афиша

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ

6М010300 – ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ  ПСИХОЛОГИЯ

мамандығы бойынша магистратураға тапсырушыларға арналған талаптар

 

І. АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ТЕСТІЛЕУ 

ІІ. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Емтиханға ағылшын тілі тестілеуінен өту баллын (ғылыми-педагогикалық бағыт – 50 балл, бейінді – 30 балл) жинаған талапкер жіберіледі.

Шығармашылық емтихан педагогика және психологияның өзекті мәселелері бойынша тестілік түрде өткізіледі.

ІІІ. РЕФЕРАТ ҚОРҒАУ

Ұсынылатын рефератқа қойылатын талаптар:

1. Реферат тақырыбы мен мазмұны мамандық бейініне сәйкес болуы керек;

2. Реферат қазақ немесе орыс тілдерінде орындалады;

3. Рефератта көрсетілуі тиіс  ақпарат:

- ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізудің негіздемесі, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы;

- зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттерінің тұжырымы;

- соңғы жарияланымдар мен зерттеулердің талдауы, мәселенің шешілмеген бөлігі;

- зерттеудің қорытынды нәтижесі, практикалық маңыздылығы.

4. Рефератқа шығу деректері көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі қоса берілуі керек (атауы, жарық көрген жері мен жылы, жалпы көлемі);

5. Рефераттың сілтемелік материалы ғылыми жұмыс нормаларына сәйкес рәсімделеді (сілтеменің әдебиет көзі мен бет нөмірі міндетті түрде көрсетілуі керек);

6. Сілтемелік материал реферат мәтіні көлемінің 20%  аспауы керек;

7. Ноталық мысалдар (егер де болса) рефератқа қосымша ретінде тіркеліп, рефераттың негізгі мәтінінің беттемесіне қосылмайды;

8. Реферат көлемі 15 беттен кем болмауы керек;

9. Мәтін  интервалы – 1, шеттері: сол жағы – 30 мм., оң жағы – 10 мм,, жоғарғы және төменгі – 20 мм. сақтап жазылуы керек. Беттеу араб сандарымен қойылып, номерлеу әрбір параққа қойылады. Бет нөмері  парақтың төменгі оң жағына қойылады (бірінші беттен басқа).

Рефератты қорғау кезінде зерттеу тақырыбына байланысты музыка теориясы, тарихы, музыкалық фольклор және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.