ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  

Құрманғазы атындағы ҚҰК

Қабылдау комиссиясының төрайымы

А. Жүдебаев  ___________ 
«____» __________ 2018 ж. 
         

 

РММ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының

жоғары білім беру (бакалавриат) бағдарламасымен

білім алуға қабылдау

ЕРЕЖЕЛЕРІ

(2018-2019 оқу жылы)

 

I . Жалпы ережелер

 

1. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (ары қарай Құрманғазы ат. ҚҰК) білім алуға қабылдау ережелері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 4 бабымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары білім берудің білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың Типтік ережелерін бекіту туралы» 2012 жылдың 19 қаңтарындағы №111 Қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары білім берудің білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың Типтік ережелерін бекіту туралы» 2012 жылдың 19 қаңтарындағы №111 Қаулысына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2017 жылдың 6 сәуіріндегі  №174 Қаулысының 5 тармақшасына сәйкес жасалды.

2. Құрманғазы ат. ҚҰК «Өнер» және «Білім беру» бағыттарында толық және қысқартылған мерзімдегі білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізеді.

3. Бакалавриат білім беру бағдарламасына республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатты бітірген, жоғары (кәсіби жоғары) музыкалық білімі бар, сонымен қатар Құрманғазы ат. ҚҰК-ның дайындық бөлімін табысты аяқтаған тұлға қабылданады. «Педагогика және психология», «Арт-менеджмент» және «Музыкалық білім беру» мамандығының білім беру бағдарламасына да жалпы білім беру мектебімен қосымша бес немесе жеті жылдық музыкалық білімі бар, өнер колледжін, педагогикалық колледжді бітірген тұлғалар қабылданады.

4. Бакалавариат бағдарламасына қабылдау келесідей жүргізіледі:

1) мемлекеттік білім беру тапсырыстарын (білім беру гранттары) орналастыру;

2) азаматтың жеке қаржысымен және басқа көздерден білім алу ақысын төлеу.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер аталған деңгейдегі білімді алғаш рет алса, ақысыз білім берудің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес байқауқа қатысуға құқығы бар. Шетелдіктердің байқау негізінде ақысыз жоғары білім алуы мемлекеттік білім алу тапсырысына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық  келісімшартымен анықталады.

 Құрманғазы ат. ҚҰК-на түсуші тұлғаларды қабылдау шығармашылық емтихандарының және бірыңғай ұлттық тестілеу (ары қарай БҰТ) немесе кешенді тестілеу (КТ) сертификаты нәтижесіне сәйкес байуқау негізінде олардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

 Шығармашылық емтихан түсушінің қабілетін және тұлғаның кәсіби шығармашылық бағыттылығын игеру алғышартына бағытталады.

«Педагогика және психология» мамандығына түсуші талапкердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға бағытталған арнайы емтихан тапсырады және психологиялық тестілеу формасы мен педагогикалық жағдайды шешу түрінде жүргізіледі, және де «Музыкалық педагогика негіздері», «Музыкалық психология негіздері» пәндерінен екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Арнайы емтихан нәтижесі бойынша «рұқсат жоқ» белгісін алған тұлға «Педагогика және психология» мамандығына түсуге жіберілмейді, білім беру грантын беру бойынша байқауға қатыса алмайды, сонымен қатар ақылы негізге де қабылдана алмайды. 

5. Түсуші екідипломдық және Құрманғазы атындағы ҚҰК бірлескен бағдарламасымен білім алуға мүмкіндігі бар. Бұл ҚР Білім және ғылыми министрлігінің «Кредиттік технологиямен білім алу бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» 2011 жылдың 20 сәуіріндегі № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігінің 2016 жылғы 28 ақпандағы № 90  реттелген бұйрығының ережесі мен тәртібі арқылы жүзеге асырылады.  

6. Оқуға түсу екі кезең бойынша жүргізіледі:

- екі шығармашылық емтихан тапсыру;

- БҰТ немесе КТ тапсыру. Екі пәннің тесті бойынша балл есепке алынады: Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі).

