8 қараша күні «Өнер» мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес мәжілісі өтеді

2018 жылдың 8 қараша күні сағат 10.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Конференция залында ҚР БжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Оқу-әдістемелік бірлестігі (ОӘБ) «Өнер» тобының «Музыкатану», «Аспаптық орындаушылық», «Вокалдық өнер», «Дәстүрлі музыкалық өнер», «Дирижерлеу» және «Арт-менеджмент» мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес (РОӘК) мәжілісі өтеді.

Мәжіліс барысында Білім беру үрдісін жаңғырту жағдайындағы шығармашылық жоғары оқу орындарының маңызы, бітірушілерді жұмысқа орналастырудың заманауи тәсілдері, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырудағы мәселелер және оны шешу жолдары, музыкалық өнер саласында заманауи білім берудің өзекті мәселелері қаралады деп жоспарлануда.

Кеңес құрамында 41 адам болса, консерватория бойынша 20 профессор, оқытушы, өзге 9 жоғары оқу орнынан 17 мүше, жұмыс беруші ұйымдардан 4 өкіл қатысады. Атап айтқанда А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен, Қазақ ұлттық өнер университетінен, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінен профессор, оқытушылар қатыспақ. Сонымен қатар жұмыс беруші ұйымдар мен мекемелерден: Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясынан, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрынан, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінен, К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебінен өкілдер келмек.

вернуться в альбомы