«Әминә Өмірзақованың 100 жылдығы» ЮНЕСКО көлемінде тойланады

Әмина апай.jpg

     05 қараша, 2018. Астана. Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр сахнасының алыбы   – Әминә Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай, 2019 жыл: актрисаның мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде тойлау           жобасына енді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел тарихында тұңғыш рет театр және кино саласы артисінің   атына арнап, ЮНЕСКО көлемінде тойлау, еске алу шаралары өтеді.

         Сахна сайыпқыраны, экран алыбы Әминә Ерқожақызы 1949 жылдан өмірінің соңына (26.09.2006 ж.) дейін, жарты ғасырдан   астам Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті. Көптеген   кинофильмдер мен театр қойылымдарындағы талғампаз бейнелері арқылы, Халық қалаулысына, Ел ардағына айналған,   Ұлттық өнерімізде есімі ел есінде жатталған – Әминә Өмірзақованың туғанына 2019 жылдың 8 наурызында 100 жыл толады.

     Актриса Өмірзақова Әминә Ерқожақызының 100 жылдығының ЮНЕСКО көлемінде тойлануы жөніндегі игі бастама – Ұлттық   өнеріміздің жарық жұлдызы құрметіне жасалған мәңгілік ескерткіш деп білеміз...

 

        Әминә Өмірзақова 1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Абай ауданында өмірге келген.

        Ол 1938 жылы Ленинград қаласындағы Театр институтын бітіреді де, өнердегі алғашқы еңбек жолын Шымкент облыстық   драма театрына жолдамамен қызметке келуден бастайды.

        Ә. Өмірзақова қазақ театр сахнасында 68 жыл бойы қызмет етті. Ол сол уақыт ішінде 150-дей рөлдерді сомдады.

        Әминә Өмірзақованың кино саласына сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Ол түскен 20 шақты кинофильм қазақ жұртына кеңінен таныс.

        Театр мен кино өнерінің танымал тұлғасы – Әминә Ерқожақызы әр жылдары төмендегідей марапаттарды иеленген:

        1961 жылы ,,Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі;

        1965 жылы ,,Қазақ ССР-інің халық артисі,, құрметті атақтарымен,

        1966 жылы ,,Қазақ ССР Жоғарғы советінің құрмет грамотасымен;

        1966 жылы ,,Еңбек ерлігі үшін,, , ,,Еңбек ардагері,, медалімен,

және, 2001 жылы ,,Отан,, құрметті орденімен марапатталған.    

       Әминә Ерқожақызы Өмірзақова 2006 жылдың 26 қыркүйегінде өмірден озды.

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің

Баспасөз қызметі

 

 

 

вернуться в альбомы