афиша

Традиционное музыкальное искусство

6М040400 – ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ӨНЕРІ
мамандығы бойынша магистратураға тапсырушыларға арналған талаптар 


МАМАНДАНДЫРЫЛУ «ДОМБЫРА»


 І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

1.Исполнение  программы:

1. Әр-түрлі күйшілік мектептерден 8 күй;

2. Фортепианоның сүйемелдеуі мен күрделі формадағы екі шығарма (біреуі аспапқа арнайы жазылған болуы шарт)

Емтихан бағдарламасы 40 минуттан аспауы қажет

 

ІІ. РЕФЕРАТ ҚОРҒАУ

Ұсынылатын рефератқа қойылатын талаптар:

1.Реферат тақырыбы мен мазмұны мамандық бейініне сәйкес болуы керек;

2.Реферат қазақ немесе орыс тілдерінде орындалады;

3.Рефератта көрсетілуі тиіс  ақпарат:

        - ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізудің негіздемесі, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы;

        - зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттерінің тұжырымы;

        - соңғы жарияланымдар мен зерттеулердің талдауы, мәселенің шешілмеген бөлігі;

        - зерттеудің қорытынды нәтижесі, практикалық маңыздылығы.

4.Рефератқа шығу деректері көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі қоса берілуі керек (атауы, жарық көрген жері мен жылы, жалпы көлемі);

5.Рефераттың сілтемелік материалы ғылыми жұмыс нормаларына сәйкес рәсімделеді (сілтеменің әдебиет көзі мен бет нөмірі міндетті түрде көрсетілуі керек);

6.Сілтемелік материал реферат мәтіні көлемінің 20%  аспауы керек;

7.Ноталық мысалдар (егер де болса) рефератқа қосымша ретінде тіркеліп, рефераттың негізгі мәтінінің беттемесіне қосылмайды;

8.Реферат көлемі 15 беттен кем болмауы керек;

9.Мәтін  интервалы – 1, шеттері: сол жағы – 30 мм., оң жағы – 10 мм,,

жоғарғы және төменгі – 20 мм. сақтап жазылуы керек. Беттеу араб сандарымен қойылып, номерлеу әрбір параққа қойылады. Бет нөмері  парақтың төменгі оң жағына қойылады (бірінші беттен басқа).

Рефератты қорғау кезінде зерттеу тақырыбына байланысты музыка теориясы, тарихы, музыкалық фольклор және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.

 

ІІІ. КОЛЛОКВИУМ

Коллоквиум талапкерлердің жалпы мәдени деңгейін, олардың эстетикалық көзқарастарын, музыкалық өнер саласында білімдарлығын, музыка тарихының негізгі кезеңдері мен даму заңдылықтары, мамандыққа қатысты әдебиеттерді, музыкалық терминология бойынша білімін, орындалатын шығармалардың мазмұны, құрылымы мен стильдік ерекшеліктері бойынша түсінігін анықтайды. 

 

Бағалау баламасы:

·         білімнің негізі, толыққандылығы, анықтығы және нақтылығы;

·         музыкалық өмір мен іс жүзінде тәжірибемен байланыстылығы;

·         қызықтырушылық, тартымдылық, сенімділік;

·         тәжірибелік міндеттің шешімі;

·         сөйлеу мәдениеті;    

    

 ІV. АБИТУРИЕНТТІҢ КЕШЕНДІК ТЕСТІЛЕУІ

Тестілеуге қатысу үшін талапкер Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның қабылдау комиссиясына белгіленген парақша үлгісімен өтініш береді және тестілеуге қатысу үшін төленетін төлемақының түбіртегін өткізеді. Тестілеуге өткендерге арнайы фотосуреті жапсырылған рұқсатқағаз беріледі. Тестілеу төменде көрсетілген пән бойынша өтеді:

1.      Шетел (ағылшын) тілі.

 

                               Мамандандырылуы: Халық аспаптары (Баян, аккордеон, прима қобыз, қыл қобыз)

 

Бағалау баламасы:

Ғылыми-педагогикалық магистратураға шетел тілі бойынша тестілеу 100-балдық жүйеде бағаланады. Өту үшін кемінде 50 балл алу керек.