 Жалпы балл шығармашылық емтихан мен ҰБТ немесе КТ нәтижесі бойынша есептеледі.

7. Жоғары білімі бар тұлғаны қысқартылған мерзімді білім берудің білім беру бағдарламасына қабылдау тыңдау нәтижесімен немесе сұхбат алу түрінде жүргізіледі.

8. Кешенді тестілеу музыкалық колледж түлектеріне; республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат түлектеріне, ҰБТ-ға қатыспағандарға, сонымен қатар өткен жылғыларға; музыкалық оқу орнын шетелде бітірушілерге  жүргізіледі.

9. Арнайы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін Құрманғазы ат. ҚҰК-сы ректорының бұйрығымен емтихан өткізу кезінде төрағаны қоса есептегенде тақ саннан тұратын комиссия құрылады. Егер мәжіліс құрамының үштен екісі қатысса комиссия заңды болып есептеледі. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көп даусымен қабылданады.  Комиссия мүшелерінің даусы тең болған жағдайда төраға даусы шешуші болып табылады.

10. Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихан кестесі (емтихан жүргізу формасы, күні, уақыты мен өтетін орны, кеңес) қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіліп, түсушілерге құжат тапсыру басталардан кешіктірмей мәлімет беріледі.

11. Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихан кезінде аудиторияға кіру жеке куәлік құжатын көрсету арқылы жүзеге асырылады.

12. Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихан басталатын уақытқа дейін түсушіге емтихан материалдары беріледі және алғашқы бетін рәсімдеу тәртібі түсіндіріледі, сонымен қатар арнайы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты және шағымға өтініш беру процедурасы көрсетіледі.

13. Шығармашылық емтиханнан 5 балдан төмен жинаған немесе оған жетпеген тұлға аталған мамандықтың білім беру тапсырысына (білім беру гранты) ҰБТ және КТ-ға қатысу үшін және түсу үшін жіберілмейді.

14.  Егер талапкер өту балын жинай алмаса, екінші рет қайтадан кешенді тестілеу тапсыруға құқығы бар. Осыған орай мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алу мүмкіндігінен айрылады. 

15. Құрманғазы атындағы ҚҰК-на ақылы негізде қабылдау екінші реттік КТ шығармашылық емтихан нәтижесі мен тестілеу сертификаты нәтижесінің (оның ішінде 15 балл шығармашылық емтихан бойынша, 5-тен төмен емес балл Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы- оқытылатын тіл бойынша) барлық жиынтығы 65 балдан тұратын қатысушы үшін жүргізіледі.

16.  Қайталама КТ нәтижесі бойынша өту балын жинай алмаған колледж бітірушілері күндізгі оқу түрінің бірінші академиялық кезеңі аяқталғанша ақылы негізде  тыңдаушы ретінде шартты түрде қабылдана алады.

17. Шартты түрде қабылданған колледж бітірушілері қайта тапсырған КТ нәтижесінде белгіленген өту балын жинай алса, бірінші академиялық кезеңнен кейін ЖОО-на ақылы негізде қабылдана алады.

18. Аталған КТ нәтижесі бойынша белгіленген өту балын жинай алмаған тұлға жоғары оқу орнынан шығарылады.

19. ҰБТ және КТ өткізу ережелері білім беру саласындағы құзіретті органдармен бекітіледі. 

20.  Құрманғазы атындағы ҚҰК-на шетелдік азаматтарды қабылдау ақылы негізде тыңдау және сұхбаттасу түрінде жүзеге асырылады.

21.  Өтініш қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүргізіледі.

22.  Шығармашылық емтихандар 8-і мен 13 шілде аралығында жүргізіледі. Әр шығармашылық емтиханның ең жоғары балы – 40 балл. Шығармашылық емтихан қорытындысын шығару бағалау ведомосімен рәсімделеді. Пәндік комиссияның хаттамасына төрайымның және комиссия мүшелерінің қолы қойылады. 

