афиша

«ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАС ҒАЛЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА II-ДӘСТҮРЛІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ АРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2019 жылдың сәуірінде әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындары аралық «Жаңғыру жолындағы жас ғалым» атты II-дәстүрлі ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық белсенділігін арттыру және оларды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге ынталандыру. Конференцияға Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның студенттерімен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясы, Жургенов атындағы ҚазҰӨА, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы Университеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен студенттер қатысты.

Конференция 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өткізіліп, келесідей секциялар бойынша үздік жұмыстар тыңдалды:

• Қазіргі мәдениет жастар көзімен

• Өнер әлеміндегі адам

• Әлеуметтік кеңістіктегі коммуникациялық технологиялар

• Қазіргі өнер ғылымы

Конференцияда студенттердің ғылыми мақалалары тыңдалып, ең үздік жұмыстар   1, 2, 3 орындар бойынша марапатталды, сонымен қатар, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Конференцияда қаралған материалдар жинақ болып жарық көрді.


1 кнк ж.jpg

2 кнк ж.jpg

3 кнк ж.jpg

вернуться в альбомы