Мамандық бойынша шығармашылық емтихан 50-баллдық жүйеде бағаланады.

«Өте жақсы» баға:

Талапкер өзінің жарқын музыкалық, орындаушылық қабілетінің жоғары деңгейін, музыкалық стильді сезінуін, орындаушылық үндесуінің мәдениетін көрсете білу керек.

 «Жақсы» баға:

Талапкер авторлық мәтінді стилистикалық тұрғыда нақты орындайды. Бірақ, техникалық мүмкіншілігін көрсете алмайды. Орындаушылығының сапасы мен әртүрлілігінде айырмашылығы жоқ.

«Қанағаттанарлық» баға:

Орындайтын шығармалардың стилистикасы мен мазмұнына түсінігі аздау, музыканың бейнелеуші құралдарын (интонация, есту қабілеті, фразировка, ритм) жеткіліксіз пайладануы.

 «Қанағаттанарлықсыз» баға:

Ритмикалық еркін, техникалық және көркемдік дыбыс тазалығын нашар қолдануы; бағдарлама деңгейінің емтихан талаптарына сәйкес келмеуі.

Реферат қорғаудағы ең жоғары баға – 50 балл.

«Өте жақсы» баға:

Талапкер өзекті мәселелерді ұсына білу керек, өзінің жан-жақты білімдарлығын, аналитикалық ой-өрісін, ғылыми аппаратқа ие болу, мәселені шешу жолдарын таба білу.

«Жақсы» баға:

Талапкер мақсаты мен міндетін жақсы тұжырымдайды, ғылыми-зерттеудің негізгі ережелерін логикалық тұрғыда жеткізе біледі. Бірақ, қарастырылатын сұрақтың теориялық, тарихи және әдіснамалық мәселелері бойынша білім деңгейінің жеткіліксіз болуы.

«Қанағаттанарлық» баға:

Зерттеу мәселелерінің түпкі түсінігінің төмен болуы, ғылыми тілдің жазба дағдыларын қолдануының аздығы, жұмыстың өзектілігін дәлелдей алмауы.

«Қанағаттанарлықсыз» баға:

Зерттеудің практикалық маңыздылығының болмауы, көлемі аз (10-нан кем бет), ғылыми тілді қолданудың аздығы, тақырыбы мамандықтың бейініне сәйкес келмеуі.

 

І. АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ТЕСТІЛЕУ

IІ. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Емтиханға ағылшын тілі тестілеуінен өту баллын (ғылыми-педагогикалық бағыт – 50 балл, бейінді – 30 балл) жинаған талапкер жіберіледі.

 

«Халық аспаптары» (баян, аккордеон) мамандандырылуы

Бағдарлама:

1.     Полифониялық формадағы шығарма;

2.     Күрделі форма: сонаталық формадағы шығарма / сюита;

3.     Виртуоздық шығарма;

4.     Қазақстан композиторының шығармасы.

 

«Халық аспаптары» (қыл қобыз) мамандандырылуы

Бағдарлама:

1.     Күрделі формадағы шығарма;

2.     Шет ел композиторының шығармасы;

3.     Қазақстан композиторының шығармасы;

4.     Дәстүрлі күйлер: халық және авторлық; әндер.

 

«Халық аспаптары» (прима қобыз) мамандандырылуы

Бағдарлама:

1.     Күрделі формадағы шығарма (концерт бөлімі, соната, сюита, фантазия);

2.     Кіші формадағы шет ел композиторының шығармасы;

3.     Виртуоздық сипаттағы шығарма;

4.     Қазақстан композиторының шығармасы;

 

КОЛЛОКВИУМ  

Коллоквиум талапкерлердің жалпы мәдени деңгейін, олардың эстетикалық көзқарастарын, музыкалық өнер саласында білімдарлығын, музыка тарихының негізгі кезеңдері мен даму заңдылықтары, мамандыққа қатысты әдістемелік әдебиеттерді, музыкалық терминология бойынша білімін, орындалатын шығармалардың мазмұны, құрылымы мен стильдік ерекшеліктері бойынша түсінігін анықтайды. 