23. Шығармашылық емтиханнан 5-тен төмен балл алған немесе оған жетпеген тұлға аталған мамандық бойынша түсу үшін тапсыратын тестілеуге жіберілмейді.

24. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

25. Құрманғазы ат. ҚҰК-сы он күндік мерзім ішінде Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым Министрлігіне шығармашылық емтиханның ұйымдастырылуы мен өткізілуі туралы қорытынды есепті, сонымен қатар шығармашылық емтихан тапсыру туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.

26. Арнаулы емтихан 8-сі мен 13-шы шілде аралығында өтеді және «рұқсат» /  «рұқсат жоқ» деп бағаланады. Арнаулы емтиханның қорытындысын шығару төрайым мен комиссия мүшелері қол қоятын рұқсат ету ведомосімен рәсімделеді.

27. Арнаулы және шығармашылық емтиханның нәтижесі емтихан өткізілген күні жарияланады.

28. Арнаулы және шығармашылық емтиханның өткізілу түрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары білім берудің білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың Типтік ережелерін бекіту туралы» 2012 жылдың 19 қаңтарындағы №111 Қаулысының 1к қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

29. Талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және арнаулы және шығармашылық емтихандардың нәтижесі бойынша даулы мәселелерді шешу бойынша арнаулы және шығармашылық емтихан тапсырушы тараптың құқықтарын қорғау мақсатында емтихан өткізу кезеңінде ректордың бұйрығымен аппеляциялық комиссия құрылады.

30. Аппелляцияға берілетін өтініш аппелляциялық комиссияның төрайымының атына тек арнаулы және шығармашылық емтихан тапсырушы тұлғаның атынан ғана беріледі. Өтініш арнаулы және шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланған күннің ертеңінде сағат 13.00-ге дейін қабылданады және аппелляциялық комиссиямен бір күн ішінде қаралады.

31. Аппелляциялық комиссияның шешімі егер мәжіліске оның құрамының үштен екі бөлігі қатысса заңды болып есептеледі. Арнаулы және шығармашылық емтихан нәтижесімен келіспеушілік туралы аппелляция шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан көп бөлігінің даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрайым даусы шешуші болып табылады. Аппелляциялық комиссияның жұмысы төрайым мен барлық комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен рәсімделеді.

32. Бес күндік мерзім ішінде Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым Министрлігіне шығармашылық емтиханның ұйымдастырылуы мен өткізілуі туралы қорытынды есеп, сонымен қатар арнаулы және шығармашылық емтихан тапсыру туралы бұйрықтың көшірмесі ұсынылады.

II. Кешенді тестілеу өткізу

33. КТ өткізу үшін мемлекеттік комиссия құрылады.

34. КТ-ға қатысу үшін түсуші қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

            a)   белгіленген үлгідегі бланкіге толтырылған өтініш;

        b)   Республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, колледж бітіру туралы; жалпы білім беру мектебіне қосымша бес немесе жеті жылдық музыкалық білім («Педагогика және психология», «Арт-менеджмент», «Музыкалық білім» мамандықтары үшін) (түпнұсқа) аттестаты.

            c)   тестілеу өткізуге арналған төлем түбіртегі.

            d)   3х4 өлшемді 10 фотокарточка

            e)   086-У формасындағы медициналық анықтама

            f)   жеке куәлігінің көшірмесі

            g)  халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) мекенжайы туралы анықтама

35. КТ-ға қатысуға арналған өтініш қабылдау 01-мен 20 маусым аралығында жүргізіледі.

36. КТ 14-і мен 18 шілде аралығында жүргізіледі.

37. КТ жүргізуге 2 сағат 30 минут уақыт беріледі.

38. КТ өткізу кезінде орыннан орынға ауысуға, емтихан материалдарын алмастыруға, көшіруге, оқулықтарды, басқа әдістемелік әдебиеттерді, мобильдік байланыс құралдарын аудиторияға алып кіруге және қолдануға тыйым салынады.

