афиша

МУЗЫКАТАНУ

6M040100 – МУЗЫКАТАНУ
мамандығы бойынша магистратураға тапсырушыларға арналған талаптар

 

І. АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ТЕСТІЛЕУ

ІІ. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Емтиханға ағылшын тілі тестілеуінен өту баллын (ғылыми-педагогикалық бағыт – 50 балл, бейінді – 30 балл) жинаған талапкер жіберіледі.

Билет үш сұрақтан құрылған: теориялық пәндерден, шетел музыкасының тарихынан, қазақ музыкасының тарихынан.

Музыка теориясы бойынша сұрақтар:

1.    Полифониялық қатаң хаттың жалпы сипаттамасы.

2.    Жаңавеналық мектептің атональдігі.

3.    Музыкадағы жанрдың категориясы.

4.    ХХ ғасыр музыкасындағы хроматикалық тональдік (құрылымдық-функционалдық ұйымдастырудың принциптары).

5.    Модальдік гармония (классикалыққа дейінгі және заманауи музыкада).

6.    Күрделі контрапункттің заманауи теориясы.

7.     Еуропалық классицизм музыкасындағы гомофония мен полифонияның қарым-қатынасы.

8.    Монодиялық  музыкалық жүйе (типологиясы, негізгі принциптері мен құрылымдық ерекшеліктері).

9.    Музыкалық тілдің элементтері. Әуен. Гармония. Метр және ырғақ. Фактура.

10.Музыкалық құрылымның классификациясы: негізгі түрлері.

11.Бағдарламалықтың түрлері, бағдарламалық шығармалардың жанрлары мен құрылымы.

12.XVIII-XX ғғ. композициялардағы үлкен полифониялық құрылым; оның құрылымдық түрлері мен функциялары.

13.Полифониялық цикл: типологиясы, құрылымның композициялық, көркемдік және стильдік ерекшеліктері). «Прелюдия және фуга» циклының тарихи эволюциясы. Ерте бароккодан қазіргі кезеңге дейін.  

14.ХХ ғасыр музыкасындағы полифония құрылымы.

15.Ладтық жүйенің негізгі категориялары мен түрлері.

16.Аккорд: эволюция кезеңдері.

17.Тональдік және туыс тональдіктердің мәселелері.

18.Табиғи және альтерациялық ладтар.

19.Фонизм және фондық функциялар.

20.Фактура, оның түрлері мен функциялары.

   

Шетел музыкасы тарихы бойынша сұрақтар:

1. Романтизм кезеңінің ұлттық композиторлық мектептері.

2. Драматургияның эстетикалық принциптері мен заңдары, Вена классикалық мектебінің музыкалық тілі.

3. Гофман, Шуман, Лист, Швейцердің музыкалық-сыншыл қызметі.

4. Г.Малердің ән симфонимзі.

5. XIX-XX ғ. тоғысындағы орыс музыка мәдениеті.

6. ХІХ ғасырдың 60-70 жж. әлеуметтік қозғалыс идеологиясының көрінісі ретінде «Құдіретті топтың» эстетикалық принциптері.

7. XX-XXI ғғ. шетел музыка мәдениетінің даму көрінісі. Негізгі көркемдік ағымдары мен бағыттары.

8. ХХ ғасыр шетел композиторларының шығармашлығындағы балет өнері.

9. Барокко мәдениеті контекстіндегі Бахтың фугасы.

10. Р.Щедриннің опералары мен балеттері.

11. Глюк пен Моцарттың опералық реформалары.

12. Р.Вагнердің опералық реформасы: негізгі принциптері, басты шығармалары.

13. Итальяндық опера мектебі: негізгі стилі, жанры, мектептері.

14. Батыс Еуропа музыкалық мәдениетіндегі симфониялық жанр эволюциясы.

15. Кантата-ораториялық жанрының даму тарихы.

16. Батыс Еуропалық және орыс музыкасындағы камералық-аспаптық трио.

17. Америка академиялық музыкасына тән ерекшеліктердің қалыптасуындағы джаздың орны.

18. «Les Six» (француздық алтылық) эстетикалық принциптері және оның шығармашылықтағы көрінісі.

