афиша

«ТАЛАПКЕР-2019» ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

ТАЛАПКЕРЛЕРДЕН ТӨМЕНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ТАЛАП ЕТІЛЕДІ:

1.   Жеке куәлік (төлқұжат және құжаттың 3 дана көшірмесі + сканерленген нұсқасы CD-дискінде);

2.   Диплом қосымшасымен, аттестат, куәлік қосымшаларымен (түпнұсқасы мен көшірмесі);

3.   Ұлттық Бірыңғай Тест нәтижелері көрініс алған Мемлекеттік сертификат;

4.   Республикалық (ҚР БжҒМ бекіткен) және Халықаралық конкурстардың (соңғы үш жылдың 2017, 2018, 2019) жеңімпаздары, жетім, мүгедек балалардың жеңілдіктерін растайтын құжаттар;

5.    086-У үлгісіндегі медициналық анықтамамен бірге (түпнұсқа және құжаттың көшірмесі) 2019ж. флюрокадр (рентген суреті);

6.   063 үлгісіндегі егу картасы (түпнұсқа және құжаттың 2 дана көшірмесі);

7.   Ер азаматтарға әскери міндеті туралы құжат (түпнұсқа және құжаттың көшірмесі - 3 дана);

8.   Фотосурет 10 дана – 3х4 см (2019 жылғы + сканерленген нұсқасы CD-дискінде); 

9.   ХҚКО-нан мекен-жайы туралы анықтама – 2 дана;

10.   Құжат тігілетін қағаз мұқаба (скоросшиватель); 

11.   А5 көлеміндегі конверт; 


Ескерту: жеке куәлік төлеген кезде өзіңізбен бірге міндетті түрде болуы тиіс.