39. Аталған Ереженің 37 пункті бұзылған жағдайда ҚР БжҒМ өкілі тыйым салынған заттарды ұстап алу және сәйкес үлгіде тапсырушыны шығару туралы акт құрастырып, тест нәтижесін жою туралы шешім қабылдайды.

40. Түсушінің КТ-ға берілген уақыты өткеннен кейін өңдеуге арналған емтихан материалдарын өткізуден бас тартқан жағдайда ҚР БжҒМ өкілі сәйкес форма бойынша акт құрастырады. Осыған орай көрсетілген тұлғаның емтихан материалының нәтижесі өңделмейді.

42. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны -  20. Әр тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен есептеледі.

43. КТ нәтижесін өңдеу Құрманғазы ат. ҚҰК-да жүргізіледі.

44. Дұрыс жауаптардың кодтары тестілеу нәтижесін өңдеп біткен соң ілінеді.

45. КТ нәтижесі тест өткізілген күні мемлекеттік комиссиямен жарияланады.

46. КТ нәтижесі бойынша әр қатысушыға тестілеуден кейін үш күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік комиссиямен белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

47. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалауда даулы мәселелерді шешу бойынша арнаулы және кешендік тестілеуге қатысушы тараптың құқықтарын қорғау мақсатында емтихан өткізу кезеңінде шағымды (ары қарай – Республикалық аппеляциялық комиссия) қарау бойынша Республикалық комиссия және Құрманғазы ат. ҚҰК-ның аппеляциялық комиссиясы құрылады.


48. Аппеляциялық комиссияның төрағасы ҚР БжҒМ-нің бұйрығымен комиссия мүшелерінің санынан, ал құрамы КТ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасымен бекітіледі.

49. Шағым комиссиясы тестілеуге қатысушыдан өтініш қабылдап, тест тапсырмаларының мазмұнын және техникалық себептерді қарап, тұлғаға қосымша балл беру туралы Республикалық шағым комиссиясына ұсыныс білдіреді және оған шағым қорытындысы туралы ақпарат береді.

50. Шағымға өтініш тестілеуге қатысушы жеке тұлғаның атынан шағымлық комиссияның төрағасының атына беріледі. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініш кешенді тестілеу нәтижесі жарияланған күннің келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және шағым комиссиясымен бір күн ішінде қаралады.

51.  Шағым комиссиясы әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға шағым комиссиясы мәжілісіне келмеген жағдайда оның өтініші шағымда қарастырылмайды.

52. Шағым комиссиясының жұмысын шағым комиссиясы төрағасы басқарады.

53. Тестілеу нәтижесіне келіспеушілік туралы шағым шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан көп бөлігінің даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрайым даусы шешуші болып табылады. Шағым комиссиясының жұмысы төрайым мен барлық комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен рәсімделеді.

54. Республикалық шағым комиссиясы шағым комиссисының тұлғаға балл қосу туралы ұсынысының негізділігін қарастырып, комиссия мүшелерінің жалпы санынан көп бөлігінің даусымен қабылданатын шешім шығарады. Дауыстар тең болған жағдайда төрайым даусы шешуші болып табылады. Республикалық шағым комиссиясының шешімі төрайым мен барлық комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен рәсімделеді.

Қайта тапсырылатын тестілеу

55. Қайта кешенді тестілеуге қатысушы үшін түсуші 1-і мен 8-ші тамыз аралығында қабылдау комиссиясына көрсетілген құжаттардан басқа БҰТ немесе КТ тапсыру туралы сертификатын өткізеді.

56. Қайта кешенді тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі.

III. Құрманғазы атындағы ҚҰК-на оқуға қабылдау

57. Студенттер қатарына қабылдау 10-ы мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі.

