афиша

«Эразмус+» Еуропалық бағдарламасы аясында Испанияның Виго қаласындағы консерваториядан қонақтар келді.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына «Эразмус+» Еуропалық Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Испанияның Виго қаласындағы  консерваторияның директоры Эстебан Вальварде Корралес және Хосе Льюис Фернандес Родригез келді. Қонақтарымыз консерваторияның оқу жүйесімен танысып,  студенттерге шеберлік-сыныптарын өткізді.  Виго  консерваториясының өкілдері сонымен қатар ректор Арман Жүдебаевпен кездесіп, Испаниядағы консерватория мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ынтымақтасты нығайту мәселелері туралы талқылады.



вернуться в альбомы