афиша

Құрметті студенттер және магистранттар!

Берген Университетімен (Норвегия) бірлесіп жүзеге асырылатын «Музыка және орындаушылық саласындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу қауымдастығы / Music and Artistic Research Knowledge Network Eurasia CPEA-LT-2016/10082») халықаралық жоба аясында 2019-2020 оқу жылы бір семестр көлемінде (2020ж. қаңтар – мамыр) студенттер мен магистранттарға келесі мамандықтар бойынша қабылдау жарияланады:

Магистратура деңгейінде: 1 курс, «Вокалды өнер», «Ішекті аспаптар» және «Үрмелі аспаптар»
Бакалавриат деңгейінде: 2-3 курстар, «Ішекті аспаптар»

Грант саны: 2, өтінім саны шектелмеген

Байқау мемлекеттік білім тапсырысы бойынша және ақылы негізде білім алушыларға ашық.
Байқауға қатысу үшін үміткер келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:
• ҚР азаматы;
• Өткен оқу мерзіміндегі үздік үлгерімі;
• Жауапкершілік пен әдептілік.

Үміткерлер norway.project@mail.ru электронды мекенжайына келесі құжаттар мен материалдарды жіберу қажет:
1. WORD форматында келесі үлгідегі бастамамен, ағылшын тілінде түйіндеме, мысалы: СV_Akhmetov_Vocal
2. Ұзақтығы 10 минут болатын аудио/видео жазба/ сілтемені хатқа қосуға немесе түйіндеме мәтінінде көрсетуге болады. Жазба өзінің жеке репертуарындағы шығарма болуы да мүмкін.
3. Факультеттің кафедра меңгерушісі және деканынан екі ұсыным хаты.
Талдау, жіберуші және қабылдаушы тараптардың үйлестірушілерімен жүргізіледі.
Егер, ұсынылған деректер (түйіндеме, аудио/видео материалдар) негізінде конкурстық талдаудан өткен жағдайда, жарамды IELTS сертификатын (5,0-ден кем емес) ұсыну қажет. Құжатты 2019 жылдың 20 қарашасына дейін тапсыруға болады (міндетті шарт).
Байқауда сәтті іріктеліп өткен студенттер / магистранттар, Берген қ. 1 семестр мерзімінде (5 ай) барлық шығындарды қамтитын туәліктік және шығындары (жатын орын, тамақтану) айлық шәкіртақыға тағайындалады.
Түйіндеме мен аудио/видео материалдарын тапсырудың соңғы мерзімі 14 қазан, 2019 ж. Белгіленген мерзімнен кейін тапсырылған және сапасыз материалдар қарастырылмайды.
Халықаралық бөлімнің 272 95 81 телефоны арқылы кеңес алуға болады.
вернуться в альбомы