58. Ақылы білім алуға ҰБТ және КТ-дан өткен тестілеу мен шығармашылық емтихан нәтижесі 65 балдан кем емес («Педагогика және психология» мамандығы бойынша – 60 балдан кем емес), оның ішінде 5-тен төмен емес балл Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқытылатын тіл бойынша жинаған талапкер қабылданады.

59. ЖОО-на қабылдау мамандық және тілдік бөлім бойынша бөлек қабылданады.

60. Егер түсуші екінші деңгейлік банктен берілетін білім беру кредитін рәсімдеген жағдайда, түсуші құжаттарының қарастырылуда жатқандығы туралы банктен тиісті анықтамасын ұсынғанда студенттер қатарына қабылданады.

61. Осыған орай білім беру кредитін рәсімдеу кезеңінде келісімшартта белгіленген білім беру қызметін көрсету және азаматты қабылдауға дейін төлеуге тиісті мерзімі ұзартылған төлем сомасы ұсынылады. Бұл анықтама банктен алынғаннан кейінгі 4 аптадан аспауы тиіс.

62. Түсуші ЖОО-ның қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен қатар аталған Ереженің 3 тармағына сәйкес білім беру ұйымын бітіргендігі туралы құжат, 086-У түріндегі медициналық анықтама, 3x4 өлшемдегі 10 фотосурет, ҰБТ және КТ сертификаты, сонымен қатар білім беру гранты берілген куәлікті (болған жағдайда) тапсыру қажет.

63.  Біліктілігі және мамандығы бойынша бір жылдан кем емес жұмыс өтілін  растайтын колледжді немесе ЖОО-нын бітіргендігі туралы құжаты бар тұлға қосымша келесі құжаттарды тапсырады:

1) еңбек кітапшасы;

2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған (бар болған жағдайда) қызмет туралы тізім (жұмыс туралы мәлімет тізімі, жұмысшының еңбек қызметі);

3) жұмысшының еңбек қызметі туралы мәліметтердің мұрағат анықтамасы;

64. Шартты түрде тыңдаушы ретінде қабылдауға ұсынылатын тұлға ЖОО-ның қабылдау комиссиясына өтінішпен қоса соңғы техникалық және кәсіби білім туралы құжатын (түпнұсқа), 3x4 өлшемдегі 10 фотосурет, 086-У түріндегі медициналық анықтама, ҰБТ және КТ сертификатын қоса ұсынады.

65. Қайта тапсырған КТ нәтижесі бойынша белгіленген өту балын жинаған жағдайда шартты түрдегі қабылданушы ретінде ЖОО басшысының атына ЖОО-на ақылы негізде қабылдау туралы өтініш береді. қайта тапсырған КТ  сертификаты мен құзіретті тұлғаның қолы қойылып, мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі өтінішпен қоса ұсынылады.

66. Білім беру гранты берілген куәлікті алған тұлға Құрманғазы ат. ҚҰК-на қабылдау туралы өтініш береді және ректор бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

67. ҰБТ және КТ тапсыру аясында пәндердің бірінен 5-тен төмен балл алған тұлға ақылы білім алуға немесе білім беру грантын беру байқауына қатысуға өтпейді.

68. Шетел тілінде ұсынылатын құжаттардың нотариалды түрде куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы болуы қажет. Шетелдік білім беру ұйымдарынан берілген білім беру құжаты тұлға қабылданғаннан кейінгі білім алудың бірінші семестрі ағымында белгіленген заңнамалық тәртіппен нострификациялау процедурасынан өтеді.

69. Құрманғазы ат. ҚҰК-сы қабылдау өткізгеннен кейінгі 5 күн мерзімінде ҚР БжҒМ-не қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрық көшірмесін, сонымен қатар білім беру грантын иеленушілердің, одан бас тартушылардың және тұлғалардың   көшірмесінің түпнұсқасын және консерваторияға түспейтін тұлғалар туралы деректер (Аты-жөні, мамандығы) ұсынылады.

70. Аталған Ереже тәртібіне енбейтін мәселелерді қабылдау комиссиясы дербес шешеді.