афиша

Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері Алматы қаласының метрополитенінде флешмоб ұйымдастырды.

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Алматы қаласының метрополитенінде Наурыз мейрамына арналған «Дәстүрлі музыка шашуы» атты музыкалық флешмоб акциясын ұйымдастырды.

Музыкалық флешмобтың мақсаты – қазақ халқының музыкалық мұрасын дәріптеу, тыңдаушылардың бойында өз елінің музыкалық мәдениетіне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, жас орындаушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту.

Шараға 40-тан астам студент қатысып, мұндай шара алдағы уақытта өткізіліп тұрса деген ниеттерін білдірді.














 

 

вернуться в альбомы