афиша

АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ

6M040200 – АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ
мамандығы бойынша магистратураға тапсырушыларға арналған талаптар

І. АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ТЕСТІЛЕУ

ІІ. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Емтиханға ағылшын тілі тестілеуінен өту баллын (ғылыми-педагогикалық бағыт – 50 балл, бейінді – 30 балл) жинаған талапкер жіберіледі.

Жеке бағдарлама талапкердің орындаушылық құзіреттілігін аша түсуі керек. Жеке бағдарлама ұзақтығы 30-40 минут.

КОЛЛОКВИУМ

Коллоквиум талапкерлердің жалпы мәдени деңгейін, олардың эстетикалық көзқарастарын, музыкалық өнер саласында білімдарлығын, музыка тарихының негізгі кезеңдері мен даму заңдылықтары, мамандыққа қатысты әдебиеттерді, музыкалық терминология бойынша білімін, орындалатын шығармалардың мазмұны, құрылымы мен стильдік ерекшеліктері бойынша түсінігін анықтайды.  

ІІІ. РЕФЕРАТ ҚОРҒАУ

Ұсынылатын рефератқа қойылатын талаптар:

1. Реферат тақырыбы мен мазмұны мамандық бейініне сәйкес болуы керек;

2.    Реферат қазақ немесе орыс тілдерінде орындалады;

3.    Рефератта көрсетілуі тиіс  ақпарат:

- ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізудің негіздемесі, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы;

- зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттерінің тұжырымы;

- соңғы жарияланымдар мен зерттеулердің талдауы, мәселенің шешілмеген бөлігі;

- зерттеудің қорытынды нәтижесі, практикалық маңыздылығы.

4. Рефератқа шығу деректері көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі

қоса берілуі керек (атауы, жарық көрген жері мен жылы, жалпы көлемі);

5.    Рефераттың сілтемелік материалы ғылыми жұмыс нормаларына сәйкес рәсімделеді (сілтеменің әдебиет көзі мен бет нөмірі міндетті түрде көрсетілуі керек);

6.    Сілтемелік материал реферат мәтіні көлемінің 20%  аспауы керек;

7.    Ноталық мысалдар (егер де болса) рефератқа қосымша ретінде тіркеліп,

рефераттың негізгі мәтінінің беттемесіне қосылмайды;

8.    Реферат көлемі 15 беттен кем болмауы керек;

9. Мәтін  интервалы – 1, шеттері: сол жағы – 30 мм., оң жағы – 10 мм,, жоғарғы және төменгі – 20 мм. сақтап жазылуы керек. Беттеу араб сандарымен қойылып, номерлеу әрбір параққа қойылады. Бет нөмері  парақтың төменгі оң жағына қойылады (бірінші беттен басқа).

 

Рефератты қорғау кезінде зерттеу тақырыбына байланысты музыка теориясы, тарихы, музыкалық фольклор және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін. 

Жеке бағдарламаның шығармалары әртүрлі стиль мен жанрларды қамтиды. Ұзақтығы 40 минуаттан кем болмауы керек.


«Ішекті аспаптар» мамандандырылуы

Емтихан бағдарламасы:

•    Полифониялық құрылымдағы шығарма;
•    Күрделі форма: сонаталық-симфониялық циклдан шығарма;
•    Ауқымды сипаттағы виртуоздық шығарма;
•    Қазақстан композиторының шығармасы.


 «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» мамандандырылуы

Емтихан бағдарламасы:

•        Кантилена сипатындағы шығарма;
•        Күрделі форма: сонаталық-симфониялық циклдан шығарма;
•        Ауқымды сипаттағы виртуоздық шығарма;
•        Қазақстан композиторының шығармасы.



«Фортепиано» мамандандырылуы

Емтихан бағдарламасы:

•    Полифониялық құрылымдағы шығарма;

•    Күрделі форма: сонаталық-симфониялық циклдан шығарма;

•    Ауқымды сипаттағы виртуоздық шығарма;

•    Қазақстан композиторының шығармасы.

Жеке бағдарламаның шығармалары әртүрлі стиль мен жанрларды қамтиды. Ұзақтығы 40 минуттан кем болмауы керек.


«Орган» мамандандырылуы

Емтихан бағдарламасы:

•    Бахқа дейінгі кезең композиторының шығармасы;
•    Күрделі шығарма (И.С.Бах прелюдия және фуга, токката және фуга);
•    ХІХ ғ. композиторының шығармасы
•    Қазіргі заман композиторының шығармасы (ХХ ғ. екінші жартысы)



«Концертмейстерлік класс» мамандандырылуы

Емтихан бағдарламасы:

•        Барокко кезеңінің ариясы немесе аспаптық шығарма;
•        Ауқымды сипаттағы ария (орыс немесе батыс Еуропа композиторы);
•        Батыс Еуропа композиторының ариясы;
•        Орыс композиторының ариясы;
•        Аспаптық шығарма;
•        Қазақстан композиторының шығармасы.


«Камералық ансамбль» мамандандырылуы

Емтихан бағдарламасы:

•        Барокко кезеңінің шығармасы;
•        Вена классикалық мектебі композиторының шығармасы;
•        Романтизм кезеңінің шығармасы;
•        Қазақстан композиторының шығармасы.

.