт келбеті сымбатты, физикалық тұрғыдан дамыған, сұңғақ бойлы , сахнаға лайықты қасиеттер болғаны дұрыс

6. Әртістік орындаушылық қабілеті (шығарманың мазмұнын актерлік шеберліктің элементтерімен ұштастыра  білу)

 

ОҚҮ ҚҰНЫ:

Дайындық бөлімі (1 курс)–490404 тг.

Дайындық бөлімі (2  курс)–520293 тг.