Емтихан сұрақтары:

1.   Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау

2.   Орындалатын күрделі шығарма композиторының стилінің ерекшеліктері

3.   Орындаушылықтың интонациялық мазмұндылығы жөнінде...

4.   Нотаны парақтап оқудың мақсаты мен әдістері

5.   Концерттік-орындаушылық репертуарды таңдау принциптері

6.   Штрихтармен жұмыс істеуге әдістемелік ұсыныстар

7.   Артикуляция, интонация, вибрациямен жұмыс істедің әдістемелік прициптері

8.   Заманауи аворлардың (қыл қобызға, прима қобызға, баянға, аккордеонға арналған) әдістемелік жұмыстары

9.   Музыкалық шығармаларды үйрену процессінің негнізгі міндеттері

10. Орындаушылық шеберлікті жетілдірудегі гамма, этюдтердің маңызы және олармен жұмыс істеу әдістері

11. Домбыра күйлерінің стильдік ерекшеліктері

12. Қазақстанның аспаптық халық музыкасының әйгілі орындаушылары туралы...

13. Оң және сол қол техникасын жетілдіру жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

14. Позициялық аппликатура. Аппликатура түрлері. Позицияның құрылымы

15. Аккордтар, секірулердің түрлері (скачок), тасымалдаумен әдістемелік жұмыс

16. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалушысының шығармашылық портреті.

17. Мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің алғашқы шығармашылық жетекшісі және дирижерының шығармашылық өмірбаяны.

18. Профессор Б.Ш.Сарыбаевтың қызметінің ғылыми-практикалық рөлі

19. Мамандық бойынша сыныптағы өзбетінше дайындалудың жүйесінің жалпы принциптері

20. Профессор Б.Ш.Сарыбаевтың музыкалық аспаптар классификациясы

21. Орындалған күрделі формадағы шығарманың орындаушылық-әдістемелік талдауы

22. Қазақтың музыкалық аспаптары

23. Прима қобызға, қыл қобызға, баян, аккордеонға арналған әдістемелік әдебиеттерге шолу

24. Классикалық шығармаларды орындау ерекшеліктері

25. Домбыра күйлерін аспапқа лайықтау принциптері


ІІІ. РЕФЕРАТ ҚОРҒАУ

Ұсынылатын рефератқа қойылатын талаптар:

1. Реферат тақырыбы мен мазмұны мамандық бейініне сәйкес болуы керек;

2. Реферат қазақ немесе орыс тілдерінде орындалады;

3. Рефератта көрсетілуі тиіс  ақпарат:

     - ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізудің негіздемесі, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы;

     - зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттерінің тұжырымы;

     - соңғы жарияланымдар мен зерттеулердің талдауы, мәселенің шешілмеген бөлігі;

     - зерттеудің қорытынды нәтижесі, практикалық маңыздылығы.

4. Рефератқа шығу деректері көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі қоса берілуі керек (атауы, жарық көрген жері мен жылы, жалпы көлемі);

5. Рефераттың сілтемелік материалы ғылыми жұмыс нормаларына сәйкес рәсімделеді (сілтеменің әдебиет көзі мен бет нөмірі міндетті түрде көрсетілуі керек);

6. Сілтемелік материал реферат мәтіні көлемінің 20%  аспауы керек;

7.  Ноталық мысалдар (егер де болса) рефератқа қосымша ретінде тіркеліп, рефераттың негізгі мәтінінің беттемесіне қосылмайды;

8. Реферат көлемі 15 беттен кем болмауы керек;

9. Мәтін  интервалы – 1, шеттері: сол жағы – 30 мм., оң жағы – 10 мм, жоғарғы және төменгі – 20 мм. сақтап жазылуы керек. Беттеу араб сандарымен қойылып, номерлеу әрбір параққа қойылады. Бет нөмері  парақтың төменгі оң жағына қойылады (бірінші беттен басқа).

Рефератты қорғау кезінде зерттеу тақырыбына байланысты музыка теориясы, тарихы, музыкалық фольклор және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.