афиша

Консерватория жаңалықтар

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік наградаларды тапсырды
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік наградаларды тапсырды
Бүгін 15 желтоқсан Егемен еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Президент жарлығы бойынша Елордамыздың 20 жылдығы аясында мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мәдениет саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды. Марапат соңы консерватория студенттері мен оқытушылардың қатысуымен ұйымдастырылған концертке ұласты.
15 желтоқсан 2018
«Өнер» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісі өтті
«Өнер» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісі өтті
11 желтоқсан күні Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевтың қатысуымен «Өнер» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісі өтті. Шаңырақ иесі Асхат Мақсымұлы ашып берген жиынға ОӘБ-не қатысушы жоғары оқу орындары мен басқа да ұжымдардың өкілдері қатысты.
12 желтоқсан 2018
Төлеген Момбековтың 100 жылдығына орай күйшілер байқауы өтті
Төлеген Момбековтың 100 жылдығына орай күйшілер байқауы өтті
2018 жылы 6 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Халық музыкасы» факультеті «Домбыра» кафедрасының ұйымдастыруымен күй өнерінің классигі, Қаратау өңірі күйшілік мектебінің көрнекті өкілі, күйші-композитор Төлеген Момбековтың 100 жылдығына орай күйшілер байқауы өтті. Төлеген атамыздың ұлы Қайрат ағамыздың қатысумен консерваторияның камералық залында өткен күйшіні еске алу кешінде қасиетті Қаратау өңірі Созақ жерінде ғұмыр кешкен күйші ата жайлы тұшымды естеліктер айтылып, байқаудың жеңімпаздары жарияланып, жүлделер табысталды.
10 желтоқсан 2018
«Халық музыкасы» факультетінің магистранты Әбілқайырхан Бейсековтың жеке концерті өтті
«Халық музыкасы» факультетінің магистранты Әбілқайырхан Бейсековтың жеке концерті өтті
7 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты, «Халық музыкасы» факультетінің магистранты,  доцент Зәмзәгүл Ізмұратованың шәкірті Әбілқайырхан Бейсековтың жеке концерті өтті. Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің қатысуымен өткен концертте кеш қонағы ретінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Жалғасбек Бегендіков сахнаға шықты.
10 желтоқсан 2018
«Алтын Арт» композиторлар байқауының жеңімпаздары анықталды
«Алтын Арт» композиторлар байқауының жеңімпаздары анықталды
2018 жылдың 7 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Алтын Арт» композиторларының байқауы аясында «Композитор - Орындаушы - Тыңдаушы: Үшбірліктің бүгінгі күні» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырыс бүкіл Қазақстаннан 40-тан астам шығарма қатысқан композиторлар байқауының жеңімпаздарын жариялаумен басталды. Бұл байқау «Арт-Мирай» жеке қорының қолдауымен өткізілді, оның төрағасы және ұйымдастырушысы - Әсель Имае, консерваторияның түлегі. Қазылар алқасына Қазақстан Композиторлар Одағының төрайымы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Б.Қ.Қыдырбек басшылық етті.
10 желтоқсан 2018
Тұңғыш Президент Қорының студенттік стипендиясына арналған жыл сайынғы республикалық конкурстың қорытындысы шығарылды
Тұңғыш Президент Қорының студенттік стипендиясына арналған жыл сайынғы республикалық конкурстың қорытындысы шығарылды
2018 жылы 22 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Қорының студенттік стипендиясына арналған жыл сайынғы республикалық конкурстың қорытындысы шығарылды.
Үздік оқу үшін Қазақстандағы ең  мықты 80 студент ай сайын қордың жеке стипендиясын алады. Стипендиаттар XII халықаралық ғылыми конференцияның ашылуында марапатталды. Студенттік стипендияларды салтанатты түрде ұсыну «Тұран» университетінде өтті.

Әрқайсысы өздерінің жетістіктерімен және болашақ мақсаттарымен бөлісіп, шығармашылық және ғылыми жастарды  қолдаған үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Елбасы Қорына алғыс білдірді.


