афиша

КОМПОЗИЦИЯ

6М041100 – КОМПОЗИЦИЯ

мамандығы бойынша магистратураға тапсырушыларға арналған емтихан талаптары

 

Бағалау баламасы:

Ғылыми-педагогикалық магистратураға шетел тілі бойынша тестілеу 100-балдық жүйеде бағаланады. Өту үшін кемінде 50 балл алу керек.

 

Мамандық бойынша шығармашылық емтихан 50-баллдық жүйеде бағаланады.

«Өте жақсы» баға:

Талапкер өзінің жарқын музыкалық қабілетінің жоғары деңгейін, музыкалық стильді сезінуін, композиторлық  жазба техникасының жоғары деңгейін көрсете білу керек.

 «Жақсы» баға:

Талапкер авторлық мәтінді стилистикалық тұрғыда нақты орындайды. Бірақ, техникалық мүмкіншілігін көрсете алмайды. Орындаушылығының сапасы мен әртүрлілігінде айырмашылығы жоқ.

 «Қанағаттанарлық» баға:

Орындайтын шығармалардың стилистикасы мен мазмұнына түсінігі аздау, музыканың бейнелеуші құралдарын (әуен, екпін, гармония, фактура және т.б.) жеткіліксіз пайладануы.

 «Қанағаттанарлықсыз» баға:

Композиция логикасының болмауы, композиция әдістерін нашар қолдануы, құрылым негіздерін білмеуі, бағдарлама деңгейінің емтихан талаптарына сәйкес келмеуі.

        

Реферат қорғаудағы ең жоғары баға – 50 балл.

«Өте жақсы» баға:

Талапкер өзекті мәселелерді ұсына білу керек, өзінің жан-жақты білімдарлығын, аналитикалық ой-өрісін, ғылыми аппаратқа ие болу, мәселені шешу жолдарын таба білу.

«Жақсы» баға:

Талапкер мақсаты мен міндетін жақсы тұжырымдайды, ғылыми-зерттеудің негізгі ережелерін логикалық тұрғыда жеткізе біледі. Бірақ, қарастырылатын сұрақтың теориялық, тарихи және әдіснамалық мәселелері бойынша білім деңгейінің жеткіліксіз болуы.

«Қанағаттанарлық» баға:

Зерттеу мәселелерінің түпкі түсінігінің төмен болуы, ғылыми тілдің жазба дағдыларын қолдануының аздығы, жұмыстың өзектілігін дәлелдей алмауы.

«Қанағаттанарлықсыз» баға:

Зерттеудің практикалық маңыздылығының болмауы, көлемі аз (10-нан кем бет), ғылыми тілді қолданудың аздығы, тақырыбы мамандықтың бейініне сәйкес келмеуі.

 

І. АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ТЕСТІЛЕУ

 

ІІ. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Емтиханға ағылшын тілі тестілеуінен өту баллын (ғылыми-педагогикалық бағыт – 50 балл, бейінді – 30 балл) жинаған талапкер жіберіледі.

Талапкердің әртүрлі орындаушылық ұжымдарға жазылған түрлі жанрлар мен формадағы шығармаларын тыңдау.

Шығармалардың клавирі мен партитуралары, сондай-ақ тірі орындауы немесе үн-бейне таспадағы жазылымы ұсынылуы тиіс.

 

КОЛЛОКВИУМ  

Коллоквиум талапкерлердің жалпы мәдени деңгейін, олардың эстетикалық көзқарастарын, музыкалық өнер саласында білімдарлығын, музыка тарихының негізгі кезеңдері мен даму заңдылықтары, мамандыққа қатысты әдебиеттерді, музыкалық терминология бойынша білімін, орындалатын шығармалардың мазмұны, құрылымы мен стильдік ерекшеліктері бойынша түсінігін анықтайды. 

 

ІІІ. РЕФЕРАТ ҚОРҒАУ

Ұсынылатын рефератқа қойылатын талаптар:

1.       Реферат тақырыбы мен мазмұны мамандық бейініне сәйкес болуы керек;

2.       РЕФЕРАТ қазақ немесе орыс тілдерінде орындалады;

3.       Рефератта көрсетілуі тиіс  ақпарат:

- ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізудің негіздемесі, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы;

      - зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттерінің тұжырымы;

- соңғы жарияланымдар мен зерттеулердің талдауы, мәселенің шешілмеген бөлігі;

      - зерттеудің қорытынды нәтижесі, практикалық маңыздылығы.

4.       Рефератқа шығу деректері көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі қоса берілуі керек (атауы, жарық көрген жері мен жылы, жалпы көлемі);

5.       Рефераттың сілтемелік материалы ғылыми жұмыс нормаларына сәйкес рәсімделеді (сілтеменің әдебиет көзі мен бет нөмірі міндетті түрде көрсетілуі керек);

6.       Сілтемелік материал реферат мәтіні көлемінің 20%  аспауы керек;

7.       Ноталық мысалдар (егер де болса) рефератқа қосымша ретінде тіркеліп, рефераттың негізгі мәтінінің беттемесіне қосылмайды;

8.       Реферат көлемі 15 беттен кем болмауы керек;

9.       Мәтін  интервалы – 1, шеттері: сол жағы – 30 мм., оң жағы – 10 мм,, жоғарғы және төменгі – 20 мм. сақтап жазылуы керек. Беттеу араб сандарымен қойылып, номерлеу әрбір параққа қойылады. Бет нөмері  парақтың төменгі оң жағына қойылады (бірінші беттен басқа).

 

Рефератты қорғау кезінде зерттеу тақырыбына байланысты музыка теориясы, тарихы, музыкалық фольклор және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.