19. ХХ-XXI ғғ. көпшілік музыка мәдениеті.

20. П.Чайковский мен Н.Римского-Корсаковтың опералық шығармашылығы.

 

Қазақ музыка тарихы бойынша сұрақтар:

1.    Абай Құнанбаевтың музыкалық мұрасы, оның музыкалық-поэтикалық реформасы.

2.    Құрманғазы күйлерінің орындаушылық ерекшеліктері.

3.    Қазақ музыкалық фольклорының жанрлық жүйесі.

4.    Қазақстан музыкалық мәдениетінің дамуындағы А.Жұбановтың шығармашылық қызметі.

5.    Қазақтың әдет-ғұрып фольклоры.

6.    М.Төлебаев шығармашылығындағы ұлттық дәстүр.

7.    Дәулеткерей шығармашылығының бірегейлігі мен ерекшелігі.

8.    Қазақтың эпикалық дәстүрі.

9.    Тәттімбет шығармашылығы және шертпе дәстүрінің басты ерекшеліктері.

10.Әл-Фарабидің музыка туралы трактаты.

11. ХІХ-ХХ ғғ. қазақтың дәстүрлі орындаушылығы (аспаптық, ән және жыр).

12.Қазақтың халықтық-кәсіби ән өнері (Генезис. Эстетика. Семантика).

13.Қазақ операсының жанр эволюциясындағы дамуы.

14.Қазақ дәстүрлі музыка контекстіндегі қобыз өнері.

15.Ұлттық музыкалық аспаптарды игеру мәселелері.

16.Біржан сал Қожамқұлұлының халықтық-кәсіби өнерінің эстетикасы мен шығармашылығы.

17. Қазақтың дәстүрлі аспаптық музыкасы. Мектептер мен дәстүрлер.

18.ХХ ғасыр композиторлары шығармашылығындағы қазақ симфониялық музыкасы

19.Дәстүрлі қазақ музыкасы жүйесіндегі Қаратау мектебі.

20. Қазақстан композиторлары музыкасындағы камералық-аспаптық шығармашылық.

 

Жазбаша жұмыс (талапкердің таңдауы бойынша):

Гармониядан есеп;

Үшдауысты қарапайым фуга;

Ән немесе күйді аудио жазбадан нотаға хаттау.

Жазу уақыты – 4  академиялық сағат.

 

ІІІ. РЕФЕРАТ ҚОРҒАУ

Ұсынылатын рефератқа қойылатын талаптар:

1. Реферат тақырыбы мен мазмұны мамандық бейініне сәйкес болуы керек;

2. Реферат  қазақ немесе орыс тілдерінде орындалады;

3. Рефератта көрсетілуі тиіс  ақпарат:

- ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізудің негіздемесі, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы;

- зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттерінің тұжырымы;

- соңғы жарияланымдар мен зерттеулердің талдауы, мәселенің шешілмеген бөлігі;

 - зерттеудің қорытынды нәтижесі, практикалық маңыздылығы.

4. Рефератқа шығу деректері көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі қоса берілуі керек (атауы, жарық көрген жері мен жылы, жалпы көлемі);

5. Рефераттың сілтемелік материалы ғылыми жұмыс нормаларына сәйкес рәсімделеді (сілтеменің әдебиет көзі мен бет нөмірі міндетті түрде көрсетілуі керек);

6. Сілтемелік материал реферат мәтіні көлемінің 20%  аспауы керек;

7. Ноталық мысалдар (егер де болса) рефератқа қосымша ретінде тіркеліп, рефераттың негізгі мәтінінің беттемесіне қосылмайды;

8. Реферат көлемі 15 беттен кем болмауы керек;

9.  Мәтін  интервалы – 1, шеттері: сол жағы – 30 мм., оң жағы – 10 мм,, жоғарғы және төменгі – 20 мм. сақтап жазылуы керек. Беттеу араб сандарымен қойылып, номерлеу әрбір параққа қойылады. Бет нөмері  парақтың төменгі оң жағына қойылады (бірінші беттен басқа).

Рефератты қорғау кезінде зерттеу тақырыбына байланысты музыка теориясы, тарихы, музыкалық фольклор және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.