афиша

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 7 жылға аккредиттеуден өтті

2019 жылы 14 маусымда аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (APTA/IAAR)  2018-2019 оқу жылының соңғы отырысын өткізді. Кеңес отырысында халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде сыртқы комиссияларының жұмыс нәтижелері қаралып, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы нәтижелі түрде 7 жылға аккредиттеуден өтті. Барша ұстаздар қауымы мен консерватория ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!

Айта кетейік, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (APTA/IAAR) бұл жоғарғы оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін құрылған, заңды тұлға статусы бар, коммерциялық емес ұйым.

ЖОО-ның жұмыс сапасы мен имиджін арттыруға мүмкіндік береді.

Сертификат.jpg


РГУ «Казахская национальная консерватория имени Курмангазы».jpg

вернуться в альбомы