афиша

Құрманғазы атындағы ҚҰК камералық-аспаптық және вокалдық музыка концерті өтті

 2019 жылдың 9 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының аясында камералық-аспаптық және вокалдық музыка шырқалған «Музыкальная весна» атты концерт өтті.

Концерттің ерекшелігі сахнада тек Құрманғазы атындағы ҚҰК магистранттары мен докторанттары өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша олар үшін қазір ғылыми-зерттеулік жұмыстарымен қатар, орындаушылық шеберлігін дамыту маңызды. Концерттік бағдарламада консерваторияның аралас хоры, үрмелі аспаптар оркестрі, «Grand Classic» триосы және т.б дарынды өнерпаздар қатысты.

Қайырымдылық концерттің қадірлі қонағы болып «Мюзик» Халықаралық аккредитациялау агенттігінің өкілдері Дариус Кучинскас, Густав Дюпшёбака, Селия Даффи және Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры Арман Жудебаев қатысты.








вернуться в альбомы
                         БАКАЛАВРИАТ             МАГИСТРАТУРА         
                                                                   ДОКТОРАНТУРА