афиша

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Польшаның Вроцлав қаласындағы К.Липинский атындағы Музыкалық академиясына білім алуға жіберілді

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Аспаптық орындаушылық» факультетінің «Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша 2 курс студенті А.Суният, «Фортепиано» мамандығы бойынша 3 курс студенттері Н.Малюхов, С.Балтабай, Ш.Қабенова, Г.Кеңесова, А.Омарова, және «Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер» факультетінің «Композиция» мамандығы бойынша 3 курс студенттері И.Жаңабаева және А.Байбағысова академиялық ұтқырлық шеңберінде Польшаның Вроцлав қаласындағы К.Липинский атындағы Музыкалық академиясына 2019 жылдың 13-қазаны мен 2020 жылдың 12-ақпаны аралығында семестрлік білім алуға оқуға жіберілді.





вернуться в альбомы