афиша

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдары басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің, Алмалы ауданы әкімі аппаратының өкілдері, ЖОО ректорлары, қаланың басқа да оқу орындарының басшылары, БАҚ өкілдері, университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Ректор өз баяндамасында 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстарды халыққа таныстырды. Оның ішінде консерваториямыздың «Мюзик» жоғары рейтингтік халықаралық аккредитациялық агенттігінен магистратура мен докторантураға білім беру бағдарламасы мен 2019 жылдың мамыр айында Аккредиттеу мен рейтингілеудің тәуелсіз агенттігінен институционалдық аккредитациядан өткені туралы, консерваториямыздың жұмысын жан-жақты талдап, студенттеріміздің жетістіктері туралы сөз қозғады. Сондай-ақ қараша айында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдығы кең ауқымда тойланып өтетінін айтты.

«Консерваторияда музыкалық білім саласында білімді сақтау мен жеткізу ісінде бай тәжірибе жинақталған және қазіргі уақытқа дейін біз бұл бағыттың көшбасшысы болып табыламыз. Бұл консерваторияның кәсіби мамандарды дайындау ісіне қосқан үлесімен дәлелденеді. Бүгінгі күні біздің бітірушілеріміз көптеген шығармашылық ЖОО мен музыкалық колледждердің кадрлық құрамын қалыптастырумен қатар еліміздің басты сахналарында өз өнерлерін көрсетуде, жоғары деңгейдегі кәсіби шеберліктерін көрсетіп, елімізді шетелдерге танытуда», - деді сөзінде ректор Арман Жүдебаев.

Ректордың баяндамасы аяқталған соң шара консерваторияның түлектері мен дарынды студенттері қатысқан концертке жалғасты. Олардың ішінде «Хассақ» этно-фольклорлық ансамблі, Оразбай Мадина, домбыра кафедрасының 1 курс студенті Қазкенов Дастан, виолончельшілер ансамблі, Нөсербай Ақжол, Барақбай Бексұлтан, Мырзағалиев Алишер, Ідірбай Байбақты, жетігеншілер ансамблі және консерваторияның аралас хоры өнер көрсетіп, жиналған халықтың қошеметіне бөленді.

































вернуться в альбомы