Жоғарғы оқу орындарының студенттері мен өнер колледждерінің студенттері Тұңғыш Президент Қорының құрметіне ие болғанға дейін елеулі конкурстық іріктеуден өтті. Еліміздегі ең мықты 80 студенттің ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері бар. Олар: Ишмухамедов Ерсұлтан (Музыкалық білім және басқару факультеті), Байбосын Айдос (аспаптық өнер факультеті), Амангелді Айтолқын (халық музыка факультеті) және Абдуахап Сымбат (халық музыкасы факультеті).

Байқауға барлығы 500 өтінім келіп түсті. Студенттер еліміздің түрлі аймақтарынан: Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Шымкент, Өскемен, Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз, Орал, Түркістан, Қарағанды қалаларынан 40-тан астам жоғары оқу орындарын таныстырды.
Қатысушылар белсенді академиялық көрсеткіштергеғана  ие емес, сонымен қатар оқу орындарының ғылыми және шығармашылық өміріне белсене араласуда.

Жүргізушілер КВН-ның жоғары лигасының жеңімпаздары - Қазақстан құрамасының бірінші командасы болып табылатын танымал «Спарта Номад» тобының тұрғындары болды.
Қазақстан Республикасының талантты жастарына қолдау көрсету және жоғары сапалы ғылыми іс-шараларды жүзеге асырғаны үшін,  Қордың ғылым жөніндегі кеңесі жобасының үйлестірушісі Роза Едігеева ханымды ТАРГУ ректоры атынан М.Х. Дулати  төсбелгі және алғыс хатпен марапаттады.
10 желтоқсан 2018
Гүлжан Үзенбаевамен шығармашылық кездесу
Гүлжан Үзенбаевамен шығармашылық кездесу
2018 жылдын 28-ші Қарашасында Кұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық Консерваториясының конференц-залында фортепиано кафедрасының доценті, композитор және ұстаз Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлжан Үзенбаевамен шығармашылық кездесу өтті. Бұл іс-шараға музыкатану және композиция кафедрасының оқытушысы Газизова Лилия Шамильевнаның жетекшілігімен фортепиано бөлімінің 3-курс студенттері жүгіндірілді.
29 қараша 2018
Дөңгелек үстелге шақырамыз!
Дөңгелек үстелге шақырамыз!
7 желтоқсанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Арт-Мираи» жеке қоры бастамашылық ететін «Алтын өнер» байқауының аясында «Композитор-орындаушы-тыңдаушы: бүгінгі үштаған» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Дөңгелек үстел «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілмек.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - Қазақстандағы композиторлық өнерді дамытуға, талантты композиторлар мен шығармашыл тұлғалардың шығармашылықтарын насихаттаудың жаңа әдістерін іздестіруге, олардың Қазақстандағы композиторлық өнерді дамытуға қосқан үлесін тануға және жасаған жұмыстарына көпшілік назарын аударуға байланысты өзекті мәселелерді талқылау.
5 желтоқсан 2018
2018 жылы 6 қарашада Төлеген Момбековтың 100 жылдығына орай күйшілер байқауы өтпек
2018 жылы 6 қарашада Төлеген Момбековтың 100 жылдығына орай күйшілер байқауы өтпек
2018 жылы 6 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Халық музыкасы» факультеті «Домбыра» кафедрасының ұйымдастыруымен күй өнерінің классигі, Қаратау өңірі күйшілік мектебінің көрнекті өкілі, күйші-композитор Төлеген Момбековтың 100 жылдығына орай күйшілер байқауы өтпек. Консерваторияның камералық залында өтетін Төлеген атамызды еске алу күй кешінде байқаудың жеңімпаздары жарияланып, жүлделер табысталады.
Байқаудың өтетін орны мен уақыты:
Тәттімбет шертпе күй класы, 102 аудитория, сағат 11.00;
Күй кешінің өтетін орны мен уақыты:
А.Жұбанов атындағы кіші зал, сағат 17.00;

3 желтоқсан 2018