info@conservatoire.kz

Біліктілікті жоғарылату және қосымша білім беру бөлімі

БІЛІКТІЛІКТІ ЖОҒАРЫЛАТУ:

 

      ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ, КОЛЛЕДЖ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БАСШЫЛЫҒЫНА

 

Құрметті әріптестер!

 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бөліміне 2020-21 оқу жылына тыңдаушыларды қабылдайды, оқу орынының барлық мамандықтары бойынша.

 

 

Келесі бағдарламалар бойынша оқу мерзімі:

"Авторлық курс" бағдарламасы-10 күн;

"Мамандық" бағдарламасы - 30 күн;

"Тағылымдама" бағдарламасы - 1 жыл;

"Көшпелі шеберлік сыныбы" бағдарламасы - 3 күн

 

1.Күндізгі бөлімде оқыту түрі

2.Қашықтықтан оқыту түрі

 

Сондай-ақ "Онлайн оқыту: мүмкіндіктер және практикалық қолдану" онлайн курсын 72 сағат өткізеді, курс PLATONUS арқылы келесі тақырыптарды қамтиды (тапсырмаларды, оқу кейстерін және тестілерді жүктеу), электронды кітаптар мен онлайн-дәрістер, соның ішінде музыкалық-теориялық және музыкалық-тарихи мәселелерді әзірлеу.

Курстың жүргізушілері: физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент - Ш.А. Аманжолова

Аға оқытушы, өнертану кандидаты - В. Е. Недлина

Аға оқытушы, магистр- К. К. Матжанова.

 

Сабақтың басталуы:

Тыңдаушылардың өтінімі бойынша

 Оқу құны:

"Авторлық курс" бағдарламасы 72 сағат (10 күн) - 48 750 тг (мамандықты оқыту әдістемесі)

Онлайн курс «онлайн оқыту» 72 сағат (7 күн)– 48 750 тг (жеке)

16250 тг (тыңдаушылар тобында - 9 адамнан кем емес)

"Мамандық" бағдарламасы 180 сағат (30 күн) - 118 625 тг,

"Тағылымдама" бағдарламасы 120 сағат (1 жыл) - 313 625 тг,

"Көшпелі шебелік сыныбы" бағдарламасы 36 сағат (3 күн) – 18 500 тг.

 

Біліктілікті арттыру курсын тәмәмдаған адамдар белгіленген үлгідегі сертификат немесе куәлікке ие болады.

БА тыңдаушылары келген кезде бейінді білімі туралы дипломның көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі болуы қажет.

Қабылдау                                                                                   Тел: +7727 2724318   

 


ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ:

Егер сіз балаңызды терең, сезімтал, ақылды адам ретінде тәрбиелеуді қаласаңыз, онда оны музыкамен танысу үшін дәл ол орнаған жерге- Консерватория жанындағы Музыкалық даму орталығына әкеліңіз.

Орталықтағы білім беру таңдамалы:

1.      Музыкалық кешен: мамандық, сольфеджио, музыкалық әдебиет, хор;
2.      Жалпы кешен: мамандық, сольфеджио, музыкалық әдебиет, хор, бейнелеу өнері, актерлік шеберлік;
3.      Тек мамандық - мысалы тек вокал.
Балаларды қабылдау 6 жастан басталады (оқу мерзімі - 5-7 жыл).Музыканы жасөспірімдер де – «Жасөспірімдерге арналған курс» (оқу мерзімі 3 жыл), сонымен қатар жастар да - «Жастарға арналған курс» (жасы мен оқу мерзімі шектеусіз) үйрене алады.
Сіздерге Консерваторияның үздік оқытушылары білім береді, және ең бастысы, бұл әлемдік музыка мәдениетінің бай мұрасымен тікелей танысудың бірегей мүмкіндігі.Сіздерді қызықты концерттер, байқаулар, кездесулер күтуде...
 Жыл сайын біздің оқушылар әр түрлі Қалалық, Республикалық және Халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлері атанады, музыкалық колледждерге және шығармашылық бағыттағы жоғарғы оқу орындарына оқуға қабылданады.
Біліктілікті жоғарылату

және қосымша білім беру

Бөлімінің Жетекшісі Айнақұлова Жанат Төлегеновна

Анықтама телефоны: 272 43 18