info@conservatoire.kz

Құрметті, әріптестер!

Сіздерге 21 қазанға дейін JSTOR (https://www.jstor.org/) порталының «Өнер» бөліміндегі мәліметтерді консерватория қабырғасындағы кез келген компьютермен, сондай-ақ оқу ордасының кітапханасындағы компьютерлер арқылы кіріп, қолдана алатындықтарыңызды хабарлаймыз.
JSTOR – ғылыми және публицистикалық журналдар мен еуропа тілдеріндегі кітаптардың базасы. JSTOR-ды қолдана отырып, сіз өзіңізге қажетті материалдарды тегін іздеу мүмкіндігіне ие боласыз әрі оларды PDF форматында жүктей аласыз.
JSTOR-да музыка жайында мыңнан астам кітап сақталған және онда  ғылыми қоғамдастық ретінде танылған 100 музыкалық журналдың, соның ішінде ««Perspectives of New Music = Жаңа музыканың келешегі», «Journal of the American Musicological Society = Американдық музыкалық қоғам журналы», «Early Music = Ескіден қалған музыка», «Tempo = Темп», «The value of Art = Өнер құндылығы», және т.б. архивтері тұрақты түрде жаңартылып отырады.
вернуться в альбомы