афиша

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар ұстаздары Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы және «Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясының редакциясы тарапынан марапаттарға ие болды.

2019 жылдың 2-қазанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар ұстаздары Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы және «Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясының редакциясы тарапынан марапаттарға ие болды. Қуаныш иелеріне марапаттарын консерватория ректоры Арман Жүдебаев табыстады.

Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және белсенді ғылыми жетістіктері мен ерен еңбегі үшін Өтеғалиева Сауле Ысқаққызына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік ғылым қызметкері» атағы берілді.

Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және әкімшілік-басқарудағы нәтижелі ерен еңбегі үшін Абдрашев Бахтияр Төлепбергенұлына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік менеджері» атағы берілді.

Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін А.Р. Бердібай, З.Ш. Ізмұратова, З.Ш. Шакерімова, Д.Р. Шабденова, Г.Б. Абсаттароваларға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік педагогы» атағы берілді.

«Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясы редакциялық кеңесінің шешімімен «Білім үздіктері» номинациясы бойынша, білім беру мен ғылымды дамытуға зор үлес қосқаны үшін «Алтын қор» медалімен Ысқақов Біләл Алпанұлы мен Басықара Ерсайын Бақытұлы марапатталды.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!
























вернуться в альбомы